Тәрбие сағаты Жаяу жүргіншілер

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тәрбие сағатының тақырыбы: Жаяу жүргінші әліппесімен
Мақсаты: Оқушыларды жол ережесін білуге үйрету. Бағдаршам белгілері бойынша білетіндерін дамыту. Жол ережесін сақтауға, жарақат алған адамдарға көмек көрсетуге, әрдайым сақ болуға, абай болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері.
Әдісі: Ойын жарыс түрінде өтеді. Балаларға тест таратылады, сұрақтарға жауап бере отырып «Жаяу жүргінші әліппесімен» танысады.
Барысы:
Мұғалім: Балалар, егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе әрқашан жолда жүру ережесіне сақ болыңдар. Демек жаяу жүргіншілерге қойылатын талаптарды бұлжытпай орындаңдар.
«Жаяу жүргінші әліппесі»
1.Жаяу жүргінші- бұл:
а.Жолда жұмыс істеп жатқан адам.
б.Тротуармен жүріп келе жатқан адам.

2.Қай жағдай жол апатына әкеліп соғуы мүмкін?
а.Жолда ойнау.
б.Машина жүретін жермен жүру.

3.Жаяу жүргіншілер колоннасы жолда қалай жүру керек?
а. Келе жатқан транспортқа қарсы жолдың сол жағымен.
б. Келе жатқан транспорт бағытымен, жолдың оң жағымен.

4.Шананы, шаңғыны қай жерде тебуге болады?
а. Жаяу жүргіншілерге арналған жолда.
б.Парк, стадион, жолға шығып кетпейтіндей жерлерде.

5.Тротуар дегеніміз не?
а. Көлік жүретін жол.
б.Велосипед жүретін жол.
в.Жаяу жүргіншілер жолы.

6.Тротуар шетімен жүрген қауіпті ма?
а.Қауіпті емес, себебі тротуар жаяу жүретін жол.
б.Қауіпті емес, себебі көлік тротуарға жақын жүрмейді.
в.Қауіпті, себебі тротуарға жақын келе жатқан машина сүйкеп өтуі мүмкін.

Жұмбақтар
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім
Тапшы мұны мысығым. (Жол)

2.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)

3.Екі ағасы қашады,
Екеуі қуады.Бұл не? (машина дөңгелектері)

4.Бұйырмапты бас та, ауыз, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақта. (бағдаршам)

Автомульти
Ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлерінің мінген көліктерін еске түсірейік.
1.Үйдің төбесінде өмір сүрген Карлсон өзінің моторын немен майлады ?
(варенье)
2.Пошташы Печкинге дядя Федяның ата-анасы нендей сыйлық сыйлады? (Велосипед)
3.Ертөстіктің жанындай жақсы көрген көлігі? (Шалқұйрық)
4.Ертөстікті жер асты хандығынан жер бетіне шығарған не? (Қарақұс)
5.Жалмауыз кемпір көлігі?(келі, сыпырғыш)
6.Мысық Леопольдтің сүйікті көлігі? (велосипед)
7.Өтірік өлеңде Тазша бала көшкен көлік? (инелік)
8.Тазша бала қоянды нендей көлікпен қуып жетіп алады? (ақсақ қоңыз)

Сөйлейтін белгілер
1.Жол белгілері нешеге бөлінеді? (7)

2.Негізгілерінің аттарын ата
1.ескерту белгілері.
2.басымдылық белгілері.

3.тыйым салу белгілері.
4.нұсқау белгілері.
3.Ескерту белгілерінің белгіленуі. (қызыл жиекті, ақ түсті үшбұрыш).
4. Басымдылық белгілері:( үшбұрыш, ромб, квадрат, дөңгелек,
алтыбұрыш).
5.Тыйым салу белгілері.(шеті қызылмен жиектелген қызыл, ақ, көк дөңгелектер)
6.Нұсқау белгілері. (көгілдір түсті дөңгелектер)

Қорытынды: Бүгінгі сабағымыздан не үйрендік?
Ия, дұрыс балалар, жаяулар жүретін жол туралы көп балалар біле бермейді, бірақ біз енді білеміз және ұмытпайтындарыңа сенеміз. Жолда жүру ережесін білу әр адамға міндет пен талап.

© 2010-2022