Құмырсқа мен көгершін

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Құмырсқа мен көгершін

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: Мәтінді түсініп оқуға, негізгі ойды анықтай білуге үйрету, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту;

Ә) Дамытушылығы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы,і) ерекшеліктерін байқату;

Б) Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауын, сөздік қорын дамыту, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: Мәнерлеп оқу, түсіндіру, жаттығу жұмысы, ойлау, өзіндік ізденіс, тест.

Көрнекілігі: Слайд, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз,

Бестік баға аламыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп өз білімімізді көрсетейік.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау санамыз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иіп бәріміз.

- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, қандай ережелерді естен шығармауларын керек?

- Есімізге түсірейік;

- Тәртіп сақтау;

- Сұрақтарға қол көтеріп жауап беру,

- Берілген тапсырманы түсініп орындау;

- Мәнерлеп оқу, сауатты жазу, нақты жауап беру;

ІІ. Өткен сабақты бекіту;

Үй тапсырмасын тексеру:

а) Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем» өлеңін мәнерлеп оқу.

ә) Өтілген тақырыптарды пысықтау сұрақтары:

1. Буын дегеніміз не?

2. Әліпби неше әріптен тұрады?

3. Дыбыс дегеніміз не?

4. Әріп дегеніміз не?

5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

6. Жұп дауыстыларды ата?

7. Тасымал дегеніміз не?

8. Қандай сөздерді тасымалдауға болмайды?

9. Жуан дауысты дыбыстарды ата?

10. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?

ІІІ. Жаңа сабақ. (дәптермен жұмыс)

- Балалар, біз енді жаңа сабағымызға көшейік.

- Оқулықтарыңыздың 43 бетін ашамыз.

А) Қызығушылығын ояту;

- Балалар, біздер бүгін Спандияр Көбеев атамыздың «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін оқып танысамыз:

- Енді Спандияр атамыздың өмір- дерегіне назар аударайық:

Қостанай облысыҚұмырсқа мен көгершін

1878-1956

С.Көбеев

Жазушы аудармашыҚұмырсқа мен көгершін

Құмырсқа мен көгершін

«Қалың мал» романы (1913)

2 рет Ленин орденімен марапатталған.Құмырсқа мен көгершін

Құмырсқа мен көгершін


Осы әңгімені оқымас бұрын біз құмырсқа, көгершін туралы олардың тіршілігі мен сипаттамасына назар аударайық.

Сұрақтар:

1. Құмырсқа қандай жәндік?

2. Олардың үйі қалай аталады?

3. Олар жұмысты қандай еңбекпен атқарады?

4. Құмырсқа туралы қандай ертегілер білесіңдер?

5. Құмырсқа туралі кім жұмбақ біледі?

Құмырсқа мен көгершін



6. Көгершін қандай құс?

7. Олар немен қоректенеді?

8. Басқа құстардан айырмашылығы қандай болады?

Құмырсқа мен көгершін



Кептер. Ертедегі теңіз саяхатшылары бір елден, екінші елге апарып олардың таралуына ат салысқан.

Оны бейбітшілік құсы немесе хат тасушы құс деп атайды.

Кептердің төрт түрі бар: етті, спорттық, сәндік, байланыс.

Халқымыз балалар көк жөтелмен ауырғанда оның қанын емдік қасиет ретінде қолданған.

- міне, балалар болашақта білімдеріңізді одон әрі жетілдіреміз.

ІV Оқулықпен жұмыс.

а) Әңгімені мұғалімнің оқуы.

ә) Оқушылардың оқуы.

б) Сөздік жұмыс.

в) -Әңгіме не жайында айтылған?

- Құмырсқа қайда келеді?

- Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?

- Құмырсқа көгершіннің жақсылығын қайтара ма?

Сөздік жұмыс: Түртіп алу жүйесі:

Сусап-шөлдеп

Тізбектеп оқу: (оқушылар оқиды)

Сергіту сәті:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Бара жатты жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Оңға бір қарады,

Солға бір қарады.

Үлкен тау деп ойлады.

V. Дәптермен жұмыс:

Көгершін, құмырсқаға сипаттама жазу. (өзіндік жұмыс)

Көгершін

1.

2.

3.

4.

Ортақ нәрсе

Құмырсқа

1.

2.

3.

4.




62- жаттығу:

Мақсаты: Мәтіннен ы-і жұп дауыстылары бар сөздерді тауып, көшіріп жазу.

Үлгі: Құмырсқа;----------------------

Көгершін;-------------------------------

VІ. Оқулықтан тыс тапсырма;

1. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, мақалды оқу. Мақалдағы жұп дауыстыларды табу.

Өт.....р....к сөз-ұят,

Ш...н сөз шият.

2. Мына берілген сөздерге тиісті әріптерін қойып, сәйкестендір. (бағыттарын көрсету)

Сызғ........ш

Кірп........ш

Өш....рг...ш

Қ..........рғ.....ш

І.......лг......ш

С.......йл.....қ

VІІ. Бекіту:

- Балалар біздер С. Көбеев «Құмырсқа мен көгершін» әңгімесін оқып таныстық.

- Қалай ойлайсыңдар бірі жәндік, бірі құс болса да олар қайырымдық көрсете білдіме?

- Халқымыз «Бірлік бар жерде-тірлік бар» деп бекер айтпаған. Құмырсқа еңбекқор, көгершін бейбітшілік құсы.

Оларды қорғау міндетміз.

(Олардың айырмашылығын еске түсірейік)

Мына өлеңді тез оқып, ішіндегі дауысты дыбыстарды атайық.

Ыбылжыған қимылы,

Ығыр қылды сыйлы іні.

Ысқырығын жоғалтып,

Ыдыс іздеп бір күні.

VІІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу, жұмбақ құрастыру. 62-жаттығу (ауызша) орындау.

ІХ. Бағалау. Сабақты аяқтау.






© 2010-2022