Қызықты есептер авторлық бағдарламасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызықты есептер авторлық бағдарламасы
«Қызықты есептер»
3 сыныпқа арналған курстық бағдарлама
Мазмұны
1.Түсінік хат
2. Оқушыларға қойылатын талаптар
3. Тақырыптық жоспар
4. Қосымша материалдар
5. Қолданған әдебиеттер
Түсініктеме.
8-9 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Қызықты есептер» арнайы курс бағдарламасы «Математика 3сынып» Ақпаева А., Лебедева Л. - Алматыкітап, 2014 ж., «Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары» авторлары: К.Ерешева, Г. Жамалбекова «Өлке» баспасы Алматы 2009 және «Қызықты математика» Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева, В.В.Буровова «Алматыкітап» жұмыс дәптерлер негізінде құрылған. 3 сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылының 1 жартыжылдығына 16 сағат жүктеме берілген.
Үшінші сыныпқа арналған арнайы курс «Қызықты есептер» дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындау үшін қажет пайымдау жасау, ой қорыту білігін қалаптастыру бойынша жұмысты жалғастырады. Тапсырмалардың мазмұны үшінші сынып оқушыларына математиканы оқыту әдістемесін дамытудағы қазіргі тенденцияларды ескере отырып құралған жаттығулар жүйесіне негізделген.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.
«Қызықты есептер» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Қызықты есептер» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
Көңілді жаттығулар, викториналар, ребустар, дыбыстық диктант, өздік диктант, терме диктант, көру диктант, сөздік диктант,грамматикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
Бағдарламаның маңыздылығы:
Оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе білу, фонетика, грамматика саласында тілдік білімдерін игеру.
«Қызықты есептер» арнай курс бағдарламасында келесі тапсырмалар түрлері енгізілген:
-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар;
-комбинаторлық тапсырмалар;
-заңдылықтарды, реттілікті анықтауға арналған тапсырмалар;
-жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған тапсырмалар;
-өзара-бірмәнді сәйкестік;
-математикалық басқатырғыштар;
-логикалық қортындылар;
-лабиринттер;
-көңілді жаттығулар (блиц-әртүрлі тапсырмалар);
-сөзжұмбақтар;
-реттеуге арналған тапсырмалар.


Мақсаты:
-Оқушыларға грамматикалық білім, білік, дағдыларын игерту;
-Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
-Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.
- Оқушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіріп, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.

Міндеті:
-оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

-ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

-логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

-оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.
-сөйлеу туралы қарапайым түсінік беру;
-сөздің дыбыстық құрылымы туралы түсінігін дамыта түсу;
-оқушылардың сауатты,көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
-оқушының ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру;
-қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу:

Бағдарламаның атауы
1 сыныпқа арналған математикалық бағыттағы «Қызықты есептер» курсының бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты
Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін және шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіріп, өздігінен жұмыс жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.

Бағдарламаның міндеттері
- Логикалық тапсырмалар арқылы жеке зейінін дамыту және қалыптастыру.
- Назар аудару ,елестету,есте сақтау, сұрыптау.
- Ойша тұжырымдама жасау.

Бағдарламаның маңыздылығы
Оқушыларды есептеу біліктілігі мен дағдыны қалыптастыру үрдісінде өзін-өзі бақылай алуға үйрету, негізгі математикалық тілдік ұғымдармен таныстыру.

