Тәрбие сағаты: Ана тілі-білімнің кілті

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№37 орта мектеп

Тәрбие сағаты: Ана тілі-білімнің кілті

(2-сыныптар)

Өткізгендер: Жансейтова Лаззат

Әбілдаева Жанар


2012 жыл

Ана тілі-білімнің кілті

Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін құрметтеуге баулу;

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар!

«Ана тілі-білімнің кілті» сайысына қош келдіңіздер!

«Ана тілім өркенде,

Бола бер күшті, көркем де,»-дей келе тіл мерекесі құтты болсын!

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды.

«Халық айтса, қалып айтпайды,»

Әрқашанда нанымды,-дей келе әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. «Тіл өнер» (мәнерлеп өлең оқу)

  3. «Ана тілі айнасы» (ана тілі пәні бойынша сұрақтар)

  4. Мақалды жалғастыр

  5. Сөз құрау (әріптерден сөз құрау)

  6. Сөздерді әріппен дыбыстату

1-кезең: Таныстыру

Кім білімді, өнерпаз, білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші

Әділқазылар алқасына тек әділдікті

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші-деп сайыскерлерімізді өздерін таныстыруға ортаға шақырамыз.

2-кезең: «Тіл өнер»

Тамаша өлең таңдайға татып балдай,

Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!

Жан дүниең жарқырап сала берер

Ағарып келе жатқан атып таңдай.

3-кезең: «Ана тілі айнасы»

Алуан-алуан ғасырдың

Шежіресі болған тіл,

Небір ұлы асылдың

Шын көңілі толған тіл,-келесі сайысымыз «Анна тілі айнасы» деп аталады. Бұл сайыста ана тілі пәні бойынша сұрақтар қойылады.

1-сұрақ:

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке. Деген өлең жолдарының авторы және тақырыбы.

Жауабы: Несіпбек Айтов. «Оқулық»

2-сұрақ:

Жүсіпбек Аймауытов кім? Қандай романдары бар?

Жауабы: атақты жазушы, «Қартқожа», «Ақбілек»

3-сұрақ:

Сапарғали Бегалиннің «Зеректік» әңгімесі кім жайлы?

Жауабы: Ш.Уәлиханов

4-сұрақ:

Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Ақылшым-мұғалім» өлеңін ұстаздар мерекесіне арнап жатқа айт.

5-сұрақ:

Бидай мен Қаңбақ авторы кім? әңгіме ма? мысал ма? өлең ба?

Жауабы: А.Тоқмағамбетов, мысал

6-сұрақ:

22-қыркүйек қандай мереке?

7-сұрақ:

Бес асыл іс

(талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

8-сұрақ:

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне!-кай өлеңнен үзінді.

(Ф.Оңғарсынова, Білім керек бәріне)

9-сұрақ:

Жеңіс Қашқыновтың күз мезгілін бейнелеген өлеңі

(Ұнатам күзді мен)

10-сұрақ:

Бажайлап сөзінің мағынасын аш

(Мән беріп)

11-сұрақ:

Ыбырай Алтынсариннің "Малды пайдаға жарату" әңгімесінде үйші "Борышым" деп нені айтады?

(Қарт әке-шешесіне берген ақшаларын өтеп тұрған

борышым дейді)

12-сұрақ:

Кітапқа байланысты қандай нақыл сөз білесіңдер?

("Аласың білім кітаптан")

13-сұрақ:

Күз мезгілін суретте

14-сұрақ:

І.Жансүгіровтың "Күн шыққанда" өлеңінде қандай еңбек түрлері баяндалған?

(Малда ағасы, әкесі егінде, тәтесі кергіш керуде, апасы ұршық иіруде)

15-сұрақ:

"Межелі кез" сөзінің мағынасын аш

(Мөлшерлі уақыт)

«Мақал-сөздің мәйегі» демекші келесі

3-кезең: Мақалды жалғастыр деп аталады.

  1. Адам баласының ең жаманы......

(талапсыз)

2. Бұлақтың........ таусылмайды,

Кітаптың......... таусылмайды.

(суы, білімі)

  1. Тұлпар ер.......

(қанаты)

  1. Сиырдың .......... тілінде.

(сүті)

  1. Отан оттан да .........

(ыстық)

6. Туған жердей ........ болмас,

Туған елдей ........... болмас.

(жер, ел)

7. Әдепті елдің баласы,

Алыстан ....... береді.

(сәлем)

8. Жүз сом ақшаң болғанша,

............................................

(Жүз досың болсын)

9. Еңбек етсең ....................,

Тояды қарның тіленбей.

(ерінбей)

10. Бірлік болмай,.................................

(тірлік болмас)

11. Бірлігі жоқ ....... тозады,

Бірлігі күшті ...... озады.

(ел)

12. Еліңді сүйсең-.......... істейсің.

(ерлік)

5-кезең: Сөз құрау (әріптерден сөз құрау)

1-топ:

  1. Халықтың көп шоғырланған жері (қала)

  2. Қан сорғыш жәндік (маса)

  3. Қазақтың ойыны (асық)

  4. Жеміс түрі (алма)

  5. Әшекей бұйым (алқа)

  6. Қошқардың асығы (сақа)

  7. Қолынан ештеңе келмейтін адам (олақ)

  8. Балықтың түрі (лақа)

  9. 3-ші орын алған спортшы қандай жүлдеге ие болады?

(қола)

2-топ:

  1. Аяқ киім өкшесі (тақа)

  2. Дәреже (атақ)

  3. Тасқа шығатын шөп (қына)

  4. Абай кім? (ақын)

  5. Айқын, белгілі (анық)

  6. Ата-ананың үмітін (ақта)

  7. Малды теппе, нені төкпе? (ақты)

  8. Гүл салатын ыдыс (құты)

  9. Заттың бағасы немесе (құны)

6-кезең: Сөздерді әріппен дыбыстату

1-топ 3-топ

Қонақ Мерген

Саяхат Сыйлық

2-топ 4-топ

Терек Әскер

Қоян Есею

МАРАПАТТАУ

Осымен «Ана тілі-білімнің кілті» атты сайысымызды аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

© 2010-2022