Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары Үй жануарлары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 11.09.15

Пәні: сауат ашу

С абақтың тақырыбы: Үй жануарлары. Дыбыстық талдау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Үй жануарлары туралы түсінік беру, үй жануарларының төлдерінің атын атай білуге үйрету. Үй жануарларының аттарын және олардың беретін пайдасы туралы білімдерін бекіту.

  2. Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру.

  3. Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: құстар, үй құстары

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі 1. Амандасу

2. Балаларды түгендеу

Психологиялық дайындық. Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң балалар
Қайырлы таң апайла

Жаңа сабақ. Балаларға үй жануарлары туралы жұмбақ жасырады. Үй жануарларының суретін көрсете отырып, үй жануарлары және олардың төлдерімен танытырады.

Жұмбақтар.

  1. Кішкене ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар. /Қой/

  1. Екі найзасы бар

Екі айнасы бар

  1. Төрт сылдырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар. /Сиыр/

  1. Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Адам емес бірақ

Иегінде сақалы бар. /Ешкі/

  1. Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар. /Түйе/

  1. Өзі сұлу, өзі жүйрік

Жарысады желменен. /Жылқы/

(Балалар суреттегі қой, сиыр,ешкі, түйе, жылқыны көрсетіп олардың ерекшелігі мен пайдасы жайында айтады,

жұмбақтың шешімін тауып, сұрақтарға жауап береді.)

Сергіту сәті.

-Балалар, бұлар - үй жануарлары.

Жылқы - тақ тұяқтылардың тұқымдасы. Жылқыны жүк тасуға, көлік, спорттық ойындарға пайдаланады.

Жылқының азығы - сұлы, арпа, астық тұқымдас шөп.

Жылқы етінің пайдасы зор.

Оның сүтінен дайындалған қымыздың емдік және тағамдық қасиеті күшті.

Жылқыны қалай шақырамыз?

(«Құра-құра» деп шақырамыз.)

Жылқы қалай дыбыстайды. («Ио-ио»)

Түйе - аша тұяқтыларға жатады. Түйенің екі түрі бар: Сыңар өркеш түйе және айыр өркеш түйе.

Түйе жайылым малы.

Түйенің сүті, еті, жүні пайдалы. Сүтінен шұбат, май дайындалады.

Түйені қалай шақырамыз?

(«Көс-көс» деп шақырамыз.)

Түйе қалай дыбыстайды?

(«Бө-бө-ө»)

Сиыр - ол бізге сүт береді, сүтінен май, айран, құрт жасалады. Еті тамақ болады. Сиыр құнарлы шөп жеп, су ішеді.

Сиырды қалай шақырамыз?

(«Аухау-аухау») деп шақырамыз.

Сиыр қалай мөңірейді? («Мө-ө-ө»)

Дәптермен жұмыс. 5-ші бетінде берілген жазу үлгілерін жаздырту.

Сергіту сәті

Оқулықпен жұмыс. - Балалар оқулыққа қарайықшы бәріміз не көріп тұрмыз. Ал ендеше осы сөздерге дыбыстық талдау жасап көрейік. Бірінші сөз неше дыбыстан құралған?

  • Дұрыс үш дыбыстан. Қандай?

  • Бірінші дыбыс-дауыссыз дыбыс, екінші дыбыс-дауысты дыбыс, үшінші дыбыс-дауыссыз дыбыс.

  • Ал дауысты дыбыс қандай белгімен берілген?

  • Дұрыс балалар қызыл дөңгелекшемен.

Сабақты қорытындылау.

© 2010-2022