Күтілетін нәтиже
- математикалық түсініктерді меңгереді
- оқушылардың оқу, математикалық сөйлеу дағдылары ұштаса түседі.
- Бір амалмен шығаратын қарапайым есетерді түсініп шығару.
- өз бетінше есептерді құрастыра біледі.
- дұрыс жазу ережесін меңгереді.
- шығармашылық қабілеттері артады.
- Есте сақтау қабілеті артады.
- Қиялдау қабілеті кеңейеді

Білім, білік, дағды деңгейіне қойылатын талаптар
Білімі:
- көрсетілген тәсілдерді пайдалана отырып, өрнектердің мәндерін ауызша есептей алу:
- көбейту және бөлуді баған түрінде орындау және оны тексеру:
- көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын және жақша арқылы жазылған өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтау және өрнектің мәнін таба білу:
- көбейту және бөлу амалдарынан тұратын, көбейту, бөлу амалдарының компоненттері мен нәтижесінің өзара байланысы арқылы теңдеулерді шеше білу;
Біліктілігі:
- математикалық білімді күнделікті өмірде қолдана алу;
- өтілген материалдар бойынша оқушылар тарапынан жиі жіберілген қателерді анықтай алу;
- көбейту және бөлу амалдарын шапшың есептей алу;

Дағды:
- жылдам есептей алу;
- математикалық ұғымдарды меңгеру
- шығармашылық және логикалық қабілетін арттыру.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер бастауыштың математикалық білімінің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлеріндегі математикалық сауаттылықты анықтаудың қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай бүгінгі күн талабына сай даярланған, көзі ашық, білім дәрежесі жоғары, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. Осы міндетті шешу мақсатында сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін, білім, білік дағдыларын арттыру мақсаты «Қызықты есептер» бағдарламасын жасадық.
«Қызықты есептер» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.

1 сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар
№ Тақырыбы Сағат саны Мерзімі Сабақтың түрі Қолданатын құралдар


1 Кіріспе 1 аралас үлестірмелі қағаздар
2 Есеп туралы түсінік 1 түсіндіру сызбалар
3 Есептің шартын құрастыру 1 дамытпалы Тірек сызбалар
4 Қосындыны табуға арналған есептер 1 талқылау қима суреттер
5 Азайғышты табуға арналған есептер 1 саяхат интерактивті тақта
6 Білімдерін тиянақтау 1 жарыс слайдтар
7 Бірнеше бірлікке азаюға берілген есептер 1 аралас электрондық
оқулықтар
8 Бірнеше бірлікке артыруға арналған есептер 1 ойын дидакт.материалдар
9 Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер 1 түсіндіру қима суреттер
10 Жұмбақты есептер 1 бәйге сөзжұмбақ
11 Қалдықты табуға берілген есептер 1 аралас ребустар
12 Айырманы салыстыру 1 түсіндіру матем. жұмбақтар
13 Ой ұшқырлығына құрылған есептер.Логикалық есеп шығару 1 бекіту логикалық тапсырма
14 Белгісіз қосынды мен айырманы табуға арналған есептер 1 ойын кеспелер
15 Өткенді қайталау 1 пысықтау шаблондар
16 Бақылау жұмысы 1 білім деңг. бақылау үлестірмелі
қағаздар
17 Білімдерін қорыту 1 қорытынды суреттер

Қосындыны табуға арналған есептер

1.Дымбілмес алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес барлыға неше құлпынай жеді?
2. Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды?
3. Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды?
4. Күлшеқызға 3 тиін және 7 қоян қонаққа келді. Күлшеқызға барлығы неше қонақ келді?
5.Қызыл телпек әжесіне 6 тәтті тоқаш және 3 етті тоқаш әкелді.Қызыл телпек барлығы неше тоқаш әкелді?
6.Асанда 4 машина, ал Үсенде сонша ұшақ ойыншықтары бар.Балаларда барлығы неше ойыншық бар?
7. Кірпі 3 саңырауқұлақ, ал тиін 5 саңырауқұлақ жинады. Олар барлығы неше саңырауқұлақ жинады?
8.Гауһар 5 гүл , ал Жауһар 4 гүл жинады. Қыздар қанша гүл жинады?
9.Аюға туған күніне арнап таңертең 6 бөшке бал , түсте 3 бөшке бал әкелді.Аюда барлығы неше бөшке бал болды?
10.Бірінші сөреде- 3 кітап, ал екінші сөреде- 7 кітап тұр.Екі сөреде барлығы неше кітап?

