Пингвиндер неге ұша алмайды? И, у дыбыстары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Пингвиндер неге ұша алмайды? И, у дыбыстары

Мақсаты:

1.И, у дыбыстарының жіңішке және жуан айтылу қалпын меңгерту, пингвиндер жайлы түсінік қалыптасуына мүмкіндік жасау және мәтінді түсініп оқу дағдысын жетілдіру

2. Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын, сөздік қорларын қалыптастыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру

3.Оқушыларды тазалыққа, тәртіпті, әдепті болуға, дүниетанымын кеңейте отырып экологиялық тәрбиелеу

Сабақтың әдістері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

І. Үй тапсырмасын тексеру: ауызша сұрақ-жауап арқылы сабақты тексеру

ІІ. Бағдарлау-мотивациялық кезеңі:

Сабақты 5 жұмбақ шешуден бастау. Жұмбақ шешулерінің алғашқы әріптеріне сөз шығады: ДЫБЫС.

Сызбамен жұмыс.

Созылып айтылады Жуан: а, о , ы, ұ

Дауысты дыбыстар

11 дауысты дыбыс бар Жіңішке: ә, ө, і, ү, е

Балалар, бұл сызбада дауыссыз дыбыс 9, ал енді қандай 2 дыбыс қалып қойды?

(и, у) Өйткені ол екі дыбыс кейде жуан, кейде жіңішке болып келеді

ІІІ. Операциялық-орындаушылық кезең: (оқулықпен жұмыс)

36-жаттығуды ауызша орындау. Мәтінмен жұмыс жасау. Мәтінді оқып, талдау жұмысын жасау. Сұрақтарға жауап беру.

-Пингвиндер қайда тіршілік етеді?

-Пингвиндер қандай болады?

-Пингвиндер нені ұнатады?

Мәтінмен жұмыс жасай отырып, оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.

Сөздік жұмысын жасау, жаңа сөзбен сөйлем құрау.

Пингвин деген сөзге дыбыстық талдау жасау, и дыбысы қандай дыбыс екенін анықтау

38-жаттығу: Берілген сөйлемдерді оқып, осы сөздерді есте сақтау. Оқулықтағы кестемен жұмыс жасау. Қарамен жазылған сөздер жуан ба, әлде жіңішке ме екенін табу және сол сөздерді тиісті үйге кіргізу.

ІҮ. Дәптермен жұмыс: 15-беттегі тапсырмалар кешенін орындау

1-жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрап, тиісті сөзді орына қойып жазу

2-жаттығу: И дыбысы бар сөздерді ойлап тиісті бағандарға жазу. И жуан болған жағдайда және и жіңішке болған жағдайда сөздер ойлап жазу.

3-жаттығу: И дыбысы кездесетін адамдардың аттарын ойлап жазу.

Ү. Рефлексиялық-бағалау кезеңі:

Оқушылармен сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау

Оқушыларға баға қою

ҮІ. Үй тапсырмасы:

Оқулықтағы 27-28 беттегі мәтінді оқу

Дәптерге оқулықтан 37-жаттығуды орындау



© 2010-2022