Баяндама Шығармашылық –тірішіліктің көзі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама Шығармашылық –тірішіліктің көзі.Баяндама Шығармашылық –тірішіліктің көзі.Шығармашылық -тірішіліктің көзі. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық - бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты - бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші - адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді. Екінші - адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы: ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар. Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді. Репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі. Шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», - деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған». Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы осы мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды . Мұғалімнің міндеті - баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны - баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекеттерді бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Мен өз тәжірибемді шыңдай түсуде өте көп жеңіл жол ашқан «Жазу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасын таңдадым. Оқыту барысында, жаңа әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, алдыма бірнеше мақсаттар қойдым:

  • оқушының ізденімпаздық қабілетін арттыру;
  • танымдық іс - әрекетін қалыптастыру;
  • өмірге өз көзқарасын тудыру;
  • білімін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;
  • зерттеу мен дәлелдеу дағдыларын нығайту;
  • оқуға қызығушылығын ояту;
  • күнделікті сабақ жоспарыма СТО бағдарламасын енгізіп отыру.
Оқушылардың танымдық қызметін жоғарлатқан сайын білім сапасы арта түседі. Сондықтан, осы мақсаттарға жету үшін мен өз сабақтарымда «ЖИГСО-1», «ЖИГСО-2», яғни топқа бөліп оқыту әдісін қолданып келемін. Осы стратегияларды пайдалана отырып, сабақ берген 3-сыныпта дүниетану пәнінен «Өсімдіктердің сыртқы ортаға бейімділігі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткіздім. Сондай-ақ осы сыныппен ана тілі пәнен бірнеше сабақтар өткіздім: «Бала Абай», «Байлық», мысал «Қызғалдақ пен қарасора». Бұл бағдарламаның ұжым ішінде белсендік тудыратын стратегиялары көп-ақ. Ал, өз ойын ортаға салу, өз сөзін дәлелдеу, аяқтап шығу, пікір таластыру, жобалау, алдағыны болжау, оны жүзеге асыру қасиеттері тұлғаны тәрбиелеудің бірден бір болмысы. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсете кетейін: Шығармашылық және дәстүрлі сабақтың ерекшеліктері:

Дәстүрлі сабақ

Шығармашылық сабақ Сабақ мақсаты: А) мұғалім үшін: жаңа материалды беру; Ә) оқушы үщін: жаңа білімді меңгеру. Сабақ мақсаты: А) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру; ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу Сабақтағы іс-әрекет түрі А) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру; ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау. Сабақтағы іс-әрекет түрі А) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру; ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау. Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті. Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі. Сабақ тақырыбына көзқарас - кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас. Сабақ тақырыбына көзқарас - мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы. Іс жүзінде көріп жүргеніміздей дәстүрлі оқу жағдайында оқушылар бір -бірінен көмекті өте сирек сұрайды. Ал, топтық жұмыс кезінде оқушылар бір -біріне білгендерін түсіндіреді. Сондықтан, ұтымдылығы мынандай:

  • бірінің білмегенін екіншісі толықтырып көпшіл болуға тәрбиеленеді.
  • сабақтың әрбір мазмұны тиімді пайдалану нәтижесінде, үй тапсырмасын орындауға аз уақыт жұмсалатын болады.
Бұл сыныптағы оқушыларым олимпиада кезінде жүлделі орындарға ие болды. Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек. 4-інші сынып оқушыларымен «Топтастыру», «Венн диаграммасы», «5 жолды өлең» т.б. стратегияларды кеңінен қолданып жүрдім. 4 сынып «Әдебиттік оқу» пәнінен (мысал) «Көптен безген көгермес», «Ара» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткіздім. Бұл бағдарлама тек сабақта ғана емес, сондай-ақ тәрбие сағаттарында да қолдандым. «Ішімдікке жол жоқ!», «Сүйікті қалам - Степногорск» т.б Біздің мектебімізде, қаламызда, облысымызда өткен дәстүрлі интеллектуалды ойын, конкурстар, олимпиадалар, ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы дарынды балалардың өз мүмкіндіктерін танытуға, басымдық пәндерді дұрыс таңдауына көмегі зор. Олимпиадаға дайындықты мен өз жұмысымда қазақ тілі, дүниетану, математикаға қызығушылық танытқан оқушыларды әр түрлі бөлімдер бойынша тестілеуден өткіздім. Олимпиадаға дайындалудың бірінші қадамы - мектеп курсында өтілмей қалған білімді толықтыру; Екінші қадамы - қосымша әдебиеттер оқу. Мектеп оқушысы міндетті түрде кітап оқып, конспектілер жазып, жоспар құра білуі керек. Үшінші қадамы - есептер шығарып, тестік тапсырма орындау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау, ой қозғай отырып, оқушының өз ойы мен өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бүгінгі сабақ беріп жүрген 1-сынып оқушыларын осы жолмен жетелеп келемін. Математика пәнінен « + 1+ 1, - 1 - 1 » ашық сабақ өткіздім. Балалар түгелдей қызығушылық танытып, жайда онша белсенділік танытпайтын балалар қатысқанына өте қуандым. Сондай-ақ осы сыныппен «Жақсы адам болғым келеді» ашық тәрбие сағатын өткіздім. Өздік, танымдық жұмыс оқушылар бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Сабақтарда тарихи материалдарды, көркем әдебиетті, деректі құжаттарды баспа ағындарын мақсатты пайдалану арқылы оқушылардың ақыл-ойын, адамгершілігін, эстетикалық, интеллектуалдық таным сезімін дамытып, өздігінен ізденуіне қолайлы жағдай тудырамын. Оқушылар өз бетінше іздене отырып, бұрын білген білімдеріне жаңа білім қосып, нені осы уақытқа дейін білмей келгендерін, нені алдағы уақытта білгісі келетіндіктері (ББҮ) жөнінде ойларын ортаға салып, қосымша ақпараттарды, мәліметтерді қажет ететін мәселелер туралы әңгімелесіп, пікірлесіп, жеке, жұптық, топтық жұмыс іс-әрекеттерін жасалу жолдарын жоспарлайды. Әртүрлі стратегияларды пайдалана отырғандықтан, шәкірттерім өзара ақпараттар алмасу арқылы жаңа материалды меңгереді, өзара ақпараттар алмасу арқылы жаңа материалды меңгереді, өзара салыстырып талқылайды, ойларын ортаға салып бөліседі. Бұрыннан өткізіліп жүрген сабақтармен қазіргі жаңа технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстырып, төменгі айырмашылықтарды байқадым: Дәстүрлі сабақтар үрдісінде СТО технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісінде Мұғалім Оқушы Мұғалім Оқушы Тақырып түсіндіреді Мазмұның айтып береді Топқа боліп, ой қозғайды Топтарда жұмыс жасайды Кейіпкерлер туралы немесе ережелерді түсіндіреді Кейіпкерлерге мінездеме береді, ережені айтады, жаттығу орындайды Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Мәтінмен өздері танысады Шығарманың идеясын анықтайды, талдайды Таұырып бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылады, зерттеледі Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды Шығарма жазу тапсырылады Тақырып бойынша шығарма жазады Образдылық ерекшелігін тануға бағыттайды, орнына өздерін қойып қарайды, салыстырады Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың ісәрекеттерін зерттейді