Азайғышты табуға арналған есептер
1.Қоян 4 сәбіз жегеннен кейін ода тағы 5 сәбіз қалды.Қоянда қанша сәбіз болды?
2.Ара бақбақтан тосап қайнатты.Ол досына 3 банка бергеннен кейін, 7 банка қалды.Арада қанша банка тосап болды?
3.Бөбектер ұшу шарында 2 километр ұшқаннан кейін, оларға тағы 3 километр ұшу қалды. Бастапқы кезде Бөбектерге қанша километр ұшу қажет болды?
4.Суретші қорабынан 6 бояу алғаннан кейін, 4 бояу қалды. Суретшіде қанша бояу болды?
5.Қоян көжектеріне 4 сәбіз бергеннен кейін, тағы 3 сәбіз қалды. Қоянда қанша сәбіз болды?
6. Себеттен 5 алма алғаннан кейін, онда тағы 5 алма қалды.Себетте қанша алма болды?
7.Карлсон 6 тәтті нан жегеннен кейін, 4 тәтті нан қалды. Қарлсонда неше тәтті нан болды?
8. Айдана 5 гүлге су құйғаннан кейін 2 гүлге су құйюқа үлгерген жоқ. Айдананың гүлзарында қанша гүл өсіп тұрды?
9.Винни- Пух 4 бөшке бал жегеннен кейін, тағы 2 бөшке бал қалды.Винни- Пухта қанша бөшке бал болды?
10. Пошташы 8 журнал таратқаннан кейін сөмкесінде 2журнал қалды.Пошташыда неше журнал болды?

Бірнеше бірлікке азаюға берілген есептер

1. Қоянда 5 қызыл және 2-ге кем көк шар бар.Қоянда қаншакөк шар?
2. Арманда 6 машина, ал Ерланда 3 машина кем болды. Ерланда неше машина болды?
3. Айман 8 есеп шығарды, Баян 3 есеп кем шығырды. Баян неше есеп шығарды?
4. Аюда 6 шар бар, Қоянда 3 шар кем болды. Қоянда қанша шар болды?
5. Дымбілмес 4 балмұздақ жеді, Білгіш 2 балмұздақ кем жеді. Білгіш қанша балмұздақ жеді?
6. Тиін 7 жаңғақ , ал алманы 5-ке кем жинады. Тиін қанша алма жинады?
7. Сәуле 4 сурет салды, ал Айгүл 2 сурет кем салды. Айгүл неше сурет салды?
8. Кірпі қысқы азығын жинап, бірінші күні - 9 алма, ал екінші күні 3- ке кем алма жинады. Кірпі екінші күні қанша алма жинады?
9. Қызыл телпек әжесіне 10 тәтті нан және 6-ға кем тоқаш әкелді. Қызыл телпек әжесіне қанша тоқаш әкелді?
10. Үйрек бірінші күні 8 балапан, ал екінші күні 2 балапан кем шығарды.Үйрек қанша балапан шығарды?

Бірнеше бірлікке артыруға арналған есептер

1.Диқаншылар күзгі егістік жұмыстарында 4 машина бидай және 3 машина артық арпа қоймаға жеткізді.Диқаншылыр қанша машина арпа жеткізді?
2. Гүлнәр 3 кәмпит , ал Шолпан 2 кәмпит артық жеді. Шолпан қанша кәмпит жеді?
3. Қорапта 6 қарындаш және 3-ке артық фломастер жатыр. Қорапта қанша фломастер жатыр?
4. Жанар 2 шелек , ал Майра 3 шелек артық құлпынай жинады.Майра неше шелек құлпынай жинады?
5.Гүлзарда 6 қызғалдақ және одан 3-ке артық сарығалдақ өсіп жатыр.Гүлзарда қанша сарығалдақ өсіп тұр?
6.Дәулетте 4 машина, ал Саматта 5 машина артық.Саматта неше машина бар?
7. Дәрігер бірінші күні 7 бала , ал екінші күні 3 балаға артық қабылдады. Дәрігер екінші күні қанша бала қабылдады?
8.Болатта 3 дәптер, ал Қайратта одан 3 дәптерге артық дәптер бар. Қайратта неше дәптер бар?
9.Тігінші 2 қызыл көйлек , және одан 3- ке артық көк көйлек тікті. Тігінші қанша қызыл көйлек тікті?
10. Қарлығаш балапандарын қоректендіру үшін таңертең 7 құрт, ал түсте одан 2 құрт артық ұстап әкелді. Қарлығаш түсте қанша құс ұстап әкелді?

Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
1.Аюда 9 килограмм бал болды. Ол бірнеше килограмм бал жегеннен кейін ода 4 килограмм бал қалды.Аю неше килограмм бал жеді?
2. Айдар Бурабайдың 10 фотосурет істеді.Досына бірнеше фотосурет бергеннен кейін 6 фотосурет қалды.Айдар досына неше фотосурет берді?
3.Сауыншы сиырдан 9 литр сүт сауып алды. Ірімшік жасауға бірнеше литр сүт пайдаланғаннан кейін 2 литр сүт қалды.Сауыншы неше литр сүт ірімшікке жұмсады?
4. Маймылда 10 банан болды.Бірнеше банан жегеннен кейін оның 4 бананы қалды. Маймыл неше банан жеді?
5.Қоймаға 7 жәшік жеміс әкеліеді. Оның 3 жәшігі алма, қалғаны алмұрт. Қоймада неше жәшік алмұрт әкелді?
6. Пошташыда 9 журнал болды. Бірнеше журнал таратқаннан кейін тағы 3 журналы қалды. Пошташы қанша журнал таратты?
7.Әнуарда 6 қарындаш болды. Ол бірнеше қарындашын досына бергеннен кейін ода 4 қарындаш қаоды.Әнуар досына қанша қарындаш берді?
8.Айнашта 8 шар бар. Бірнеше шарды ол құрбысына бергеннен кейін, қызда 4 шары қалды.Айнаш құрбысына неше шар берді?
9.Айжанның 6 тәтті наны болды. Ол бірнешеуін Серікке бергеннен кейін ода 2 тәтті нан қалды.Айжан Серікке қанша тәтті нан берді?
10.Аспазшы 10 литр кампот пісірді. Балалар оның бірнеше литрын ішкеннен кейін 4 литр қалды.Балалар неше литр кампот ішті?

Қалдықты табуға берілген есептер
1. Үстелдің үстінде 7 тоқаш жатты.Айжан 2 тоқаш жеді. Үстелдің үстінде неше тоқаш қалды?
2. Самал кітапханадан 7 кітап алды.Оның 3 кітабын оқыды. Неше оқитын кітап қалды?
3. Диас 6 сурет салды. Ол 3 суретін досына сыйлады.Диаста неше сурет қалды?
4. Гүлжанның туған күніне 8 қыз келді. 3 қыз үйлеріне кетті. Гүлжанның туған күнінде неше қыз қалды?
5. Асқардың кітабында 9 бет бар. Оның 4 бетін оқыды. Асқарға неше оқитын бет қалды?
6. Сандуғаштың туған күніне 10 сыйлық сыйлады. 6 сыйлықты ашып көрді.Неше ашылмаған сыйлық қалды?
7. Айбектің 6 дәптері болды. 2 дәптерін досына берді.Айбектің неше дәптері қалды?
8. Тиін 4 жаңғақ жинады .Ол 4 жаңғақты балаларына берді. Тиінде неше жаңғақ қалды?
9. Айдын 5 құлпынай жинап алды.Ол 4 құлпынайды жеп қойды. Айдында неше құлпынай қалды?
10. Омарташы 7 литр бал жинады. Оның 5 литрын сатты.Омарташыда неше литр бал қалды?

