Коучинг. Диалогтік оқыту дегеніміз не?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг. Диалогтік оқыту дегеніміз не?

Тұрғанбаева Дина Әбсадыққызы

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Екінші коучинг сессиясының жоспары:

Мерзімі

17.09.2014 ж.

Коуч

Тұрғанбаева Дина Әбсадыққызы

Өткізілу уақыты

60 минут

Тақырыбы

Диалогтік оқыту дегеніміз не?

Мақсаты

Диалогтің маңызын ашу, сабақ үдерісіндегі диалогтік оқытудың маңызын ажырату. Сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. « Мұғалім- оқушы», «Оқушы- оқушы» диалогындағы іс -қимылдарды жетілдіру.

Түйінді идеялар

Тәлім алушылар диалогтық әңгіменің үш түрімен танысады. Оқу үдерісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді. Сұрақтарды нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады.

Қолданылатын ресурстар

Видео «Екі тотықұстың сөйлесуі», «Егіздер диалогі», «Вот что значить лидер в команде», Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, қосымша материалдар, үлестірме материалдар.

Нәтиже (мұғалім іс-әрекеті)

Мұғалімдер жаңа- әдіс тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.

Коучинг барысы

1.Ұйымдастыру.

Мұғалімдерді ұстаным, көзқарас, шешім, іс- әрекет сөздеріне қарай топқа бөлу.

3.Бейнежазба көрсету. «Тотықұстардың диалогы»

Диалогтік оқытуға байланысты слайд көрсету, түсіндіру.

4.Постер жасау. Тақырыбы: 1 топ: «Зерттеушілік әңгіме» 2 топ: «Әңгіме- дебат»3 топ: «Кумулятивтік әңгіме» 4 топ: Тәуелсіз сарапшылар тобы: құрылымдалған бақылау және құрылымдалмаған бақылау жүргізеді.

5.Постерді қорғау. Топ өзара бірін - бірі бағалайды. Тәуелсіз сарапшылар пікірін тыңдау.

6.Ойын ойнау: «Ұшақ жасау»,жіңішке, жуансұрақтар жазады, жауап алады.

7. Видеоролик көрсету. «Всё в твоих руках» Тақырыпты қорытындылау, ойларын түйіндеу:

-Бұл әңгімелесудің қай түріне жатады?

-Олар қиындықты қалай жеңді?

8.Рефлексия. Кері байланыс парақтарын толтырады.

9. Пажарестің білім беру пирамидасын тақтаға іледі.

10. Бүгінгі коучингті «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағалау.

















© 2010-2022