5-6 жастағы балалардың ойын арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау қаласы, Дамбы селосы

Амангелді атындағы орта мектеп

Мектепалды даярлық тобы

Измуханова Гулнара Гизатоллаевна

Баяндама. Тақырыбы:5-6 жастағы балалардың ойын арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Кіріспе Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше деп ойлаймын. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше рөл атқарады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері де осы ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді де, іздемпаздық, тапқырлық әрекет пайда болады. Ойынның шартты түрде мақсаттары бар, ал мақсатқа жету үшін, жолындағы іс-әрекеттің бәрі бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік тәрбие, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Сондықтан педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші басты құбылыстың бірі деуге болады. Ойын арқылы бала өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, шапшаңдықты, іздемпаздықты үйренеді. Мектеп оқушыларына білім берумен қатар, сабақта ойын элементін пайдалану ұстаздар қауымының басты мақсаты десек қателеспейміз. Мақсатты жүзеге асыруда, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру үшін анықталатын міндеттерге басты назар аудару қажет. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Ойын барысында тәрбиенің барлық салалары қамтылып отырады. Ойын элементтерін сабақтың мазмұнына қарай, жыл мезгілдеріне қарай таңдап алуға болады. Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор ұлттық ойындардың берері көп. Өз сабағымда ойын элементтерін қалай пайдаланып жүргенімді айта кететін болсам, мысалы: сауат ашу сабағында «Затты сипатта», «Шатыспақ», «Аңдарға көмек» ойындарын көп пайдаланамын. «Затты сипатта» ойынының мақсаты балалардың затты көріп сипаттауы арқылы сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту. Ойынның барысына тоқталатын болсам, әртүрлі жемістер мен көкөністер салынған ыдыстан бала біреуін алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және атын атап, пішінін, түсін, дәмін тағы да басқа қасиеттерін айтады. Атын атап, буынға бөледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Өтілген әріптерді қайталап, пысықтау мақсатында «Шатыспақ» ойынының барысына тоқталсам, ретсіз қойылған әріптер арасынан сөз тауып, сол сөзді буынға, әр сөзге дыбыстық талдау жасатамын. (С, А, Н, О), (М, А, Л, А) бұл әріптерден балалар, «Алма», «Сона» сөздері шығатындай әріптерді ретімен қояды. Сонымен қатар математика сабағын ертегімен байланыстыра отырып, оқушыларды сол ертегі кейіпкерлерімен таныстыру мақсатында «Бауырсаққа көмек» деген тақырыпта сабағымды өткіздім. Сабағымды бастамас бұрын балалармен жылы амандасып алдым. Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз Ойнайық та күлейік. Достық деген тамаша, Міне, тұрмыз жараса. «Үй тапсырмасы» Сұрақ-жауап. 1. Қазір қай жыл мезгілі? 2. Басқа да қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? Деген сұрақ қою арқылы, жыл мезгілдерінің суретін көрсетіп, ретімен орналастыруын тапсырамын.





© 2010-2022