Әдебиеттік оқу (Халық ауыз әдебиеті) 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3

Тақырыбы: «Ырыс - Сыр /аңыз/

Сабақтың мақсаты: А) Ақпараттық құзыреттілік: Халық ауыз әдебиетінің түрі - аңыз туралы түсінік беру; шығарманың тақырыбын ашу, тазалау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту; мәтінде аталған жер-су аттарына байланысты ақпарат беру; туған елдің өңірлерін, олардың ерекшеліктерімен таныстыру. Ә) Коммуникативтік құзіреттілік; Аңыздың мазмұнын зерделеу арқылы мәнін ашу негізінде танымдық әрекет атқару; оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойлау қабілеттерін, көркем әдеби тілде сөйлеу қабілеттерін дамыта түсу, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге жетелеу. Б) Проблеманы шешу құзіреттілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, мәтін мазмұны негізінде адал еңбек бақытқа жеткізетінін ұғындыру; елін, жерін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Ынтымақтастық технологиясы, ұжымдық, топтық оқыту, әңгімелеу, тапсырмалар орындау.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі.

Оқыту құралдары:

Оқулықтар (әдебиет, дүниетану) қосымша мәтіндер, интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдаланып көрсетілетін слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

І. 1. Психологиялық дайындық.

Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ - үйрену, оқу, ұлағат.

Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. «Туған елім-туған жерім» тарауы бойынша өткенді қайталау. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. Әр топқа тапсырмалар беру.

1 топ: И. Байзақовтың «Алтай» өлеңі бойынша.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңге қандай әуен таңдар едің? Белгі қой.

  • Көңілді;

  • Көңілсіз;

  • Салтанатты;

  • Шабытты;

  1. Өлеңнен Алтайдың биіктігі туралы айтылған жолдарды тауып жаз;

______________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Алтайда қандай аңдар мен хайуанаттар мекендейді?

___________________________________________________________________

  1. Дүниетану оқулығының 157 бетіндегі мәтінді оқы. Өлеңнен осы мәтіннің мазмұнымен үндесіп тұрған жолдарды тауып жаз.

___________________________________________________________________

ІІ-топ. Қ. Тлыбаевтың «Жетісудың көлдері» өлеңдері бойынша.

  1. «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» кітабының 94-ші бетіндегі мәтінде аталған өзендердің атын жаз.

______________________________________

______________________________________

Бұл өңірдің осылай аталу себебін түсіндіріп көр.

  1. Жетісу өлкесі деп қай облысты атайды?

  2. Осы өлкеде тағы қандай көл бар? Картадан көрсет.

  3. Жетісу өлкесіндегі көлдер туралы өлеңнің бірін жатқа айт.

  4. Балқаш көлі туралы тағы не білесің?

ІІІ-топ. Ғ. Мұстафиннің «Қарағанды» әңгімесі бойынша.

  1. Автор жөнінде білгеніңді кестеге түсір.

Ғабит Мұстафин

  1. Өмір жылдары


  1. Туған жері.


  1. Шығармалары


Түсіндір: Шахта-

Шахтер -

Забой -

  1. Дүниетану оқулығының 61-62 б.б.пайдалана отырып, «Көмірді қалай өндіреді?» тақырыбынан төмендегі жоспар бойынша әңгіме құрап айт.

  1. Шахтердің жұмыс орын.

  2. Шахтадағы машиналар.

  3. Көмірден нелер алынады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүгін өткен сабақтарымыздағы саяхатымызды жалғастыру мақсатында ауыз әдебиетінің бір түрі «Ырыс - Сыр» аңызымен таныса отырып, еліміздің оңтүстік өңіріне жол тартамыз.

