Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: Бақша

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлім: Қоршаған ортамен танысу. Тақырыбы: «Бақша» Мақсаты: Балаларда бақша туралы ұғым қалыптастыру. Көпке таралған көкөністерді тануды және атауды, көлемі бойынша іріктеуді үйрету. Балалардың жадын дамыту. Сөздік жұмыс: орамжапырақ, сәбіз, шалғам, кішкентай, үлкен, жүйек

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациалық- қозғаушылық

Жағдаят туғызады: көкөністерімен үлкен себет топтың ортасында тұр.

Топта көкөністер қалай пайда болғанына назар аудартады.

Балалар себетті көріп, оны қарауға қызығушылық және ниет білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалардан олардың не көргенін сұрау, балаларға жауаптарын айту.

Өлеңді оқу:

Біздің бақшамызда

сәбіз де, шалғам да,

орамжапырақ та өсті,

деп, Арман бөсті.

Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақ қояды.

Өлең жаттау.

Ойын жаттығуларын ұсынады:

«Міне олар қандай: кішкентай және үлкен»

Көкөністерді қалай өсіреді, жүйекті қалай жасайды?

Көкөністерді күтсе, олардың қалай үлкейгендігін көрсетеді.

Сұрақтарға жауап береді

(көкөністерді атау)

Өлең тыңдайды.

Мазмұны бойынша сұраққа жауап беру.

Өлең жаттайды.

Бақшадағы жұмысты еліктеп көрсетеді.

Сұрақтарға жауап береді.

Рефлексивті-түзетушілік

Қазылған жүйекте көкөністер шықты: міне олар қандай кішкентай және үлкен.

Жеке сөздерді қайталайды, көкөністерді атайды.



Қорытынды нәтиже: Нені білу керек: - бақша деген не; - көкөністерді қалай өсіреді; - көкеністердің атауы. Нені игереді: - еңбек дағдылары туралы түсінік. Нені біледі: - өлеңді жаттау және оқу; -іс-әрекет пен нәтиженің аралығы байланыстылығын түсіну (көкөністерді күту - жақсы түсім).



© 2010-2022