Математика 2-сынып 3 санын қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 2-сынып 3 санын қосу және азайту.



Сабақтың тақырыбы:Қайталау ± 3

Жетекші:Тумышева.А.К


Ақтау - 2014

23.10.14.Бекітемін:

Математика

Сабақтың тақырыбы:

Қайталау ± 3

Сабақтың мақсаты:

Өткенді қайталау,еске түсіру,3 санын қосу және азайтуды үйрену, дамытушылығын арттыру,еске сақтау қабілетін,шығармашылығын дамыту.

Ұқыптылыққа,әсемдікке,тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ι.Ұйымдастыру.

- Өте жақсы.Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр.Себебі,бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті.Ендеше,барлығымыз сабаққа жақсы қатысып,өз білімімізді ортаға салайық.

Психологиялық дайындық.

- Қане,балалар,сабақты бастамас бұрын алдымен алдымен сабаққа өзімізді дайындап алайық.

Қайырлы күн,достар!

Бүгінгі күн,міне,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең беске толсын!

-жарайсыңдар,орындарыңа отыра қойыңдар!

-Қане,балалар,енді өткен сабақты еске түсіріп алайық.Ол үшін «Кім шапшаң?» ойынын ойнап жіберейік.Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік:

1.Сәуле дегеніміз не?

2.Кесінді дегеніміз не?

3.Қосудың компоненттерін ата

4.Қосудың қандай қасиеттері бар?Айтып бер

5.Азайтудың компонеттерін ата

6.1 тәулікте неше сағат бар?

7.1 жылда неше күн бар?

8.1 метрде неше дм,см бар?

9.1 ғасырда неше жыл?

-жарайсыңдар,балалар,енді дәптерімізді алып күннің жадын жазып болсақ,математикалық диктант өткізіп жіберейік.

10 және 20 сандарының қосындысы 30-ға тең.

70-тен 10-ды кеміткенде 60-қа тең.

30-бен 40 сандарының қосындысы 70-ке тең.

99-дан 9 санын азайтқанда 90-ға тең.

-Қане,балалар,енді оқулыққа карайық.

3+9=12 12-9=3

9+3=12 12-3=9

№1

Әкелінген еді -35л

Таңертең -20л

Түсте -10л

Қалды -?л

20+10=30(л) 35-30(л)

Ж: Асханада 30л сүт қалды.

Әкелінген -30л

Таңертең -20л

Қалды -?л

33-20(л)

Ж: 20л сүт қалды.

1 есеп екі амалмен шығарылады.

2 есеп бір амалмен шығарылады.

Сергіту сәті.

№2

Өз бетіңмен жұмыс

х+3=11 11-х=3 х-3=8

х=8 х=8 х=11

Тақтамен жұмыс

3+х=12 12-х=3 х-3=9

х=9 х=9 х=12

№3

Бұдан қандай өрнек құрамыз?Мәнін табуға бола ма?

Өз бетіңмен орындалады.

а+3, мұндағы а=43,48,12

43-3=40 48-3=45 12-3=9

№6. «Кім жылдам?» ойыны өз бетіңмен жұмыс.

19см=1дм 9см 2дм 4см=24см

87см=8дм 7см 6дм 1см=6см

1м=100см 2=20дм

Келесі тапсырма логикалық.

Кім білгір,кім тапқыр,кім ойшыл?

Логикалық тапсырма.

1.Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрінеді.Қанша қоян тығылып отыр? (5)

2.Таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды.Бір аяғымен тұрса ,онда оның массасы қандай болады? (2)

3.Ауылда 4 күн ,4 түн боран соқты?

4.Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді.Құрал-жабдық сатып алған,ал дүкенге 97 тг төлеуі тиіс еді. (3тг)

-Жарайсыңдар,балалар.Ендеше,балалар,бүгінгі сабақта не үйрендіңдер,не білдіңдер?

Бағалау.

Үй тапсырмасы 60 бет №4

Қорытындылау.






© 2010-2022