«Құстарға астау жасаймыз» (Ұсақ құрылыс материалдары)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:04.11.14

Білім беру саласы:

Қатынас

Бөлімі:

Құрастыру

Тақырыбы:

«Құстарға астау жасаймыз» (Ұсақ құрылыс материалдары)

Мақсаты:

Ұсақ құрылыс бөліктерін көлеміне қарай біріктіріп бір тұтас затты құрастыруға үйрету.

Міндеттері:

Балалардың зейіндері мен қабылдау қабілеттерін дамыту. Құрастыру барысында эстетикалық және көркемдік талғамын тәрбиелеу.


Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:

Ұсақ құрылыс материалдары ,құстар, үй құстардың дауыстары, астау ағаштан, темірден, ұсақ құрылыс материалдарынан, сурет үлгілері,

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы

Тәрбиеші балаларға: жұмбақтар жасырады:

Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай. /Әтеш/

Таң атса жерден жем аңдыған. /Тауық/.

Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, әтешпен тауықты бір сөзбен қалай айтамыз?

Тәрбиеші құстардың дауыстарын естігілерін келеді ме?

Таспа қосылып: (үй құстардың дауыстары шығады

Тәрбиеші: дауыстары қалай шығады?

Тәрбиеші дауыстары естілінбей қалды, неге?

Тәрбиеші мүмкін олар жем жегісі келеді?

Балалар оларға жем берейік.

Дидактикалық жаттығу: «Құстарға жем берейік»

Жем шашып еліктеу жасайды.

Тәрбиеші: жоқ құстардың дауыстары шықпайды, не болып қалды?

Тәрбиеші мүмкін біз оларға сыйлық жасап береміз

Балалар келісіп ( екі орталыққа бөлініп бірі шығармашылық орталығына барады да үй құстарына әдемі көк шөп алаңқайын жапсырып жасайды; қалған балалар құрастыру орталығына барады)

Балалар тыңдайды, ойланып жауап береді

Жұмбақтын шешімін айтады.

Балалар үй құстары

Балалар қыт-қыт-қыт; деп айтады

Балалар ойланады.

Балалар ойланып өз жауаптарын айтады.

Иә жасап көреміз

Балалар орталыққа бөлініп бірі құрастыру орталығына барады да «Әдемі көк шөп аланқайы» жапсыруын жасайды.

Ұйымдастыру

іс-әрекеті




Тәрбиеші балаларды жұмыс орнына өтуін сұрайды. Үй құстары нені ұнатады (жақсы көреді?) деп сұрақ қояды?

Балалар жем, шөп, далада жүргенін ұнатады

Жемді олар қалай жейді (шоқиды?)

Балалар көрсетеді

Тәрбиеші жемді оларға кімдер береді?

Адамдар жемді қайда салады?

Дұрыс айтасыңдар ыдысқы. Бірақта ол ыдыстын өз атау бар деп түсіндіреді Астау. Астау сөзін қайталатқызады

Астау суретін көрсетеді пысықтайды.

Астау ағаштан, темірден жасаланады, ал біз бүгін астауды ұсақ құрылыс бөліктерден құрастыруға үйренеміз.

Дидактикалық ойын: «Менін қолымда не бар?»

Мақсаты: балалардың зейіндері мен қабылдау қабілеттерін дамыту.

Құралдар: құрылыс материалдары мен сурет үлгілері

Шарты: Тәрбиешінің қолына кезек-кезек құралдарды алып мынау не ? менің қолымда не бар? Деген сұрақтар қояды. Балалар заттын атауын толығымен айтып беру керек.

Тәрбиеші балаларға үй құстарына астау жасау жолдарын көрсетіп түсіндіреді (ең керекті материалдарын алдын ала дайындайды: ұсақ текшелер мен кірпіштер.

  1. Ең кішкентай кірпіші көлденен қоямыз (бұл астаудың түбі)

  2. Кірпіштің екі жағына тігінен ең кішкентай текешені қоямыз (бұл астаудың қабырғалары)

  3. Кірпіштің жанынан кішкентай пластиналарды қырымен қоямыз (бұл астаудың көлденең жатқан қыры болады)

Тәрбиеші міне астау дайын, жем шөп салуға болады деп түсіндіреді.

Тәрбиеші түсіндіру барысында қырынан, көлденен, үстене, деген жаңа сөздердің мағынансын түсіндіріп бекітеді.

Тәрбиеші: балалар ал енді қәне жұмысқа кірісейік.

Тәрбиеші сабақ барысында балалармен бірге жұмыс жасайды және құрастыру барысын бақылай отыра (балалардан қандай ұсақ құрылыс материалдарын алдын?; не үшін алдың?; құрылыс материалдың атауын сұрайды; алған затын қай жерге қойдың,? т.с.с.)

Саусақ жаттығулары мен сергіту.

Бас бармағым - атам, үйдің данасы.

Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы.

Ортан терек - әкем, отау панасы.

Шылдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажары.

Титтей - бөбек - мен, бәрінің базары.

Тәрбиеші: Шығармашылық орталығындағы балалардың жасаған «Әдемі көк аланқай» үй құстарына сыйлайды.

Тәрбиеші: міне үй құстарына астауымыз дайын енді оларға жем салайық деп балаларға тапсырма береді

Таспа қосылып үй құстары қайта сайрап дауыстарын шығарады.

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Балалар табиғи заттарға көңілдерін толық аударып сұрақтар қояды, тәрбиеші жауап береді

Балалар адамдар береді

Балалар ыдысқа

Балалар мұқият қарап тындайды.

Балалар астау деп қайталайды

Балалар тақтайшаларды алып жұмысқа кіріседі.

Балалар алған затын не үшін алдын, ол затты қай жерге құрастыратынын білу керек.

Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап беру керек.

Балалар жасаған жұмыстарына қарап, жұмыстарын қалай жасағанын түсіндіреді.

Балалар тыңдайды, естеріне сақтайды, тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге тырысады.


Балалар астауға жем салады

Рефлексивті-түзетуші

Балалар бүгін қандай жұмыс жасадық?

Қандай дыбыстарды істедіңдер?

Қандай құстардың дауыстары шықты?

Құстарға не жасадық?

Астауды қандай құрылыс заттардан жасадық?

Құстарға сыйлық жасадық

Құстардың дауыстарын тыңдадық

Үй құстарынын

Астау жасадық

Ұсақ құрылыс материалдарынан жасадық (тәрбиешінің көмегімен балалар осылайынан жауап беру керек,

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Сөздік қорын жаңа сөздермен байыта отыра (тігінен, көлденеңнен, қырынан) сөйлеу барысында дұрыс пайдалануын білу керек.

Нені игереді:

Құрастыру барысында эстетикалық және көркемдік талғамын игереді.

Нені біледі:

Сюжет бойынша жұмыстарын біріктіріп және қалпына келтіруге үйреніп біледі.

Жетістігі:

Кемшілігі:






© 2010-2022