Поурочный план на тему Жалпы және жалқы есім (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 3

Пәні: қазақ тілі

Мұғалім: Жылкайдарова М.Б

Тақырыбы: Жалпы есім және жалқы есім

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың зат есім жайлы алған білімдерін толықтыру, тиянақтау. Жалқы және жалпы есіммен таныстыру. Өз беттерінше жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылығы: мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорын, тіл байлығын, сауатты жазу арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбелілігі: оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, жылы сезімдер тудыру, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбелеу.

Типі: Жаңа материялды игеру

Түрі: Дәстүрлі

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, топтастасту,

Көрнекілігі: иллюстрация, демонстрация, кесте, үлестірмелі қима-қағаздар, суреттер, үнтаспа

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық


Үй тапсырмасын тексеру


Жаңа сабақ.

Қызығушылығын ояту.



Ережемен жұмыс:


Өлеңмен жұмыс:


Тақтамен жұмыс:



Дәптермен жұмыс:



Қорытындылау

Үйге тапсырма:

Бағалау

- Сәлеметсіңдер ме,балалар!

- Көңіл-күйлерің қалай?

- Олай болса, сабағымызды мына өлең жолдарын айтайық.

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
"5 "- ке қолды жеткізу!

-Жарайсыңдар,оқушылар.

-Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?

Үй тапсырмасын тексеру:

  • Жалқы есім ереже сурау

  • Жаттығуды тексеру

-Жарайсыңдар!

Кіріспе:

  1. Жұмбақпен жұмыс

  2. Ережемен жұмыс

  3. Өлеңмен жұмыс

  4. Тақтамен жұмыс

  5. Дәптермен жұмыс

Жұмбақпен жұмыс:

  • Балалар, қазір мен сендереге жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың жауабынан бүгінгі өтетін тақырыбымыз шығады.

  1. Ай далада ақ отау,

Аузы-мұрны жоқ отау. (жұмбақ)

  1. Алыстан қарасаң аппақ,

Дәмін татсақ тәтті-ақ. (қант)

  1. Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. (алма)

  1. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонын шешсе жылады. (пияз)

  1. Сырты қатты,

Өзі жасыл.

Іші тәтті,

Өзі қызыл. (қарбыз)

  • Міне, жұмбақты шешіп болдық, енді осы жұмбақтардың бір-екі әріптерінен алыптастастайық.

  • Сонда, бізде қандай сөз шықты?

  • Дұрыс айтасыңдар «Жалпы» деген сөз шықты.

  • Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

  • Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Жалпы есім» деп аталады.

Ережемен жұмыс:

  1. Өзім оқимын

  2. Бір балалаға оқытамын

  3. Іштей оқытамын

  4. Тізбектеп оқытамын

  5. Қатармен оқытамын

  6. Хормен оқытамын

  • Жалқы есімдерден басқа, зат есімдерді жалпы есім дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

Мысалы: өзен, көл, аққу, оқушылар, тау-тас

  • Енді, дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

  • Оқулықтың 124 бетіндегі 338-жаттығуға назар аударамыз.

Өлеңмен жұмыс:

  • Қазір, өлеңді дәптерімізге көшіріп жазамыз.

  • Жалқы есімдерді тауып, астын сызамыз.

Аққу, Көксу, Сарысу,

Бұл- сумен түстеп танысу.

Ырғыз, Торғай, Аягөз,

Сай-саланың бәрі су.

Есіліп Есіл ағады,

Жайылып Жайық барады.

Сылаң қақса Сыр сұлу,

Шу шулап отай салады.

  • Болдыңдар ма?

  • Жарайсыңдар!

Тақтамен жұмыс:

  • Енді барлығымыз тақтаға назар аударамыз!

  • Тақтада құстар берілген.Сол құстардың ішінде жалқы және жалпы есім сөздер берілген.

  • Енді, осы құстардың қайсысында жалпы есім бар, соларды өз ұяларына қондырамыз.

Жалқы есім: Баянуаыл, Жайық, Ақтөс, Абай.Тапсырманы түсіндіңдер ме?

Жалпы есім: елік, қоян, ақын, өзен, қала.



  • Жарайсыңдар!

  • Барлықтарың тапсырманы жақсы орындадыңдар!

Дәптермен жұмыс:

  • 125 беттегі 341- жаттығуды дәптерімізге орындаймыз.

Мәтіннен жалқы есімдерді бір бөлек, жалпы есімдерді бір бөлек теріп жазамыз.

Су- тіршіліктің көзі. Ауасыз тіршілік жоқ. Сондай-ақ сусыз да өмір сүру мүмкін емес.

Алматы қаласы сумен толық қамтамасыз етілген.Қала негізінен Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің суын пайдаланады.

Жалқы есім: Кіші және Үлкен Алматы, Алатау.

Жалпы есім: су, ауа,қала, өзен, мұздақ, бұлақ.Өзендер Алатау шыңдарындағы мұздақт ардан бастау алады. Бұл- тұщы сулардың сарқылмас бұлағы.



  • Жарайсыңдар!

  • Сұрақ-жауап:

  1. Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

  2. Қандай тапсырмалар орындадық?

Үйге тапсырам:

- Күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар!

1. 340-жаттығу 125 бет.

2. Ереже жаттау.

    Бағалау:

    -Бүгін сабаққа барлықтарың жақсы орындадыңдар! Барлықтарыңа «5»

    - Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!



    © 2010-2022