Ертегі

Мақал-мәтел

Жұмбақ

Айтыс

Әдебиеттік оқу (Халық ауыз әдебиеті) 3 сыныпӘдебиеттік оқу (Халық ауыз әдебиеті) 3 сынып

Әдебиеттік оқу (Халық ауыз әдебиеті) 3 сынып

Ауыз әдебиеті

Жаңылтпаш

Әдебиеттік оқу (Халық ауыз әдебиеті) 3 сыныпӘдебиеттік оқу (Халық ауыз әдебиеті) 3 сынып

Әдебиеттік оқу (Халық ауыз әдебиеті) 3 сыныпӘдебиеттік оқу (Халық ауыз әдебиеті) 3 сыныпӘдебиеттік оқу (Халық ауыз әдебиеті) 3 сынып

Батырлар жырлары

Аңыз

Тұрмыс-салт жырлары


  1. Сөздік жұмысы.

Ырыс-бұйырған нәсіп, ырыздық.

Сыр - Сырдария, Қазақстанның оңтүстігіндегі өзен.

Оңтайланды - ыңғайланды.

Ғайып болды - жоқ болып көрінбей кету.

  1. Мағынаны тану.

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша мәтінді бөліктерге бөліп оқу, тек енді мәтінде кездесетін кейіпкерлердің аты мен жер-су атауларын сызып отыру.

1-бөлім. 1) Ағайынды жігіттер неліктен жаңа қоныс іздеуге мәжбүр болды?

  1. Ауызша болжау жасау. Аңыз мазмұны әрі қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар?

2-бөлім. Ағайынды жігіттердің тағдыры не болғанын білгілерің келсе, аңызды әрі қарай оқимыз.

  1. Олар қандай ғажайып оқиғаны бастарынан өткізді? (қария кездесіп жол сілтеуі, артынан ғайып болуы).

3-бөлім. 1) Сырдың сипатын тауып оқы.

  1. Сыр өңіріндегі халық тіршілігін сипатта.

  2. Сыр өңіріне қоныстанғаннан кейін жігіттер нені кәсіп қылды? Олардың мал-малданып, жан-жандануының себебі неде?

  1. Ой толғау.

  1. Шығармадағы негізгі ой қандай? Адал еңбек бақытқа, байлыққа жеткізеді.

  2. Өздері жасаған болжауға оралу. Болжауларында аңыз мазмұнына ұқсас жерлері бар ма?

  1. Қорытынды.

Мәтінде Сырдария өзенінен басқа қандай жер атаулары кездеседі? (Қызылқұм, Қарақұм). Тағы қандай күрделі сөздер бар? (Ағыбай, Арнабай). І-топ. Ағыбай, Арнабай шыққан Қызылқұм, Қарақұмның табиғат ерекшеліктері туралы мәлімет береді. (Қызылқұм-Қазақстанның оңтүстігіндегі құмды алқап. Бұл еліміздің аса құрғақ және ыстық жерлерінің бірі.). ІІ-топ. Бұл өңірдің меендейтін жануарлары туралы айтады. (Шөлді жерлерді қарақұйрық, ақбөкен, құлақты кірпі, сұр келес, қосаяқ сияқты жануарлар мекендейді. Жаз ортасында шөлді даланың шөбі қурап кетеді. Сол мезгілде жылдам ұшуға, тез жүгіруге бейімделген жануарлар жер-жерді шарлап су тауын ішеді. Тасбақа, кірпі, қосаяқ сияқты жануарлар шөп құрамындағы ылғалмен сусындайды. Ал шөп әбден қурап кеткенде олар індеріне кіріп ұйқыға кетеді. ІІІ-топ кейіпкерлердің жаңа қонысы Сыр өңірі туралы айтады? Міне осындай жерге өмір беріп жатқан өзен - Сырдария. Осы өзеннің жағалауына адамдар күріш егеді.

  1. Сабақты аяқтау.
Ақ күрішті Сыр өңірін әнге қосқан Ш. Қалдаяқов атамыздың «Сыр сұлуы» әнін тыңдау.
  1. Үйге тапсырма.
Аңызды оқу, түсіну. Мәтін соңындағы сұрақ-тапсырмалармен жұмыстану. Күріш туралы реферат жазып келу.
© 2010-2022