Ю дыбысы мен әріпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу сабағы
Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаттары:
1) Білімділік: Ю ю дыбысы мен әрпін таныстыру, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Ю дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2) Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, сауатты жазуға баулу.
3) Тәрбиелік: Әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Ю дыбысының баспа, жазба түрі, суреттер, дәптер, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

2. Психологиялық дайындық «Көңілді күн » биі

3.Қайталау - өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

-дыбыс пен әріптің айырмаш. неде?

-дыбыстан не құралады?

-сөзден не құралады?

-сөйлемнен не құралады?

4.Үй тапсырмасын сұрау.

А) 1 топ-«Сұр қоян»-жатқа айту. Қоян тур. не білесіңдер? 2 топ-«Ұя»-жатқа айту.Жыл құстары тур. не білесіңдер? 3 топ -кітаптан Я әрпі бар сөздерді оқу, бірнешеуімен сөйлем құру.

Б) суреттер тарату ,Я әрпі бар сөзді таңдап,

1 топ -сол сөзге дыбыстық талдау жасау 2 топ-сол сөзд. буынға бөлу 3 топ -сол сөзд.сөйлем құру


В) Үй тапсырмасын қорытындылау
-Я я қандай дыбыс?
- Я я дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
5.Жаңа сабақ. А) Жұмбақ жасыру
Тәтті көрсе бас салар
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар,
Кіп - кішкентай арадан (аю)

Б) -«Аю» сөзінде неше буын бар.
-Бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр? ( хормен айту)
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты
- Ю ю дыбысының баспа, жазба түрлерімен таныстыру
- Ю дыбысын айтқанда й - у қосарлы дыбысы естіледі, жазғанда ю болып жазылады.
Ю дыбысы өз алдында жеке буын жасай алады. Мысалы: а - ю, қо - ю, құ - ю

В) Аюды сипаттау. Аюдың суретін көрсету.
- Аю - қоңыр, ақ
-------аңғал
-------батыл
-------жылдам
-------жыртқыш

Жұмыстың осы түрін көрсете отырып, оқушылардың жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, табиғатқа қамқорлық жасауға, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Г) Оқулықпен жұмыс. 97 бет
Сурет бойынша әңгіме құрастыру

-Мынау не? Ою

-Оюды неден көруге болады?. Мағынасына тоқталу. Ою - ол................................................ (балалардың өз ойларын ортаға жасқанбай жеткізе білуге тәрбиелеу)

ОЮ түрлеріне тоқталу......................................................
Д) Сөздіктермен жұмыс. Буынға бөлгізіп айтқызу. 97 бет

- Аю, қою, құю, сүю, есею, азаю, ою, қию, түю, кию, үлкею, көбею.

Әр сөзде неше буын бар? Ю дыбысы нешінші буында?(Балалар қолдарын шапалақтай отырып, неше буын бар екенін ажыратады.)
Е)Сурет бойынша тақырыптық әңгіме өткізу.

-Суретте кімді,нені көрдіңдер?

-Олар не істеп отыр?
Ж) «Ою»мәтінін оқу

-Мәтінде не туралы айтылған?

-мәтінде неше сөйлем бар?

6. Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.


7.Дәптермен жұмыс. Әдемі, сауатты орындату Юю әрпін жазу.

8.Топпен жұмыс
1 топ: Ою туралы не айта аласың?

2 топ: Аю туралы не айта аласың?
3 топ: «Менің атам мен әжем»тақыр. Әңгіме құру.

9.Қорытынды.

-Бүгін сабақта қандай әріппен таныстық?

-Ю-қандай дыбыс?
10. Бағалау.
Үйге тапсырма: Ю дыбысы мен әрпі.97 бет.

«Жансугуров атындағы орта мектебі»КММ


Сауат ашу

Тақырыбы «Юю дыбысы мен әрпі»

Имамукаметова З.Ж.

© 2010-2022