Жақсы көрем 94-97-жаттығулар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МЖақсы көрем 94-97- жаттығулараңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Ондаганова Жумагуль Амантаевна







Сабақтың тақырыбы: Жақсы көрем 94-97- жаттығулар

Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздерді табу ,кім? кімдер?не?нелер? сұрақтарына жауап беру, сұрақ қоя білу дағдысын жетілдіру.

Байланыстырып сөйлеуге,өз ойын жеткізуге, өзгені тыңдауға үйрену,тілін дамыту.

Үлкеннен үйренуге, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Керекті құрал: интербелсенді тақта.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың жүрісі: I Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.Құралдарын түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Апама» өлеңін жаттау

Анаға арнап құттықтау сөз жазып келу.

III. Өткен сабақтағы алған білімін еске түсіру.

«Көпір тапсырмасы»:

  • Дыбыс түрлерін ата.

  • Жуан дауыстыларды айт.

  • Жіңішке дауыстыларды айт.

  • Кім? Кімдер? сұрақтары кімдерге қойылады?

  • Не? Нелер? сұрақтары нелерге қойылады?

  • Кімдер? сұрағына мысалдар айт.

  • Не? сұрағына мысалдар айт.

  • Туыстықты білдіретін сөздерді айт.

  • Кәсіп иесін білдіретін сөздерді айт.

  • Көктемнің алғашқы гүлі

IV. Жаңа сабақ:

Суретпен жұмыс: «Шеше көрген тон пішер» мақалының мағынасын түсіну.

Жақсы көрем 94-97- жаттығулар

Сұрақтар : Суретте кімдер бейнеленген?

Оларға ат қойыңдар.

Әже не істеп отыр?

Айдана ше?

(Оқушылар қойылған сұрақтарды толықтырып жауап береді)

94-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.Мағынасын түсіну.

Жақсы көрем

Жақсы көрем апамды,

Жүрем ылғи бірге еріп.

Тауға мені апарды,

Талай қайттық гүл теріп.

Алтын апам ол менің,

Мені жақсы көреді.

Үйретеді өлеңін,

Ертегі айтып береді.

Бақыттылар,балалар,аналар деген сөздер қандай сұраққа жауап береді?

Оқушылар жекелеп, хормен оқиды.

Сергіту сәті: «Жақсы көрем» әнін хормен орындау.

Жақсы көрем 94-97- жаттығулар

«Ана»-күн нұрындай жылы.

«Ана»-күн нұрындай мейірімді.

«Ана»-күн нұрындай ыстық.

«Ана»-күн нұрындай шуақты

«Жасырған затты тап» ойынын ойнау.

Шарты: жатығудағы түсіп қалған сөздерді тауып жазса, жасырынған заттың қиындылары құрала береді.Осылайша затты табуға болады.

95-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырып оқып, көшіріп жазу.

Көктем туды. Жаңбыр жиі жауды. Балалар доп ойнады. Мал өріске шықты. Малшылар көктеуде отыр. Егіншілер егін екті.

2.Бірінші, екінші сөйлемде не туралы айтылған?

Кімдер? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу.

96-жаттығу Кім?Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді ажырату.

Cемантикалық картамен жұмыс

сөздер

кім?

кімдер?

не?

нелер?

жұмысшы

уыз

сүт

әже

ірімшік

инженер

мұғалім

арыстан

аналар

көліктер

гүл

аға

тырналар

Қорыту:«Ағаш отырғызу» ойыны:

  • Көктемнің алғашқы мерекесі кімдерге арналған?

  • Ең жақын адам

  • Кім? Не? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?

  • Көпше түрдегі сұрақтарды айт.

  • Сөз қай кезде жуан айтылады?

  • Сөз қай кезде жіңішке айтылады?

Рефлексия

Жақсы көрем 94-97- жаттығулар "Білім ағашы"

Жақсы көрем 94-97- жаттығуларбарлығы ұнады

Жақсы көрем 94-97- жаттығуларұнады,бәрі емес

ұнамады

Бағалау.Оқушыларды мадақтау.

Үйге тапсырма: 97-жаттығу. Ережелерді қайталау.





М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі

Жақсы көрем 94-97- жаттығулар

Тақырыбы: «Жақсы көрем»

1 «д» сыныбы

Дайындаған: Оңдағанова Ж.А.

05.03.2014


Ақшұқыр-2014 жыл


© 2010-2022