Тіл дамыту сабақтарында патриоттық тәрбиенің маңызы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі «№26 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі


Тіл дамыту сабақтарында патриоттық тәрбиенің маңызы.

(Тіл дамыту)

Төреханова Ж.Т









Өскемен қаласы

.

Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным».

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыға жас ерекшеліктеріне сәйкес Отан туралы түсініктерін кеңейту.

2) Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, ізденімпаздылыққа баулу.

3) Оқушыларды ұжымдаса, біріге жұмыс істеуге үйрете отырып, өз Отанын сүйюге, құрметтеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ой қозғау сабағы.

Көрнекілік: Теңгелер, портреттер, карта.

Технология: Сын тұрғысынан ойлау жобасы «ІІ топпен жұмыс»

Техникалық құралдар: Магнитофон, интерактивті тақта.

Тіл дамыту сабақтарында патриоттық тәрбиенің маңызы.

Сабақ барысы:


  1. Қызығушылықты ояту

    1. «Сарыарқа» күйін тыңдау.

- Қандай сезімде болдың?

- Көз алдыңа не елестеді?

(Туған жер, кең дала, аттың шабысы, той)

Осының барлығын бір сөзбен не деп атаймыз?

(Отан, Қазақстан)

Пәнаралық байланыс. Музыка.

  1. «Топтастыру» стратегиясы.

І топ интерактивті тақтада жұмыс жасайды.

Тіл дамыту сабақтарында патриоттық тәрбиенің маңызы.

ІІ топ плакатқа орындайды.

Тіл дамыту сабақтарында патриоттық тәрбиенің маңызы.

ІІ. Мағынаны ажырату

«ЖИГСО І» стратегиясы. Екі топқа мәтін таратылады.

І топ «Тордағы құс»

ІІ топ «Бір түп жусан»

Әр топ топ ішінде оқиды, талдайды. Спикер шығып қорғайды, интерактивті тақтада мәтіннің сюжеті шығып тұрады.

ІІІ. Ой толғаныс

«3 w» стратегиясы.

І топқа сұрақ қойылады.

  • Неге құс «Отан, Отан...» деп шырылдады?

  • Неге ол тікенді Отаным деп атайды?

  • Неге адам құсты аңдыды?

  • Шығыс Қазақстанда қандай құстар бар?

ІІ топтың сұрағы:

  • Неге анасы ұлына жусан салынған қобдишаны жіберді?

  • Неге жігіт тақ пен тәжді тастап кетті?

  • Шығыс Қазақстанның қай өңірлерінде жусан өседі?

Аймақтық компоненті бойынша Шығыс Қазақстанның құстары мен өсімдіктері.

Пәнаралық байланыс. Дүниетану.

Сергіту сәті.

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

«Түйінді сөз » стратегиясы. Әр топ мәтіндегі негізгі ойын, түйінін көрсету керек.

( Бір топ интерактивті тақтамен жұмыс жасайды.)

Тіл дамыту сабақтарында патриоттық тәрбиенің маңызы.

«Ойлан, құра».

І топ: «Отан оттан да ыстық».

ІІ топ: «Отан үшін отқа түс күймейсің»

Қима қағаздан мақал құралады. Дұрыс құралған мақалдың артында Қазақстанның, Өскеменнің контур картасы шығады.

І топқа сұрақ:

  • Қазақстанның жер көлемі қанша?

  • Карта бетіне Қазақстанның қалаларын орналастыр.

ІІ топ сұрақтары:

  • Өзіңнің туған қалаңды карта бетіне орналастыр.

  • Қазақстанмен шекараласатын мемлекеттерді ата.

«Жылдар сөйлейді».

(Интерактивті тақтада жылдар жазылады, сол жылдағы басты оқиғаны екі топ нақты көрсету керек.)


  • 1941-45 - Ұлы Отан соғысы

  • 1986 - 16 желотоқсан «Жастардың ұлт азаттық көтерілісі»

  • 1991 - Қазақстанның тәуелсіздік алуы.

  • 1993 - Қазақстанның тұңғыш ақшасы теңгенің шығуы.

  • 1997 - Елордасы Астанаға ауысты.

ІҮ. Үй тапсырмасын беру.

Р - ұрпағы

А - ата-баба

Ф - хат

Т - «Мен елімнің ертеңімін»

Бағалау, мадақтау.


© 2010-2022