Математика 2-сынып. Тақырыбы: Құрама есептерді шығару

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып математика.

Сабақтың тақырыбы: Құрама есептерді шығару

Сабақтың мақсаты:

1. Екі амалмен шығарылатын есептерді талдау, шығара білу дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқушылардың логикалық, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: үлестірмелі карточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: екі амалмен шығарылатын есептерді талдау, шығара білу дағдыларын қалыптастыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптарды қайталау.

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Білімдерін дамыту.

1. «Математикалық баспалдақ» ойын-жарысы.

Мұғалім тапсырмаларды баспалдақ түрінде жазады.

2. «Плюс және минус» математикалық диктанты. Мұғалім тапсырманы оқиды:

- Кәмила кітап оқыды. 10 бетін оқығаннан кейін, оқылмаған 2 беті қалды. Барлығы неше бет оқу керек?

- Күбіде 10 литр қымыз бар. Осындай екі күбіде неше литр қымыз болады?

- Қараөрік пен алмүрт екеуі бірге 16 кг тартады. Қараөріктің массасы 6 кг. Алмұрттың массасы неше килограмға тең?

Қыз баланың бірнеше төсбелгісі болды. 3 төсбелгісін сыйлаганда, өзінде 5 төсбелгі қалды. Қыз балада неше төсбелгі болды?

- Жүйекте 9 асқабақ, 2 кәді бар. Асқабақ кәдіге қарағанда қанша артық?

Сұйық тамақ үшін 2 пияз, 6 картоп алынды. Пияз картопқа қарағанда нешеуі кем алынды?

- Банкаға 10 стақан су сыяды. Қазір онда 7 стақан су бар. Тағы неше стақан су құюға болады?

- Орман алаңқайында 7 көжек, одан 3-еуі кем тиін жүр. Алаңқайда неше тиін жүр?

ІҮ. Тақырыпты түсіндіру.

Ауызша есептеуге оқулықтағы 1-тапсырманы беруге болады.

Оқулықпен жұмыс.

2-тапсырманы орындау кезінде есепке өрнек таңдау ғана маңызды емес, өз таңдауларын түсіндіре алуы керек. Есептің бір нұсқасы ретінде әр өрнекке сәйкес келетіндей оқушыларға есептің шартын өзгертуді ұсынуға болады. Содан соң есептің қысқаша жазылуын орындап, оны шығарады.

3, 4-тапсырмаларда жай және құрама есептерді, олардың жазылуындағы және шығарылуындағы тәсілдерді салыстырады.

Оқушылар периметрді анықтауды .

Ү. Сабақты бекіту.

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.

6-тапсырманы ұжым болып орындауға немесе өз беттерінше орындауға тапсыруға болады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, Не білдік? Не үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

77-бет. №5 Көпбұрыштардың периметрін тап.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау. Оқушылардың бағаларын күнделік пен журналға қойып шығу.



© 2010-2022