Презентация по казахскому языку Жақсы көрем 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жақсы көрем»



Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздерді табу ,кім? кімдер?не?нелер? сұрақтарына жауап беру, сұрақ қоя білу дағдысын жетілдіру.
Байланыстырып сөйлеуге,өз ойын жеткізуге, өзгені тыңдауға үйрену,тілін дамыту.
Үлкеннен үйренуге, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Керекті құрал: интербелсенді тақта.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жұптық жұмыс
Сабақтың жүрісі: I Ұйымдастыру

1.Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру
«Апама» өлеңін жаттау
Анаға арнап құттықтау сөз жазып келу.


«Ротация» әдісі
 Дыбыс түрлерін ата.
 Жуан дауыстыларды айт.
 Жіңішке дауыстыларды айт.
 Кім? Кімдер? сұрақтары кімдерге қойылады?
 Не? Нелер? сұрақтары нелерге қойылады?
 Кімдер? сұрағына мысалдар айт.
 Не? сұрағына мысалдар айт.
 Туыстықты білдіретін сөздерді айт.
 Кәсіп иесін білдіретін сөздерді айт.
 Көктемнің алғашқы гүлі
III. Жаңа сабақ:
1.Суретпен жұмыс: «Шеше көрген тон пішер» мақалының мағынасын түсіну.

Презентация по казахскому языку Жақсы көрем 1 класс


«Сиқырлы сұрақтар» әдісі: Суретте кімдер бейнеленген?
Оларға ат қойыңдар.
Әже не істеп отыр?
Айдана ше?
(Оқушылар қойылған сұрақтарды толықтырып жауап береді)

2. Оқулықпен жұмыс. 94-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.Мағынасын түсіну.
Жақсы көрем
Жақсы көрем апамды,
Жүрем ылғи бірге еріп.
Тауға мені апарды,
Талай қайттық гүл теріп.
Алтын апам ол менің,
Мені жақсы көреді.
Үйретеді өлеңін,
Ертегі айтып береді.
Бақыттылар,балалар,аналар деген сөздер қандай сұраққа жауап береді?
Оқушылар жекелеп, хормен оқиды.

3. Сергіту сәті: «Жақсы көрем» әнін хормен орындау.

Презентация по казахскому языку Жақсы көрем 1 класс


«Ана»-күн нұрындай жылы.
«Ана»-күн нұрындай мейірімді.
«Ана»-күн нұрындай ыстық.
«Ана»-күн нұрындай шуақты
4. Топтық жұмыс
«Жасырған затты тап» ойынын ойнау.
Шарты: жатығудағы түсіп қалған сөздерді тауып жазса, жасырынған заттың қиындылары құрала береді.Осылайша затты табуға болады.
5.

95-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырып оқып, көшіріп жазу.
Көктем туды. Жаңбыр жиі жауды. Балалар доп ойнады. Мал өріске шықты. Малшылар көктеуде отыр. Егіншілер егін екті.
2.Бірінші, екінші сөйлемде не туралы айтылған?
Кімдер? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу.
6. Жұптық жұмыс. 96-жаттығу Кім?Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ажырату.

Презентация по казахскому языку Жақсы көрем 1 класс



7. «Кім зерек?» ойыны:
• Көктемнің алғашқы мерекесі кімдерге арналған?
• Ең жақын адам
• Кім? Не? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?
• Көпше түрдегі сұрақтарды айт.
• Сөз қай кезде жуан айтылады?
• Сөз қай кезде жіңішке айтылады?

Рефлексия
"Екі жұлдыз, бір тілек"


Бағалау.жүрекшелер арқылы
Үйге тапсырма: 97-жаттығу. Ережелерді қайталау.

© 2010-2022