Жапырақ (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2 сынып

Дүниетану.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өсімдіктің тірі табиғат екенін дәлелдеу. Оның тұқымнан өсетіні, жер бетіне өніп шығуы туралы білім беру. Өсімдіктің мүшелері, өсімдіктің өну ерекшелігі - ең алғаш өсімдіктің тамыры шығатыны, содан әрі өскін, өркен тарайтыны жайында түсінік беру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.

Көрнекілік: Суреттер. «Өсімдіктер» топтамасы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Өсімдік мүшелері, олардың орналасуы.

Жаңа сабақ.

Өсімдік мүшелері туралы не білеміз?

ЖапырақЖапырақ өсімдікке сән береді. Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады

Ол шаң тозаңды тұтып, Топырақты құнарландырады.

ауаны тазартады.

Жапырақта хлорофилл түзіледі. Жапырақты жануарлар қорек ретінде пайдаланады.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

Дауыстап кезекпен оқыту.

- Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту

Сергіту сәті.

. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Өсімдіктің өсуіндегі жапырақтың пайдасы.

Жапырақ қоректі қайдан алады?

Жапырақтың адам өміріндегі пайдасын айт.

Ағаш жапырағын көріп, суретін сал.

Ағаш жапырақтарын салыстыр.

Жапырақ өсімдіктің қай мүшесінде орналасқан. Ол мүшенің жапырақ үшін пайдасы қандай?

Оқулықпен жұмыс. «Күзде жапырақ неге сарғаяды?»

Оқулықта берілген суретпен жұмыс.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

Дауыстап кезекпен оқыту.

Шиенің жапырағы жерге түсісімен қыс келеді

Бұлт ағады аулаққа,

Күз келіпті бау-баққа.

Жаздай піскен жаңғақ та,

Шашылады жан-жаққа.

Суретпен жұмыс.

Суреттегі ағаштарды ата.

Суретші қай мезгілді бейнелеген?

Олардың жемісі қалай аталады?

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау

Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?

Жапырақтың түсі неге өзгереді?

Жапырақ неге түседі?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Бағалау: Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.



© 2010-2022