Сабақ жоспары Отбасы-шағын қоғам 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Отбасы-шағын қоғам 4 сыныпСабақ жоспары Отбасы-шағын қоғам 4 сыныпСабақ жоспары Отбасы-шағын қоғам 4 сынып Ж.М.Жаксымбетова «Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» ММ Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары ауылы Сабақтың тақырыбы: Отбасы -шағын қоғам. Қоғамдық топтар Сынып: 4 Сабақ мақсаты: Отбасының шағын қоғам екенін айта отырып, «Қоғам» деген сөздің мәнін түсіндіру. Міндеттері: -Әртүрлі тапсырмалар орындату арқылы баланың ой-өрісі, тілі дамиды; -Отбасы қорының жиналуына балалардың да үлесінің бар екенін,отбасының қоғамдағы орнын түсінеді. -Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу қабілеттері дамиды. Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: «Өкіл», төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар, «Отбасы құндылықтары» бейнеролик,

«Аквариумдағы балықтар», синквейн Оқыту нәтижесі: отбасы-шағын қоғам екенін ,отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері туралы түсінеді.

өздігінен білім алу қабілеттері дамиды, диалогке түседі, өз ойларын жеткізеді, ортақ шешімге келеді, өзін және

өзгелерді әділ бағалайды.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақта психологиялық ахуал тудыру

Үй жұмысы

«Комплимент» тренингі. Әр балаға комплимент жазылған қағаздар таратылады.

Сен ақылдысын

Сен көріктісін

«Отбасыдағы мерекелер» эссені оқыту.

Ынталандыру мақсатында смайликтер беріледі.

Оқушылар бір-біріне комплимент айтып, топқа бөлінеді. Балалар шеңбер бойымен комплимент айтып шығады. Комплимент бойынша топқа бөлінеді.

-Сен ақылдысын

-Сен көріктісін

-Сен сымбаттысын

Топпен ең жақсы жазылған эссенін біреуін таңдап оқиды.

Ынталандыру мақсатында смайликтермен бағалайды

Білу

а)-Отбасы құндылықтарға не жатады?

-отбасы бақыты дегеніміз не? сұрақтар қойылады.

«Отбасы құндылықтары» видеоролигін көрсетіп, "Ой қозғау" сұрақтары арқылы сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Оқушының зейінін сабаққа аудару.

- Видеороликтен кімдерді көрдіңдер?

- Олар қайда? - Не істеп жүр?

- Қандай отбасы деп ойлайсыңдар?

Отбасы- шағын қоғам. Қоғамдық топтар"

Оқушылармен біріге отырып табыс критерийін құру:

Табыс критерийлері (бағалау парағы) үлестіріледі.

Видеороликті көре отырып, көргендерін әңгімелеп, ойларын білдіреді.

Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Балалар өз ойларын ашып айтып, ойларын дәлелдейді.

Оқушылар сабақта не білу мен не үйрену керектігін айтады, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру арқылы табыс критерийлерін құрады.

1. Қоғамдық топтар туралы айту, кездесетін қиын сөздердің мағынасын түсіндіре алу.

2. Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері жайлы түсінік беру. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алу. Отбасылық қоғамды басқа қоғамдық топтардан қандай айырмашылығы барын ажырата білу. Өз отбасын зерттей алу.

3. Мәтінді жалғастырып, өмірмен байланыстыру. Қоғамдық топтарда кездесетін кейбір іс- әрекеттерді сахналап көрсете алу.

Түсіну

Жеке жұмыс. Оқып түсіну үшін жеке және жұппен жұмыстануға уақыт беріледі.

«Өкіл» әдісімен жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту. Мәтінді оқу, түсінгенін айту.

Тапсырманың табыс критерийі:

1.Қоғамдық топтарды білу. 2.Отбасының қоғамдағы орны туралы түсіну.

3.Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы білу.

Тақырыпқа постер арқылы ашу ұсынылады.

