Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылар дауыссыз дыбыстар туралы түсінік алады. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйренеді. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік алады. ә) Оқу жылдамдықтары артады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Сөздік қорлары молаяды.
б) Әдемі жазуға тәрбиелеу. Малды сүюге, күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекі - құралдар: Мазмұнды сурет, сөзтізбек, тірек сызбалар, төрт түліктің пірлері, төрт түліктің суреті.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; Топқа бөлу, ассоциялық аймақ құру, кубизм әдісі, ой шақыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
«Көңіл ашар» жаттығуы.

Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, күн!
Қарады маған да. Сәлеметсіз бе, жер!
Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, сіз!
Қарады саған да. Сәлеметпіз біз.

Ой қозғау. Көрнекілікпен жұмыс
3) Сөздерге дыбыстық талдау жаса

Сыныпты топқа бөлу.
Түрлі - түсті қағазбен топтастыру.(қызыл, көк, жасыл)
1 - топ - «Дауыстылар», 2 - топ - «Дауыссыздар», 3 - топ -«Төрт түлік».
ІІ. Мағынаны ажырату.
Ой шақыру. Асосациялық аймақ құру.
Дыбыстар

Дауысты
Дауыссыз
Яғни, бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып, дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз.
Төрт түлік

Жылқы, түйе, сиыр, ешкі, қой

«Төлді қалай шақырады?» өлеңімен таныс боламыз.
Көрнекілікпен жұмыс
Мал аталарымен таныстырамын.

Қой атасы - Шопаната,
Жылқы атасы - Қамбарата,
Ешкі иесі - Сексеката,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Иесі - Зеңгібаба.
Дәптермен жұмыс.
Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу. Кіші топта орындап, үлкен топта оқиды.

Сергіту сәті.
Өлеңін жазған: Н. Әлімқұлов
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев

Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.


«Құлыншағым» өлеңін оқушыларға оқыту.
Топпен жұмыс.
Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру. Кіші топта орындап, үлкен топта оқиды.
Құлыншағым - құндызым
Құлдырайды, шабады.
Оқулықпен жұмыс.
«Төлді қалай шақырады?» Әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру. Әңгіме жүргізу. Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту.



ІІІ. Ой толғаныс.
Кубизм әдісімен.
1. Қозыны қалай шақырады? 2. Лақты қалай шақырады? 3. Құлынды қалай шақырады? 4. Бұзауды қалай шақырады? 5. Ботаны қалай шақырады? 6. Төрт түліктің иелерін ата.

2) Логикалық тапсырма
Бұлардың қайсысы артық? Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?
(Түйе, ешкі, сиыр, мысық, жылқы, ит, аю)
Не артық? Неліктен?
(Лақ, құлыншақ, қозы, бұзау, түлкішек)

Бағалау. Топпен жасаған жұмыстарына, жауаптарына қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма
Дауыссыз дыбыстарды жаттау. «Төлді қалай шақырады?» мәнерлеп оқу.

© 2010-2022