Конспекты Үшбұрышты және тік төртбұрышты сызу

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Конспекты Үшбұрышты және тік төртбұрышты сызуКонспекты Үшбұрышты және тік төртбұрышты сызуКонспекты Үшбұрышты және тік төртбұрышты сызуБекітемін:__________Төлегенова.Қ. 08.02.2016.
Қазақ тілі
Тақырыбы: Жалқы және жалпы есім (333-337 жаттығулар) Мақсаты:1. Жалқы және жалпы есім туралы түсінік беру.Зат есімге сұрақ қоя білуге үйрету. 2.Сөздік қорларын молайту. 3.Ұқыпты, көркем жазуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: кестелер, үслетірмелер Әдісі. Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік Түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 329- жаттығу. Оқу, талдау. ІІІ.Білімдерін тексеру: Зат есім деген не? Сұрақтары? Тест алу.Үлестірмелер. 1. Зат есімді тап: а/қызыл, ә/ терезе б /бес 2. Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап: а/ бор ә/ ұста б/ білім 3. Жұрнақ жалғанған сөзді тап: а/ оқушы ә/ үйге б/ терек ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Жалқы және жалпы есім Ү. Жаңа сабақ: 333 - жаттығу. Адам аты қандай әріптен бастап жазылған. Назар аудару.Ережені меңгерту. Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс. ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 334-жаттығу жазу, кісі, жер-су аттарының астын сыз. Олар қалай жазылған? Сергіту сәті 335-жаттығу( өз бетінше орындау). Мына жалқы есімдерді қатыстырып сөйлем құрап жаз: Сырым, Тайбурыл, Ертіс, Бөрібасар. ҮІІ. Бекіту: Бүгін не білдік? Жалқы есім деген не? Мысалдар келтіру. 337-жаттығу. Ауызша орындау. Дәулет ауылы туралы әңгіме құрау. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 336- жаттығу. Бағалау.








Математика Тақырыбы: Үшбұрышты және тік төртбұрышты сызу Мақсаты: 1.Үшбұрыш, тік төртбұрыш сызып, олардың элементтерін анықтап, дәлелдей білуге үйрету. 2. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Алғырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: геометриялық фигуралар, плакат Әдісі: түсіндіру, сұарқжауап, іздену, өзіндік. Түрі: аралас сабақ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №7 оқу , талдау. ІІІ. Өткенді пысықтау:Үлестірмелермен жұмыс ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Үшбұрышты, тіктөртбұрыш, еркін өлшеммен сызу және оның элементтерін анықтау. Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. № 1.а) кез келген үшбұрыш сызу, оның үшбұрыш екенін дәлелдеу. ә) кез келген тік төртбұрыш сызу, оны дәлелдеу. Шаршы сызу. №2. Машинаның моделін құрастыру үшін оның сызбасын жаса. № 3 Есепті шығару. Барлығы-47 Ш: 25-8=13ағаш шебері Тас қалаушы-25 47-(25+13)=9 Ағаш шебері-? 8 адам кем Ж: 9 сылақшы Сылақшылар -? Сергіту сәті. № 4. Өрнек құру және оның мәнін табу. 27+44=71 71-44=27 36+15=51 51-15=36 № 5. 2дм 7 см + 4дм 3 см = 7 дм 0 см 27 см+43 см =70 см =7дм 0 см № 7. 1дм3см=4cм+5cм+4cм 1дм3см=3см+5см+5см ҮІІ. Бекіту: Бүгін не өттік? ҮІІІ. Үйге тапсырма:№6 161-бет Бағалау.

















Әдебиет Тақырыбы:Әбдірахман Асылбеков. Әдептілік әліппесі Мақсаты: 1.Өлеңді оқып мазмұнын түсіндіу. 2.Ақыл -ойын байыту, сөз байлығын көбейту.3. Әдептілікке, кішіпейілдікке, шыншылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,іздену. Түрі:Бөлімді қорытындылау. Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік II.Үй тапсырмасын тексеру:Бөлімді қайталауға сұрақтар. Біз өз ата-аналарымызды қалай құрметтейміз? Бұл туралы қандай өлеңдер оқыдық? Жеті ата туралы қандай мақал білесіндер? III.Мақсат қою кезеңі:Тақырыбын мақсатын хабарлау. IY.Жаңа сабақ: Мұғалімнің кіріспе әңгімесі. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіру. -Өлеңде қандай жақсы қасиеттер туралы айтылған? -Үлкенге жол беру,сәлемдесу,кішіпейіл болу,мақтаншақ болмау,әділетті болу,шыншыл болу. -Осы қасиеттердің барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? -Әдептілік. Y.Оқулықпен жұмыс: тізбектей оқыту, іштей оқыту. Сергіту сәті YI.Дәптермен жұмыс:Өлеңде айтылған жақсы қасиеттерді дәптерге жазу. YII. Мақал-мәтелдер айту. Топтық сайыс. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені. Әдепті бала - арлы бала, Әдепсіз бала сорлы бала. «Сіз» деген -әдеп, «Біз» -деген көмек. YIII.Үйге тапсыпрма: өлеңді мәнерлеп оқу. Бағалау.












