САБАҚ ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


Айгүл Қанафина


Тура және кері сандарды пысықтау, есту барысында сандарды айыра білуге жаттықтыру мақсатында өткен сабақта оқушылар заттардың нысанына қарай парықтай білуін дамыту және геометриялық кескіндерден ойыншықтардың пішінін (модельдерін) құрастыруға үйрету көзделді. Көрнекілік: үлкен сандар белгіленген текшелер, сандар, геометриялық, кескіндер бар суреттер. Үлестірілген материал: әр балаға сандар, түрлі-тусті геометриялық кескіндер, желім, қылқалам. Техникалық құрал: үнтаспа. Сабақ барысы: - Балалар, берілген тапсырманы аяғына дейін тиянақты орындайтын, көп білгісі келетін балаларды қандай балалар деп атаймыз?

  • Білгіш, тапқыр...
  • Иә, дұрыс айтасындар. Мұндай балаларды ақылды балалар дейміз. Ал енді біздің арамыздан осындай ақылды, тапқырлар ма екен?
  • Иә.
Олай болса біз «Кім көп біледі?» деген бір ойын ойнайық. Осы ойында өзіміздің білімімізді көрсетейік. Ойынның шарты мынандай. Мына жерге әрқайсыңа арнап қолымдағы жолақшаларды, төртбұрыштарды қойып шығамын. Сендерге бес сұрақ қоямын. Әр сұраққа жауап берген бір бала бір қадам алға аттайды. Ал жауап бермеген сол орнында тұра береді. Барлық сұраққа жауап берген бала «ақылды бала» деп аталады. Ойын шарты түсінікті болса, бастайық. 1-сұрақ: Бір ата мен әженің 5 баласы, 3 ешкісі, 5 қойы, 2 түйесі бар. Олардың неше баласы бар?
  • 5 баласы бар.
2-сұрақ: 5 ғарышкердің 3-еуі ұшып кетті. Неше машина, неше ғарышкер қалды?
  • 5>2
  • Дұрыс, жарайсыңдар
3-сұрақ: Қазда бар екі аяқ, Құста бар екі аяқ. Екеуін қосып санайық, Болады сонда қанша аяқ. (төрт аяқ) Ал төртінші сұрағым мынандай: Сағаттың тілін көрсету бойынша уақытты бағдарлау. 5-сұрақ: Туысқан бес кісі, Бірінен-бірі кіші. Бәрінің аты бар, Ең кішісі - шеткісі (бес саусақ) Жеңімпазға «Ақылды балаға» деген әсем белгі берілді. Санамақ. Мен қазір сендерге сандар беремін. Бұл сандар «Өз санынды тап» ойынына қажет. Ойын сендерден зейінділікті, тапқырлықты талап етеді. Қазыір музыка ойнағанда бәріміз ойын алаңына шығып, билеп, ойнаймыз. Музыка тоқтағанда әркім өз қолындағысанды тауып отыра қалу керек. Ойын 2-3 рет қайталанады.
  • Жарайсындар. Кәнеки, балалар, кім тура, кері санай біледі? Ауызша сұрау. Сонан соң жерге қиылған сандарды шашып жіберіп тура және кері санату.
  • Иә, жақсы.
  • Енді, мен қолымды шапалақтап соғамын. Сендер дыбыс арқылы неше рет соғылғанын атап беріндер.
  • Өте жақсы.
  • Ал санамақтыкім айтып береді.
  • Қара мына қызықты
Косеуге мені ұқсатты. Жеті болам бір тартсаң Бел ортамнан сызықты Он ойланып, Тоғыз толғанып, Сегіз рет сызып, Жеті рет санап, Алты рет қарап, Бес түйме қадап... Төрт қайта қарап, Үш үкі тағып, Екі көзім талып, Бір бөрік тіктім. (Кері санамақ).
  • Жарайсыңдар. Енді ілулі тұрған суретке назар аударайықшы. Нені көріп отырсындар?
  • Үй.
  • Дұрыс. Үй қандай геометриялық кескіндерден құралған. Үш бұрыш, төрт бұрыш, тік төртбұрыш,
Жапсыру арқылы геометриялық кескіндермен ойыншықтардың пішінін құрастырып жапсыру. Ұжымдық жұмыс. Балалар жұмысына талдау жасап, мақтап мадақтау. Қорытынды.


© 2010-2022