Сөздердің байланысу түрлерін қайталау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөздердің байланысу түрлерін қайталау

Дюсембаева Айкүміс Балтабайқызы

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№15 орта мектебі - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

7-сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы - Сөздердің байланысу түрлерін қайталау

Сабақтың мақсаты :

  1. Білімділік . Сөз тіркесінің байланысу түрінен оқушылардың алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту;

  1. Дамытушылық. Сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыстар жүргізу,сөз тіркестері туралы білімдерін дамыту;

  2. Тәрбиелік. Мысалдар арқылы адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке,бауырмалдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,оқу,талдау,сын тұрғысынан ойлау, жаттығу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақ көрнекілігі:Сөз тіркесіне арналған кесте,таблица,сурет,тест тапсырмалары

Пәнаралық байланыс :тарих, бейнелеу,қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:1)Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу,сабақтың мақсатын хабарлау,оқушыларды топқа бөліп,бір-бірінің жауабын тыңдауды,бағалауды ескерту.Қызығылушығын ояту.

"Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар "атты сайыс сабағымызды бастаймыз.

"Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар".Қазақты әлемге танытқан ұлы жазушгы Мұхтар Әуезов былай деген екен: "Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім".

Олай болса,оқушылар білімдеріңді көрсетіңдер.Білім додасына "Мұрагер","Шаңырақ" топтары шығып отыр.

Интеллектуалды марафон

I кезең "Зымыран сұрақтар"

II кезең "Ғажайып алаң"

III кезең "Жас лингвистер"

IV кезең "Грамматикалық минут"

V кезең "Саялы бәйтерек аясында"

VI кезең "Сиқырлы қоржын"

I кезең "Зымыран сұрақтар"

1.Тіл білімінің салаларын ата.

2."Синтаксис" деген термин қай халықтың сөзі,қазақша мағынасы

3.Синтаксис ғылымы нені зерттейді?

4.Сөз тіркесі дегеніміз не?

5.Сөз тіркесінің айрықша бергілері

6.Есімді,етістікті тіркес

7."Окоп үстіндегі айқас" кімнің шығармасы ?

8.Әдеби тіл дегеніміз не?

9.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

10.Етістіктің шақтары

11.Етістіктің рай категориясы

12.Есімше,көсемше жұрнақтары

13.Жуанқұл бейнесі қай шығармада сомдалған?

14.Грамматика дегеніміз не?

15.Жалғау және оның түрлері

II кезең."Ғажайып алаң" топтастыру стратегиясы

Қиысу Жанасу

Сөздердің байланысу түрлері

Матасу Қабысу

Меңгеру

Мысалдар

Қиысу

Матасу

Меңгеру

Қабысу

Жанасу

1

Халықтың еңбегі

+

2

Алғашқы ойлар

+

3

Уақыттан озған

+

4

Сендер сөйлеңдер

+

5

Былтыр тапсырды

+

6

Екі дос

+

7

Алма ағашы

+

8

Достық парыз

+

9

Көзін жұму

+

10

Әрең сөйледі!

+

11

Халық қаһарманы

+

12

Күнмен шағылысқан

+

13

Таудай талап

+

14

Біз саламыз

+

15

Жылдам келді!

+

III кезең."Жас лингвисттер".(шығармашылық тапсырмалар)

Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып,"Ата-ана " тақырыбына шағын шығарма жазу. (менің ата-анам,өмір сыйлаған ,шыншыл бол,ата-ананың рұқсатынсыз,ақыл-кеңес,қадірлеу,еңбексүйгіш,адал,қайырымды,оқу озаты,әдепті болу)

IV кезең "Грамматикалық минут".Сөйлемнен сөз тіркестерін табу

Еңбексіз адам бақытты өмір сүре алмайды,Құрмаш бұл өзге көнбеді!

V кезең "Саялы бәйтерек аясында" . Менің айтайын дегенім...

-Балалар негізгі ойын түрлері ойналып болып,саялы бәйтерек аясында дамылдарда кез келді.Бәйтеректің де бізге қояр сұрақтары бар екен.

Байшынар енді боранды,желді күндері күңіренеді.Байшынардың сансыз бұтақтары баяғыдай маңырап,шулап жатады. Баяғы балта шапқан жара сықырлайды.Байшынар неге күңіренеді?

VI кезең "Сиқырлы қоржын" ойыны.Тест тапсырмалары

Қымыз,шұбат сөздері шығады.

Қымыз,шұбат- қазақ халқының ұлттық сусындары.Қымыз биенің сүтінен ашытып жасалады;оның емдік қасиеті күшті!Шұбат-түйе сүтінен ашытылады,емдік қасиеттері мол.

Оқушыларды "Айналайын" сөзімен бағалау.

Үйге тапсырма:"Наурыз -қазақ халқыны төл мерекесі" тақырыбына шағын шығарма жазу



© 2010-2022