Ойларын жазуды ұсынады ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Қорытынды жасауға бағыттайды Тұжырымдама жасайды Осы салыстыру кестелерінен СТО бағдарламасының негізгі қағидаларының шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталғаны көрінеді. СТО бағдарламасының қазіргі таңда алған білімді, білгенін өмірде пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеудегі алатын орны ерекше. Оның бұрынғы дәстүрлі оқу технологиясынан айрықша ерекшеліктері бар:
  • Оқушының интеллектуалды дамуының аз уақыт ішінде қабылдануы.
  • Оқушы мен мұғалімнің белсенділігінің сайма-сай болуы.
  • Мұғаліммен шәкірттің озара қарым-қатынасында жауапкершілік пен сенімділіктің болуы.
Біздің елімізде дарынды балалардың оқып білім алуы үшін мамандандырылған сыныптар, мамандандырылған мектептер, факультативтер, мектептен тыс үйірмелер, сырттай мектептер, мектепішілік үйірмелер, жас техниктер мен биологтар бекеті сияқты оқыту түрлері бар. Жоғары сыныптардың бейінді сыныптарға көшуі де маңызды рөл атқарады. Бұл жекелеп оқуға бағытталған, ол оқушыға өзінің таңдаған пәніне деген қызығушылығын арттырып, сол пәнді жоғары деңгейде игеруіне мүмкіндік жасайды. Педагогтар мен психологтардың арасында дарынды балаларды оқыту жөнінде кем дегенде екі пікір қалыптасқан. Алғашқы пікір бойынша дарынды балаларға арнап мамандандырылған сыныптар, мамандандырылған мектептер ашу. Ал екінші бойынша, дарынды балаларды бөлмей, оларды басқа балалармен бірдей оқыту керек. Менің ойымша балаға мамандандырылған мектепте оқуға мүмкіндік туса, сол мүкіндікті ол пайдалана білуі керек. Дарынды баланы анықтағаннан кейін біз олардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамытуға үйретуіміз керек. Ең алдымен бұл жерде оқушының пәнге деген қызығушылығы ерекше орын алады. Баланың қызығушылығы пән бойынша білімін тереңдетіп, қабілетін арттыратын сыныптан тыс жұмыстар /факультативтер мен үйірмелер/ арқылы да арттыруға болады. Қорытынды: өзімінің іс-тәжірбиемді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады: Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:
  • мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;
  • білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
  • жеке ерекшелігі мен қабылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
  • білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;
  • құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;
  • ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін-өздері дамытып, тәрбиелеуге.
Әр түрлі шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың
  • пәнге қызығушылығы артты;
  • оқушылардың білім сапасы көтерілді;
  • оқу шапшаңдығы 68 сөзден минутына, 125 сөзге дейін көтерілді;
  • оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артты;
  • төмен оқитын оқушылар белсене қатысып, өз ойларын ортаға салуға тырысты, қатардан қалмауға ынталанады;
  • осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата-аналар таныстырылып, оларға да нәтижесін көргендерін байқап, риза болады.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, атa-аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тигенін қалайды, әрине. Мен де сол үшін жалықпай, жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырғанды жөн көремін. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамын. Ойы дамыған шәкіртерімнің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтерілгенін байқаймын.



© 2010-2022