Еңбекке баулу
Тақырыбы: Қазақ ұлттық кестесі. Орыс және ұйғыр халқының кестесі. Мақсаты: 1.Қазақтың ою-өрнектерімен таныстыру, кесте туралы түсінік беру.Орыс, ұйғыр халқының кестелерімен танысу. 2.Ұлттық ерекшеліктерді құрметтеуге дағдыландыру. 3. Еңбекке баулу, ұлттық тәрбие беру. Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: өрнектер, суреттер. Сабақ түрі: жаңа сабақ.. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру .Жаңа сабақ А) Кіріспе . Бұл сабақта осы ою-өрнектермен танысамыз. Б) мұғалімнің түсіндіруі. Кесте- халық қолөнерінің бір түрі.Әр халық өз ұлттық ою-өрнектерін пайдаланады. Олар өздерінің ерекшелігімен көрінеді Өрнектерде үйлесім (ритм), симметрия, бояулардың жарасымдылығы да болуы керек.Әсем кестелі бұйымның бір үлгісі - тұскиіз. Пысықтау : Кітаппен жұмыс, түсініп, дұрыс оқу. Суретке зер салып, ондағы сәнді бұйымдардың ою- өрнектерінің қалай жасалғанын, оның қайсысы ұнағанын айт, ойлан.Үлгі бойынша сәнді ою-өрнектеді құрастырып жасау. Оқушы еңбегі, оған көмек. Қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Неге үйрендік? Ол неге керек? Сабақты қорытындылау, бағалау. Сәндік ою-өрнектер құрастыру Үйге тапсырма беру: үйден аяқтау Бағалау.





















Бекітемін:___________Төлегенова.Қ. 09.02.2016.
Қазақ тілі
Тақырыбы: Жалқы және жалпы есім. (338-341 жаттығу) Мақсаты: 1.Жалпы және жалқы есім туралы түсініктерін кеңейту. 2. Жаттығулар орындай отырып, сұрақ қоя білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту.3.Ұқыпты, көркем жазуға тәрбиелеу. Көрн: үлестірмелер Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік Түрі: қайталау. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 336- жаттығу. Оқу, талдау ІҮ. Жаңа сабақ: Терме диктант. Зат есім деген не? Сұрақтары? Жалқы есім деген не ? Көркем жазу: Тт Тт торсық 338-жаттығу көшіріп, жалқы есімдерді тап. 339-жаттығу.Берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді теріп жаз. Баянауыл - қала. Жайық- өзен. Абай- ақын. Ақтөс- ит. Ереже: Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады: өзен, аққу, оқытушы. Y.Сергіту сәті ҮІ.Бекіту: . 340-жаттығу ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құр. Алматы. Алматы -өте әсем қала.Алматыда Медеу мұз айдыны бар. жалқы есімдерді теріп жаз, қалған сөздер жайлы не айтасың? Жазылуын түсіндір. ҮІІ. Үйге тапсырма: 341-жаттығу. Жалқы есімдерді бір бөлек, жалпы есімдерді бір бөлек топтап жаз. Бағалау








Математика Тақырыбы: Тіктөртбұрыш салу Мақсаты:1.Тік төртбұрышты салып , оның периметрін таба білуге үйрету. 2.Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3.Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, үлестірмелер Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік Түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6 оқу талдау. ІІІ. Өткенді пысықтау: Сұрақтар қоя отырып, жауап алу. ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тік төртбұрыш салу, оның периметрін табу. Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. № 1. 2см, 2 см, 3см,3см № 2. 1 см+4см+1см+4см = 10 см №3.Амалдарды орында: 5дм+ 8см+ 2дм 7см = 8дм 5 см 58см+27см=85см 58см + 27 см =85 см 8дм 5см 85см-27см=58см
77-48=29 56-39 =17 80-54=26 91-16=75 34+27=61 16+65=81 32+49=81 24+76=100
36+7-9=34 36+24-10=50 60+(24-7)=77 28+5-8=25 70-36+42=76 50-(19+9)=22
ҮІ. Түсінгендерін тексеру № 3 Есептер: Ақ сыр - 63 кг Көгілдір сыр - 32 кг кем Көгілдір сыр -? 63кг - 32 кг = 31 кг Ж: 31кг көгілдір сыр. Қыз бала - 27 қыз Ұл бала - 16 артық Ұл бала неше - ? 27 + 16 = 43 Жауабы: 43 ұл бала
Сергіту сәті №6. 37+25=62 26+46 =72 24+18=42 62-37=25 72-46=26 42-24=18 Шығармашылық тапсырма: /6 + 6 / - 10 = 2 /6 - 6 / - 2 =2 ҮІІ.Қорыту: Бүгін не білдік? ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 5 , 163-бет. Бағалау. Әдебиет
Тақырыбы:Тіл дамыту: Ф. Оңғарсынова Бата беру Мақсаты:1. Бата туралы түсінік беру,қазақтың салт- дәстүрлерлері туралы кеңейту. 2.Ақыл -ойын байыту, тіл байлығын көбейту.3. Әдептілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. Көрнекілігі:суреттер Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену. Түрі:аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік II.Үй тапсырмасын тексеру: Әдептілік әліппесі III.Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау IY.Жаңа сабақ:Ф. Оңғарсынова. Бата беру. Кіріспе әңгіме. Мәтінді оқып беру. -Кім туралы оқыдық? -Анасы Әсемді қайда жұмсады? -Үлкендер Әсемге қандай бата берді? Бата туралы: Батаны жасы үлкен кісілер береді. Батаның мағынысы жақсы тілек тілеу. Түрлері өте көп: ұл балаға бата, қыз балаға бата, жас жұбайларға бата, туған күнге бата,тойларға берілетін бата, сапарға бата т.б. Y.Оқулықпен жұмыс: тізбектей оқыту, іштей оқыту. YI.Дәптермен жұмыс: Жортқанда балам жолың болсын, Қалтаң ділдәға толсын! Бір толмасын,жылда болсын, Өмір-жасың ұзақ болсын! Қатарыңнан озған ерен бол, Көл түбіндей терең бол! Сынай қалса - құлақ сал, Мақтай қалса - керең бол! YII.Бекіту:Бүгін не білдік? YIII.Үйге тапсырма: оқып, түсінігін айту. Бағалау,


© 2010-2022