10 саны

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сулейменова Салтанат Болатовна.
Сабақтың тақырыбы: 10 саны. Сабақтың мақсаты: 10 санының пайда болуы, таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын ажырату. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. II. Өткен сабақты еске түсіру. а) 9 санының құрамы. ә) 9 - бір таңбалы сандардың ең үлкені. III. Жаңа материалдардың мазмұны. Бұл сабақты "Спорттық ойындар" тақырыбымен байланыстырып, ба-лаларға дене мәдениеті жан тәрбиесімен бірлікте қарастырылатын қызықты әңгімеден бастаған жөн. Сапта неше бала түр? (Тоғыз бала). Оған бір бала келіп қосылды, сонда қанша болды? (Он). Он саны екі цифр арқылы (1 және 0) былай (10 жазылады. 10-екі таңбалы сан. Балалрдың зейіні 2-суретке аударылады. Спортшылардың нөмірі, реті аталады. (Бірінші екінші, алтыншы). Келесі спортшының нөмірі нешінші? (Жетінші). Келесінікі ше? (Сегізінші, тоғызыншы, оныншы). Біз сыныпқа 6 көк, 4 қызыл шелек сатып алдық. Барлығы неше шелек болды? Балаларды шабыттандырып, есептің қызықты әрі пайдалы болуын кездеп тәрбиеші-педагог балалармен бірге есептер шығарады. Екінші есепте балалардың ойын, тілін дамытып, дүниетанымын кеңейту көзделеді. 1-ден 10-ға дейін тура және кері санату. 10 таяқшадан суреттегі үлгіге қарап әртүрлі геометриялық фигуралар құрастырады. Бұл тапсырмаларды баланы "дәл осындай" деп шектемей өзін еркін сезінумен, шығармашылық ізденіске еркіндік беріледі. Бұлжытпастың тапсырмасында қозы өзінің енесіне жету үшін неше қадам жасайды? Кедергіні аттап ете алмайтындығынан айналып ететіндігі ескеріледі. 1) 10 санын жаздыру. 2) 10 санының құрамын балалар өздері тауып, бос орындарға тиісті сандарды қойып есеп шығару тапсырылады. Енді оған кері амал орын-далады, шыққан нәтиже 10 санымен салыстырылады. 3) Геометриялық фигура үшбұрыштардың түсіне қарап, 10 санының құрамын ажырату. 4) 10-ның құрамын ойша толықтыру. 5) 10-ға дейін тура және кері санап, бос орындарға тиісті санды қою. 6) Шаршылардың санын 10-ға толықтырып тиісті түспен бояу. Бұл сабақта 10 санының пайда болуы, оның құрамы, таңбалануы көзделеді, балалардың ойлау білу және өзіндік пікір айту қабілеттері дамытылады.


© 2010-2022