Қосу және азайту 26+30 56 -30

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту 26+30, 56-30 Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; 2. Дамытушылық. Екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау. 3. Тәрбиелік. Оқушыларды есептерді шапшаң, тез шығаруға тәрбиелеу. Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Үй тапсырмасын тексеру ІІІ Жаңа сабақ ІV Бекіту кезеңі V Қорытынды Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру Тірек білімді еске түсіру а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері) -Саннан (28, 43, 54) кейін келетін санды ата. -Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата. -Санның (50, 76, 94) көршілерін ата. -Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген. -Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын. -Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, ..., 40). -Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық? ә) Зейінділікке есеп. Үстел үстінде 10 алма жатыр еді. Олардың екеуін кесіп бөлдік. Үстел үстінде неше алма жатыр?
III Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс №1 Оқулықтағы суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет. Ондықтарға ондықтарды қосады. Ондықтарды ондықтардан азайтады. №2. Тақтада әр амалды түсіндіріп, қадамдап орындайды. Екі таңбалы сан мен ондықтарды ауызша қосу мен азайту алгоритмдерін бекітеді.(53+30, 83-30). Мысалы: -53 және 30 сандарының қосындысы; -Бірліктерге бірліктерді қосу; -Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу; -Ондықтарды ондықтарға қосу; -Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу; -Қосындының мәні 83. Сергіту сәті
№3. Өзіндік жұмыс.Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды.
ІV Бекіту кезеңі №4. Оқушылар есептің негізгі белгілерін ажыратады.Жеткіліксіз компоненттерді қалпына келтіріп, бірінші есепті тақтада жазады. Кері есептерді өздігінен құрып орындайды.Қысқаша жазуды сұлба бойынша орындаған қолайлы. Болғаны-? 12 12 Бергені-2қ. 2 ? Қалғаны-10қ. ? 10 10+2=12(қ) 12-2=10 (қ) 12-10=2(қ) Жауабы: 12 қ болды. Жауабы: 10қ қалды. Жауабы: 2қ берді.
№5.Көрнекілікке сүйеніп,уақытты ауызша анықтайды.
Рефлексия.Шығармашылық жұмыс Үй тапсырмасы. 57-бет. №6



© 2010-2022