Модульдік оқыту технологиясы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп


Баяндама


Тақырыбы:

Модульдік оқыту технологиясы

Дайындаған:бастауыш сынып мұғалімі

Асанова А.С.

Модульдік оқыту технологиясы
Білім алу - адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан, адамның табиғи-генетикалық ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім беру парадигмасында білім алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән беріп отыр. Өйткені, әрекет дегеніміз-саналы мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы білім беруші мен білім алушының бірлескен іс-әрекеті болып табылады. Осыған орай оқытуды екі жақты әрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық қарым-қатынасқа құру мәселесі шешімін табуда. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі қызметкерлерін оқытудың ақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру ұйымдары іс - әрекетінің негізгі нәтижесі тек білім , іскерлік және дағды жүйесі ғана емес, керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық және басқа салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті - оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады. Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі - модульдік оқыту. Ал «модуль» дегеніміз - іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. Модуль - оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті. Оқу модулінің өзгешілігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі - бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:
1.Кіріспе 2.Сөйлесу 3.Қорытынды.
Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсеткен. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады. Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттеріментаныстырады. Сонан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылар бұл кезеңде бағдарламаның аталған тарауын неге және не үшін оқып үйренулері керектігін, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет. Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады. Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру. Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету. Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу Оқушының білім деңгейін дәл анықтау. Модульдік оқыту технологиясын сабақта қолдану- мемлекеттік тілді оқытуда сабақтың білім сапасын көтерудің факторы болып табылады. Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі. Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- тәрбиешінің даярлық жүйесі. Тәрбиеші бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.
Бұл технология
-баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:
-танымдық поцестерін дамытуға
- жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:
-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді. Бұл технологияның ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқу модулінің құрылымы кіріспеден, диалог (сөйлесу) және қорытынды бөлімнен тұрады.
Қорытынды Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі - оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология. Қорыта айтқанда, оқушыларға тілдік коммуникативтік білім беруде М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде өте жоғары деңгейде. М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады. Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
1. Уақыт үнемделеді. 2. Сабақтың сапасын көтереді. 3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады. 4. Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.
2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.
3.Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.
4.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 жыл.
5.Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы 2002 жыл.






























© 2010-2022