Ашық сабақ Етістікті қайталау 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Начало формы

Конец формы

Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Етістік туралы алған білімдерін, білік дағдыларын бекіту, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Дарындыоқушылардыанықтау.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Әдісі: Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлік оқыту, бағалау.

Көрнекі құралдар: күннің суреті, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже: Етістік туралы білімдері тиянақталып бекітіледі. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену, дарынды балалар қабілеттерін анықтау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин.)

Психологиялық ахуал.

  • Қазір кімнің көңіл-күйі өте тамаша, қол көтерсін!

  • Кімнің досы осы сыныпта отыр, қол шапалақтасын!

  • Кім өз-өзіне сенімді, қол көтерсін!

  • Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала, қол шапалақтасын!

  • Қазір не істейтінімізді білмейтін бала, қол көтерсін!

Үй тапсырмасын тексеру. «Автор орындығы» (3 мин)

ІІ. Ой шақыру. (5 мин)

Стикер арқылы топқа бөліну. Қызыл гүлдер 1-топ. Сары лимон 2-топ. Қызыл гүлдер артында (жүгірді, отырды, жазды), сары лимон артында (күлді, секірді, оқыды) сөздер жазылған. Тапсырма сол сөздерді қимылмен бір топ көрсетеді. Ал келесі топ сол сөзді тауып атайды.

  • Ал енді осы сөздерге сұрақ қоямыз?

  • Сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

Мағынаны тану. (12мин)

«Етістік» деген сызба дөңгелектің артында бір сурет жасырылған. 1-слайд.

  • Ненің суреті деп ойлайсыңдар?

Оқушылар бірнеше ойларын айтады. Жасырылынған сурет күн болып шығады. Күн тапсырмасын орындау. 2 слайд.

  1. Егер сағат 10-да мен жарқырап тұрсам. 24 сағаттан кейін жарқырап тұруым мүмкін бе? (Иә, мүмкін, себебі 24 сағат бұл 1 тәулік)

  2. Бүгінгі тақырып пен күнді қалай байланыстыруға болады?

Күнге байланысты бірнеше етістіктер айтуға болады. Мысалы: жылытады, шығады, батады, күлімдейді, шашады.

  1. Шығармашылық жұмыс. Осы етістіктерді пайдаланып, «Мен күнмін» тақырыбына 1-топ өлең құрастыру.

2-топ әңгіме құрастыру.

Сергіту сәті. (2 мин)

Ойын. Мақсаты: түрлі-түсті стикерлерге жазылған әрекетті қимылмен жеткізу.

Шашыңды тара, тісіңді тазала, бетіңді сүрт, қолыңды жу, бетіңді жу, қолыңды сүрт, құлақпен естиді, ауызбен тамақтану.

Деңгейлік тапсырмалар. (10 мин) 3 слайд.

1 деңгей. Көп нүктенің орнына етістікті қойып жаз.

Оқушылар аулаға гүл ......... . Балалар гүлге су........ . Гүл тез ........ . Гүлге көбелек ......... .

2 деңгей.

Дара етістіктіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз.

Көрді, келді, оқыды, салды, лақтырды.

3деңгей.

Жалғасын тап.

Өнерлі өрге ........ .

Досы көпті жау ........ .

Сын түзелмей, мін .................... .

4 деңгей.

Шығармашылық жұмыс.

Жаңбыр жауады қалай?

Нелер? жүребелеп.

Гүлдерге не? қонады.

Көрінбей лезде не істейді?

Сабақ қорыту. (3 мин)

Жылдам жауап.

1-топ. Кез келген сөз таптарына қатысты сөз айтады

2-топ. Сол айтылған сөзге жылдам сұрақ қояды.

Рефлексия. (3 мин)

  • Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

Алған әсерлерін жазып, күннің шуағына жабыстыру.

  • Міне, күнімізде жарқырап шыға келді.

Бағалау. Әр топ басшысы бағалайды. (2мин)

Үйге тапсырма: 4-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтау. Тиісті етістікті орнына қойып жазу. Талдау : Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ берілді. Етістік тақырыбын қайталауға арналған тапсырмалар орындалды.Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдаландым. Барлық оқушылар қамтылды. 9 оқушы бағаланды. Сабақ мақсатына жетті.















Елек негізгі мектебі













Ашық сабақ





Тақырыбы: Етістік Өткізген: Каршигина Г.



2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022