Айырманы салыстыру
1.Гүлзарда 5 раушангүл және 7 інжугүл өсіп тұр. Інжугүл раушангүлден нешеге артық?
2. Маратта 8 дәптер, Жанатта 5 дәптер бар.Маратта неше дәптер кем?
3. Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп алды.Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап алды?
4.Айнұрда 9 текше, Балнұрда 7 текше бар.Балнұрда неше текше кем?
5.Серік 10 балық, ал Берік 6 балық ұстап алды. Серік неше балық артық ұстап алды?
6.Қызыл телпек әжесіне 5 тәтті нан, және 7 самса әкелді. Қызыл телпектің тәтті наны қаншаға кем самсадан?
7. Сымбат далада 8 қызыл көбелек және 6 сары көбелек санап алды.Қызыл көбелек нешеге артық көк көбелектен?
8. Айсана 9 алма және 6 алмұрт жинады.Айсана жинаған алмұрт нешеге кем алмадан?
9. Бірінші сөреде 7 кітап , ал екінші сөреде- 5 кітап тұр. Бірінші сөреде екіншіге қарағанда неше кітап артық тұр.
10.Ислам 10 есеп, ал Айбол 6 есеп шығарды. Ислам Айболға қарағанда неше есеп артық шығарды?

Ой ұшқырлығына құрылған есептер

1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?
4.Үй тышқанның неше құлағы бар?
5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)
6.Самат,Марат,Қанатты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады? ( а)Самат, Марат, Қанат. ә)Самат,Қанат,Марат. б)Марат,Самат,Қанат. в) Марат,Қанат, Самат. г)Қанат,Самат,Марат. ғ)Қанат,Марат,Самат.)
7.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны -он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау)
8.Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа)
9. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам)
10. жанар меАнар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар.)

Жұмбақты есептер

1. Мұз айдында жеті бала.
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала.
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң -жарадың!

2.Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез шешеді?

3.Жаңа ғана шалғында,
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып.

4.Табақта бес алма,
Қолымда үш алма,
Інімде екі алма,
Қосқанда барлығын.
Болады неше алма?
Бір алма атама,
Бір алма әжеме,
Бір алма апама,
Бір алма әкеме,
Нешеуін алады?
Нешеуі қалады?

5.Аулада бс үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?

6.Қанша қоян аулада
Сонша тауық аулада.
Аяқтары он екі,
Санап көрші, кәнекей?

7.Екі аяқпен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің....
Нешеу болды кәне, бол,
Санап шығар кім бұрын?

8.Тал басында,
Тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның
Жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі?

9.Портфелімде әуелі,
Он үш жаңғақ бар еді,
Науат пенен Сағатқа,
Самат пенен Маратқа,
Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы, ал жаны?
10.Мына алты ақ алма-
Нұрбибі мен Жанарға.
Үш сарысы-Анарға,
Қызыл алма-Манарға.

Қолданған әдебиет
1. Қызықты математика Алматы кітап 1998.
2. «Ойнайық та, ойлайық» Алматы кітап 1996.
3. 12 жылдық білім 2008, №7.
4. Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру стандарты.
Алматы, 2003ж.
5. «Кім зерек?» Алматы 1993.
6. «Сказочные задачи» 1 сынып О.В.Лысова, О.В.Кутянина
7. Математика және информатика журналы 2002, № 6.
8. «Бастауыш мектептің математикасы» Т.Л.Пахомова
9. «Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары» авторлары: К.Ерешева, Г. Жамалбекова «Өлке» баспасы Алматы 2009
10. «Қызықты математика» Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева, В.В.Буровова «Алматыкітап» 2011ж.
11. «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар»
Ш.Х.Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева «Атамұра» 1997ж.
12. «Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар» Т.К.Жикалкина,. Алматы «Рауан» 1992ж.



© 2010-2022