Пингвин неге ұша алмайды? И дыбысы. тақырыбында ана тілі пәнінен ашық сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі (ашық сабақ) 1 д сынып


Сабақтың тақырыбы: Пингвин неге ұша алмайды? Идыбысы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларға И дыбысы жіңішке және жуан айтылу қалпын меңгерту, пингвиндер жайлы түсінік қалыптасуына мүмкіндік жасау және мәтінді түсініп оқу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

ә)дамытушылығы: сөйлеу мәнерін,оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын,топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту

б)тәрбиелілігі:Отанын,елін,жерін сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа,сауатты жазуға,оқуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын ойнату, мадақтау, СТО стратегиялары

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, дыбыстық белгі т.б.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Үлкенге де -сіз,

Кішіге де -сіз,

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз.

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәттілікке толсын .

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

ІІ Өткен сабақты пысықтау

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

  2. Аяз мәтінін түсінгенін сұрау. (3 оқушыдан сұралады).

  3. Сұрақ-жауап.

-Аяздың қандай пайдасы бар?

-Қалың қардың пайдасы қандай?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс

-Қазір қай ай?

-Қаңтар

-Ауа райы қандай?

-Салқын,суық,аяз.

III Өткен сабақты бекіту.

3.Миыға шабуыл. «Сиқырлы әріптер»

- Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?

- Дыбысты естиміз,айтамыз.Әріпті көреміз,жазамыз

-Фонетика нені зерттейді?

-Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым.

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты, дауыссыз дыбыстар.

-Дауысты дыбыстар тілдің қатынасына қарай нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар тілдің қатынасына қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.

-Жуан дауысты дыбыстарды ата?

- а, о, ұ, ы, (у)

-.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?

-ә, е, ө, ү ,і.

-Сөздің жуан айтылуы неге байланысты?

-Сөздің жіңішке айтылуы неге байланысты?

III Жаңа сабақ

Проблемалық сұрақ. «Ой қозғау!»

-Балалар, тақтада көрсетілген жуан және жіңішке дауыстылардың санын қосқанда, барлығы 9 болды, ал дауысты дыбыс 11 болу керек.

-Сонда қандай дыбыс қалып қойды? (и,у)

-Неге бұл екі дыбыс бөлек қалды?

-Осы сұраққа жауап беру үшін «и» дыбысына байланысты сөздер айтып көрейікші. (инелік, ит, ине,иық т.б.)

-Айтқан сөздеріндегі дауысты дыбысты атаңдар ол қандай дыбыс?

-Мына сөзде, «и» дыбысы жіңішке ме әлде жуан ба?(пингвин)

1.Мұғалімнің түсіндіруі.

Пингвин туралы қосымша мәлімет.

Пингвиндердің 18 түрі бар. Қанаттарының болуына қарамастан ұша алмайтын құс. Өмір жасы 30-35 жыл. Көбінесе Антарктика сияқты өте суық жерлерде мекендейді, алайда ыстық климатта мекендейтін пингвиндер де бар. Үлкен пингвиндер суыққа өте төзімді болады. Ал кішкентай пингвиндер ыстық климаттарда тіршілік ете алады.

Қанаттары ұшуға емес, жүзуге арналған. Соның арқасында өте жақсы әрі жылдам жүзеді. Негізінде, ұшатын құстарға қарағанда олардың сүйектері ауыр болады. Бұл да сүңгуді және суға батуды, өте сырғанақ мамығы су астында жақсы жүзуді, мұзды суларда үсіп қалмауды қамтамасыз етеді. Ыстық климатта мекендейтін пингвиндердің мамығы жұқа болады.

Кейде қар үстінде бауырымен сырғанайды. Қорегін судан аулайды. Шаян, ұлу, балықтармен қоректенеді. Жағалауда да мұздан ашылған тесіктерден көрген балықтарды аулайды. Есту қабілеті жақсы дамыған. Су астында да өте жақсы естиді.

Пингвиндер балапандарын суықтан қорғау үшін аяқтарының үстіне қойып, бауырымен жылытады.

Суды және жүзуді пингвиндер өте жақсы көретін құс. Суға түсер алдында батыл пингвиндер суға түсіп, қауіп-қатердің болмағанын ескерткен соң оның артынан ереді. Негізінде үнемі топ болып жүреді.

IV Оқулықпен жұмыс.

2.Мұғалімнің мәтінді оқуы.

3.Оқушылардың кезекпен оқуы.

4.Сөздікпен жұмыс.

Мамық-құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

5.Пингвин туралы фильм көрсету.

6. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық. Иіліп солға бір, Иіліп оңға бір, Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым, Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық.

Оқулықтағы 37- жаттығуды тақтаға орындау.

Сақина биші

Иық инелік

Сиыр жидек

ине

6. Дәптермен жұмыс.

1. Тиісті сөзді сәйкестендір.

Жіпті инеге сабақтады.

Тиін орманда болады.

Киімді ілгішке ілді.

Сиыр өрістен қайтты.

2. И дыбысы бар сөз ойлап, екі бағанға бөліп жаз.

Жуан Жіңішке

3. И дыбысы кездесетін адам аттарын жаз.

V Қорытындылау, бағалау.

1.Ойын «Адасқан әріптер»

"Адасқан әріптерді" орнына қой және и дыбысы қалай естіліп тұрғанын айт.

н е л к і и инелік

н е и ине

р ы и с сиыр

б і ш и биші

2.Сұрақ -жауап

3.Инсерт» стратегиясы

Білемін Білдім Білгім келеді

4. Бағалау.

VI Үйге тапсырма

Пингвин неге ұша алмайды?

(түсініп оқу)


© 2010-2022