Дүниетану пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Үй жануарларының қысқы тіршілігі /1-сынып/

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Үй жануарларының қысқы тіршілігі»

Сабақтың мақсаты: а/ Оқушыларға қысқы табиғаттың өзгеруіне байланысты үй жануарларының

тіршілігіндегі өзгерістер жайында түсінік беру;

ә/ Өлі табиғатпен тірі табиғаттың байланысын түсіндіру арқылы

оқушылардың дүниетанымын дамыту;

б/ Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, аңдардың суреттері, үй жануарларының суреттері, үй жануарларының күтіміне байланысты суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі бізге қонақтар келіп отыр, қонақтарға амандаса отырып, бір-бірімізге жарқын жүзбен қарап, тілек білдірейік.

ІІ.Ойқозғау.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыстың қазір қай айы?

- Қыс туралы кім әңгімелеп береді?

- Балалар, табиғат нешеге бөлінеді?

- Тірі табиғатқа нелер жатады?

- Біз жабайы жануарлар туралы оқыдық па? Жабайы жануарларды атаңдаршы?

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

-Неге жабайы жануарлар дейміз?

- Ия, біз өткен сабақтарда сол жануарлардың қысқы тіршілігін оқыдық, кім айтып береді?

- Ал, өткен сабақта «Іздер» деген мәтінді үйден оқып, түсінгендерінді айтуға берілді, кім айтады?

- Мына әр аңның ізін қарайық, неге аңдар ізін жасырады?

/ Оқушылардан сабақ сұрау, слайдтан көрсету/.

IV. Жаңа сабақ

  • Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар.

  • Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Үй жануарлары.

/Слайдтан көрсетіледі./

  • Неге үй жануарлары дейміз? Өйткені, оларды адамдар бағып, күтеді. Адамдарға өте көп пайда келтіреді. Түйе, жылқы қой, ешкі сүт береді. Түйе, қой, ешкінің жүнінен жылы киімдер дйындайды. Үй жануарларының сүтінен қымыз, шұбат, айран, қаймақ, ірімшік, май алады. Ит үйді, ауланы күзетеді. Мысық зиянды тышқандарды ұстайды.

Енді адамдар үй жануарларының қысқы тамағын жазда бастайды.

Жаздай малдың шөбін шауып, күзде тасып алады. Малдардың арнайы қора жайлары болады.Қыс түскенде сол қора-жайға ұстайды. Оларға жем-шөп береді, суарады. Арнайы қораны тазалап тұрады. Ауа райы ашық, жылы күндері малдарды сыртқа шығарады.

  • Көктемде үй жануарлары төлдейді. Үй жануарларының төлдерін білеміз бе?

  • Жылқының төлі- құлын

  • Түйенің төлі- бота

  • Сиырыдың төлі-бұзау

  • Қойдың төлі- қозы

  • Ешкінің төлі - лақ

Сергіту сәті:

Оқулықпен жұмыс:

  1. Мәтінді оқу.

  2. Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

  3. Түсінгендерін сұрау.

Дәптермен жұмыс:

  1. Үй жануарларының төлдерін жазу.

  2. Балалар көршісінің жқмысымен алмастырып, жазған жұмыстарын бағалау. /қате жоқ -5, 1 қате-4, 2-3 қате -3/

V. Сабақты қорытындылау.

- Балалар, мына малдарды қора-жайға кіргізуіміз керек, ол үшін мына сүрақтарға жауап берулеріңіз керек, дұрыс жауап берсеңіздер жануарлар қораға кіреді.

1. Үй жануарларын ата?

2. Үй жануарларының төлдерін ата?

3. Адамдар үй жануарларын не үшін өсіреді?

4. Адамдар үй жануарларын қыста қалай күтеді?

5. Үй жануарлар туралы мақал-мәтелдер?

Ойын: «Жануарларды ажырату». Үй жануарларын атағанда орнынан тұрады, жабайы жануарларды атағанда отырады.

VI. Оқушыларды бағалау, мадақтау.

VII. Үйге тапсырма.

  • Үйге балалар, үй жануарларының төлдерінің аттарын пайдалана отырып, әңгіме жазып келу.

  • Сабақ аяқталды.





© 2010-2022