Тапқырлар сайысы Сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тапқырлар» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Бастауыш сынып оқушыларын көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын ашық айта білуге баулу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Барысы:

Жүргізуші:

- Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар! Сіздердің назарларыңызға 2 сынып оқушыларының «Тапқырлар» атты сайыс түрін ұсынамыз.

Армысыздар, ардақты ұстаздарым,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін осы кеш ашылады,

Сіздер үшін балғындар сайысады.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Оқушылар оқу бағдарламасына сай дайындалған сынақ сұрақтарына жауап береді. Сайыста математика, әдебиттік оқу, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

Сайыс кезеңдері:

1. Таныстыру

2. Қалт етпей қағып ал «Иә» «Жоқ»

3. «Сөз ойла, тез ойла!»

4. «Бәйге» сұрақ жауап сайысы

5. Білгенге маржан, білмеске арзан

6. « Суретке тіл бітсе...» сайыскерлеріміз суретке қарап әңгіме құрайды.

Сайысымызды бастайық. Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Жүргізуші:

Жарыста озып шығар жүйріктері,

Әрқайсысы бақтарын көрер енді

Қанекей, өркендерім сайысқа шық

Таң қалдыр біліңмен көрерменді.

- Ортаға сайысқа қатысушы оқушыларымызды ду қол шапалақ ұрып қарсы алайық! Ойынымызды бастайық.

1. Әр топ өздерін таныстырады. Топ аты мен ұрандарын айтады.

Қайсысы епті, қайсысы мықты

Талабына қарайық

Кімдер зерек, кімдер жылдам

Таланттарын табайық!

- Құрметті сайыскерлер! Келсі біздің сайысымыз . Қалт етпей қағып ал деп аталады. Қойылған сұрақтарға тездетіп «Иә» «Жоқ» арқылы жауап бересіңдер.

І топ сұрақтары:

1. Т.Әубәкіров қазақтың тұңғыш ғарышкері (иә)

2. Аю үй жануары (жоқ)

3. Қозы түйенің төлі (жоқ)

4. Ұшақ ұшатын көлік (иә)

5. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңіні Ы.Алтынсарин жазған (иә)

6. Дыбыстар екіге бөлінеді. (иә)

ІІ топ сұрақтары:

1. Ән жазатын адамды ақын дейміз (жоқ)

2. Ара омартада өмір сүретін жәндік (иә)

3. Бәйшешек көктемде ерте шығатын гүл (иә)

4. Кемпірқосақ төгіп- төгіп жауып, тез аяқталатын жаңбыр (жоқ)

5. Бір жылда 13 ай бар (жоқ)

6. Ақпан айында 28 күн (иә)

ІІІ топ сұрақтары:

1. Математика есеп шығаруды үйрететін оқулық (иә)

2. «У» бірде дауысты, бірде дауыссы дыбыс (иә)

3. Ата-ананың бірінші баласы -немере (жоқ)

4. Цирктегі ең күлдіргі әртәс- клоун (иә)

5. Дүйсенбі аптаның соңғы күні (жоқ)

6. Бір сағатта 70 минут бар (жоқ)

ІV топ сұрақтары:

1. Жылдың төрт мезгілі бар (иә)

2. Домбыра, сырнай, қобыз- музыкалық аспаптар (иә)

3. Метр- сыйымдылықтың өлшем бірлігі (жоқ)

4. Бір ең үлкен бір таңбалы сан (жоқ)

5. Жаңа жауған таза қар мұз деп аталады (жоқ)

6. Тоғыздың алдында тұратын сан -8 (иә)

- Сайысқа қатысушылардың ұпай сандарын әділқазылар алқасынан сұрау.

- Құрметті көрермендер, келесі сайысымыз «Сөз ойла, тез ойла!»

деп аталады. Әр топқа «Қазақстан» деген сөз беріледі оқушылар жаңа сөз жасайды. 5 минут беріледі

Сайыстың келесі шарты «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. 20 сұрақ оқылады топтар жарыса ең бірінші боп жауап беруге трысады.

Сұрақтар:

  1. ҚР-ның тұңғыш президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)

  2. Аң аулағанда қай құсты пайдаланады (бүркіт)

  3. Биыл тәуелсіздікке неше жыл (24 жыл)

  4. Қазақтың ұлы ақыны (А.Құнанбаев)

  5. Алғашқы оқулық (Әліппе)

  6. Елтаңбаның авторы (Ш.Уәлиханов. Ж.Мәлібеков)

  7. Үш биді ата (Төле, Қазыбек, Әйтеке)

  8. Бірінші маусым қандай мереке (балаларды қорғау күні)

  9. ҚР-ның астанасы қай қала? (Астана)

  10. ҚР-ның тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991ж.16 желтоқсан)

  11. Әнұранның авторы кім? (Н.Назарбаев, Ж.Нәжмеденов, Ш.Қалдаяқов)

  12. Т.Әубәкіров кім? (ғарышкер)

  13. ҚР-ның мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

  14. Мемлекеттік туда не бейнеленген? (күн, қыран, ою)

  15. Көкжиектің тұстарын ата (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)

  16. Астана қаласының бұрынғы атауы (Ақмола)

  17. Рәміздерді ата (ту, елтаңба, әнұран)

  18. Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі (сұлба)

  19. Абай атамыз көрсеткен бес дұшпанды ата (өтірік, өсек, мақтаншақғ ерншек бекер мал шашпақ)

  • Құрметті сайыскерлер! Келесі кезең «Білгенге маржан, білмеске арзан» деп аталады. Оқушылар ұяшық таңдайды. Әр ұяшықта пән аттары көрсетілген.

1. «Әдебиеттік оқу» ұяшығындағы тапсырма.

Ы.Алтынсарыин туралы не білесің?

2. «Математика» ұяшығындағы тапсырма

Суреттегі шаршыларды сана

3. «Қазақ тілі» ұяшығындағы тапсырма

Суретке қарап, сөйлем құрастыр

4. « Дүниетану» ұяшығындағы тапсырма

Суреттегі жануар туралы не білесің?

Келесі тапсырма: « Суретке тіл бітсе...» сайыскерлеріміз суретке қарап әңгіме құрайды.

Қорытынды: Сонымен біздің сайысымыз аяғына жетті.

Марапаттау.



© 2010-2022