Тақырыбы: «Мен осындай боламын!»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: «Мен осындай боламын!»

Мақсаты: баланы өзінің денесі туралы қарапайып түсініктерді қалыптастыру арқылы өз денсаулығына ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру, тазалық дәптерлерін пайдалану арқылы мәдени-гигиеналық талаптарды дұрыс орындауға өз-өзіне күтім көрсету дағдысын дамыту, өзінің және өзегенің заттарына ұқыптылықпен қарауға, жинақылыққа үйрету, эстетикалық, адамгершілік, имандылық тәрбиесін егу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, таңғажайып сәт, жеке баламен жұмыс, бой сергіту сәті, қорытындылау. Жұмбақ шешу, ойын ойнау.

Қажетті көрнекіліктер: Тазалық заттарының суреттері, суреттер.

Сөздік жұмыс: Ұқыпты, салақ.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар, бүгін күн қандай керемет!

Көңіл күйлерің қандай балалар?

Балалар, біз қандай боламыз?

Бәрекелді, балалар, енді өзіміздің әдепті тәрбиелі балалар екенімізді көрсетейік!

Балалар ұқыпты тәрбиелі болу үшін не істейміз?

/Қонаққа Дым білмес келеді/

Ал, балалар бізге тағыда қонаққа келген сияқты. Дым білмес келе амандаспай отыра кетеді.

Қош келдің, сен кімсің?

Дым білмес сен бір нәрсені ұмытқан сияқтысың?

Ең алдымен бір жерге келгенде не істеу керек?

Дым білмес нені ұмытты?

Дым білмес, балалар дұрыс айтады сен амандасуды ұмыттың ғой, қане орныңнан тұрып амандаса ғой.

Дым білмес, дұрыс амандаспадың, ең алдымен дұрыс амандасу әдептіліктің белгісі.

Балалар дым білмес қалай амандасу керек?

Біз қандай сиқырлы сөздерді білеміз? Қане, есімізге түсірейік.

Сендерге аналарың ойыншық силады. Қандай сөздер айтамыз?

Ойнап жүріп байқамай досыңды ренжітіп алдың, қандай сиқырлы сөзді айтасың?

Кешке үйге қайтып бара жытырып достарыңа, апайыңа қандай сиқырлы сөзді айтамыз?

Міне, дым білмес көрдіңбе, адамдарды бір-бірімен жақындасытратын қандай әдемі сиқырлы сөздер бар, бұл сөздерді орынмен қолданып жүрсек әрдайым әдепті бала боламыз.

Айтпақшы, дым білмес, сен қайдан келесің? Үстің неге лас?

Жақсы.

Әдепті, мейірімді, ақылды, сүйкімді, ұқыпты.

Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Қонақтарды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

Сәлеметсіңдерме? Әрқашан таза жүру керек, үлкенді сыйлау керек, ойыншықтарды сындырмау керек, киімдеріңді таза ұқыпты ұстау керек!

Дым білмес



Амандасуды

Сәлем



Сәлеметсіңдерме?

Рахмет!

Кешіріңіз!

Сау болыңыз!



Дым білмес: Мен далада ойнап жүріп ағаштарды сындырдым, бір үйдің терезесін сындырдым, үйдің иті қуа жөнелді, мен құлап үстімді ластап алдым. Әй бірақ ешнәрсе етпейді, апам қазір киімдерді жуып, тазалап дайындап қояды. Мен үйден киімдерімді іздеп шыққанмын, апам сен ұқыпсыз болған соң киімдерің қашып кетті дейді.



© 2010-2022