"Екі жұлдыз, бір ұсыныс" әдісімен өзара бағалайды. Оқушылар мәтінді жеке оқиды, жұбына айтады.

Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, басқалардың идеяларын анықтау үшін, басқа топқа жіберіледі. Не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады.

Оқушылар постер жасайды, қорғайды.

"Екі жұлдыз, бір ұсыныс" әдісі бойынша бағалайды.

Қолдану

Зерттеушілік жұмыс: (оқулықпен жұмыс)

І топ- Қандай қоғамдық топтарды білесің? Отбасыңда сенің, ата-ана, бауырларың мен ата- әжеңнің қандай құқықтары мен міндеттері бар?

ІІ топ- Отбасыңда өз құқығыңды қорғауға тура келген кез болды ма? Болса, айтып берші. Отбасылық шежіре жайлы түсінігің қандай?

-Егер отбасында келіспеушіліктер болса, оны қалай шешу қажет деп ойлайсың? Өзіңнің де адамзат баласының бір бөлшегі екеніңді түсінуің сенде қандай сезім туғызады? (оқушыларға бағдар беріледі)

Оқушылар толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге тырысады.

Міндеттер

Әке Бала Ана

Отбасылық шежіре жайлы өз ойларын білдіреді. Мысал келтіреді.

Бағалау

Сабақ жоспары Отбасы-шағын қоғам 4 сынып

Өз сөздерімен мысал келтіре отырып түсіндіред

Талдау

Сабақ жоспары Отбасы-шағын қоғам 4 сынып

І топ: Отбасы, ата-ана, дос, бауырлары туралы мақал- мәтел айтады.Мағынасын түсіндіреді.

ІІ топ: Мәтін жалғастырып , өмірмен байланыстыра отырып, сахналап көрсетеді.

Мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Сахналап көрсетеді.

Жинақтау

«Аквариумдағы балықтар» әдісі бойынша сұрақ-жауап жүргізу.

-Қалай ойласыңдар, жер бетіндегі барлық адамдарға өздерінің бір қоғам екенін түсінуі не үшін қажет?

-Отбасы деген не?

-Қоғамдық топтарды ата

-Егер отбасында келіспеушіліктер болса, оны қалай шешу қажет?

-Өзіңнің де адамзат баласының бір бөлшегі екеніңді түсінуің сенде қандай сезім туғызады?

-Отбасыңда қандай дәстүрлер бар?

-Отбасында сенің және ата-ана, бауырларың мен ата-әжеңнің қандай құқықтары мен міндеттері бар?

Ойланады, ойын қорытады.

Жаңа сабақ бойынша ақпараттарды тұжырымдайды.

Бағалау

Сабақ жоспары Отбасы-шағын қоғам 4 сынып Рефлексия




Бағалау






Үйге тапсырма

Синквейн «Отбасы » жазу

Сабақты қалай түсінгендерін «Блоб ағашына» өздерінің есімдері жазылған сары стикерді жапсырады, сабақтан алған әсерлері жайында қызыл стикерге жазып жапсырады.

Сабақтың табыс критерийлеріне оралу, оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

Әр топтан 1,2 оқушының өзін-өзі бағалауын тыңдау, өз пікірімді айтып, қорытындылау.

1. 78,79-бет. Мәтінді оқу, мазмұнын әңгімелеу.

2. Отбасыңның тіршілік-тынысына зерттеу жүргізу, отбасы шежіресін біліп келу.

Жұмыс алгоритмі:

1 жол-1 сөз зат есім

2 жол-2 сөз етістік

3 жол-3 сөз сын есім

4 жол-сезімді білдіретін сөйлем

5 жол-синоним

Сабақтан алған әсерлері жайында пікірлерін білдіреді

Әр оқушы сабақтың басында берілген бағалау парағына табыс критерийлеріне қаншалықты жеткенін белгі арқылы бағалайды.

Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.





© 2010-2022