Қажымұқан 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қажымұқан 3 сыныпҚажымұқан 3 сыныпҚажымұқан 3 сыныпПәні : Әдебиеттік оқу.

Тақырыбы : Қажымұқан. М.Тәнекеев.

Мақсаты:

Білімділігі :Оқушыларға М.Тәнекеевтің «Қажымұқан» әңгімесімен таныстыра отырып, Қажымұқан туралы толығырақ мағлұмат беру. Мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың негізгі ойды түсінуге жетелеу.
Дамытушылығы :оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,ой белсенділігін дамыту,шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісе отырып,ой-пікір,сөз еркіндігіне баулу.
Тәрбиелілігі :ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға,халқы үшін қызмет ететін намысты ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, сызба, шығармашылық тапсырма,ойын.

Көрнекілігі :Қ.Мұңайтпасовтың суреті,слайдтар,
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз -білім алу,

Міндетіміз -еңбектену.

Білімді боп топты жару,

Білікті боп өмірге ену.

Таңдаған түстері бойынша топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру «Комбаттың әңгімесі»
І топ мәтіннің мазмұнын айту.

ІІ топ Әлия туралы жинаған деректерін оқу.

ІІІ топ Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдер жинау,оқу.
ІІ.Жаңа сабақ:

Есіңе түсір. Бұл суретті қайдан көрдіңдер? Кім деп ойлайсыңдар?
Адамның күштілігін неден аңғардың?

2 сыныпта өткен Қалмақан Әбдіқадыровтың «Алып бала» шығармасын еске түсіру.

Ассосация құру.

қазақ балуаны кәсіби күрескер

Қажымұқан

Әлем чемпионы


Бүгін Мұратқан Тәнекеевтың Қажымұқан шығармасымен танысамыз.
Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазып қойыңдар. «Қажымұқан»
Инсерт әдісі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Қажымұқан туралы не білесіңдер?

Тағы не білгілерің келеді?

Қ. Мұңайтпасов - тұңғыш қазақ балуаны, кәсіби күрескер, әлем чемпионы. Ақмола облысы Қараөткел аймағы Қоспа аулында дүниеге келген. Бала кезінен ол қайратты, алып болып өседі. Ол 28 мемлекетте күресіп, 48 алтын, күміс, қола медальдарын әйгілі сигизмунд белбеуін алған. Ұлы Отан соғысы жылдарында көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді.
1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. Қалқаман Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітаптары бар. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданы Ленин туы колхозында қайтыс болды.

1.Оқулықпен жұмыс:
Мұғалімнің оқуы
Оқушыларға тізбектей оқыту
Тауып оқу
2.Сөздік жұмыс
Ипподром - ат жарысы өтетін жер.
Бұрын бұл жерлерде балуандар күресі өткен екен.
Казір балуандар күресі қайда өтеді?
- Спорт сарайларында
3. Әр топ мәтіннің бөліктеріне ат қою,сұрақтарға жауап беру.
І топ «Күрес алаңында»

Сұрақ :Халық неліктен Нұрлыны ерекше қошеметпен қарсы алды ?

ІІ топ «Балуандар кілемде»

Сұрақ :Жеңіліп бара жатқан Нұрлының күйі қандай болды?

ІІІ топ «Батыл шабуыл»

Мұқанға қандай есім сыйға берді?

4. Суретпен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме жазу.
- Суретте кімдер бейнеленген?
- Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?

5. Сергіту сәті: Спорт туралы өз ойларын ортаға салу.
6. Қажымұқан туралы фильмді көру.
«Ямагата Мухунури», «Иван Чёрный», «Қара Мұстафа».
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы - 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол замандағы жағымпаз баспасөз өкілдері, біресе «жапон» деп, біресе «маньчжур» деп, мүмкіндігінше «қазақ» екенін айтпауға тырысты.

7.Бүгінгі таңда Қажымұқанның ізін жалғап жүрген қандай спортшыларымыз бар? Өмірмен байланыс
Қазір елімізде балуандарға байланысты не өтіп жатыр?
«Қазақстан барысы - 2014» турнирі өтті. Биыл Мұхит Тұрсынов «Қазақстан барысы» атанды. Жеңімпазға «Қазақстан барысы» алтын белбеуі берілді.

8.Шығармашылық тапсырма:
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса,....

ІІІ.Сабақты бекіту: «Мен саған,сен маған» ойыны
1.Мәтінде кім туралы әңгімелейді?

2.Мұқанның бұл жолғы қарсыласы кім болды?

3.Жекпе-жек немен аяқталды?

4.Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан балуан майданға өз қаражатымен жасалған не жіберіпті?

5. Қажымұқанның лақап аты .

6.Осындай ірі тұлға туралы жазылған мәтіннің авторы кім?
ІҮ. Бағалау Үйге тапсырма : Мәтінді оқу,мазмұнын айту.Тағы балуанның жетістігі бар екенін жинау.





© 2010-2022