Тәрбие сағаты. Тақырыбы: Туған жер ғажаптары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Туған жер ғажаптары»
Мақсаты: Оқушылардың «Отан», «туған жер» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту.
- Туған жерін сүюге, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайдтар, Шыңғырлау ауылының көрікті жерлерінің суреттері
Сабақтың жүру барысы
Шаттық шеңбері:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді шаттық шеңберінде көргеніме қуаныштымын.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Туған жер ғажаптары» деп аталады. Бүгін сабақта біз Отынымыз, туған жеріміз жайлы әңгімелесеміз. Туған жеріне әр адам қалай қамқорлық жасауы керек екені жайлы ой қозғаймыз. Табиғаттың әдемілігіне тағы да бір назар аударамыз.
Жалпы, туған жерін сүймейтін адам кем - де кем. Ендеше, қазір бәріміз бір - біріміздің қолымызды ұстасып, үндеместен жанымыздағы достарымыздың туған жерге деген ықыласын, алақандарымыз арқылы сезініп көрейік. (Сезіндік пе?)
- Енді бойымыздағы әсерімізден арылмаған күйі «Құлпыра берші, кең дала!» атты өлеңді бәріміз қосылып айтайық.
- Құлпыра берші, кең дала!
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағыңа енейін
(- Балалар, сендерге рахмет айтамын. Енді орындарың отырыңдар. )

Әңгімелесу.
а) ә) Сұрақтар қою:
- Сендердің туған жерлерің несімен көрікті деп ойлайсыңдар?
- Сендер Отанымыз Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
- Неліктен осы аталған жерлеріңді көрікті жерлер, ғажап жерлер деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптарын түйіндеу
(Слайдтар: Шыңғырлау ауылының көрікті жерлерін көрсету.)

Интерактивті тақтада, мынандай сөйлемдер жасырулы тұрады.
«Неткен көркем, неткен сұлу!
Осы менің туған өлкем!» деген ой келеді.
«- Әдемілік, әсемдік мені бақытты сезіндіреді.
- Әдемілік, әсемдік мені шаттыққа кенелтеді.
- Әдемілік, әсемдік мені мақтанышқа бөлейді»


- Шыңғырлау ауылының көрікті жерлерін оқушылар атап шығады. Мысал келтіреді.Білгендерін ортаға салады.Өз ойларын айтады.

Сергіту сәті:
Күн нұрыңды төге бер!
Жерге дәнін себеді ел,
Өскін жайып жапырақ,
Құлпырады атырап

Туған жерді қорғауға алу дегеніміз - туған жердің әсем табиғатын сақтау, болашақ ұрпақ үшін табиғатқа қамқорлық жасау дегенді білдіреді.

«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.»
Түсіндіру: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.» деген даналығында үлкен мән бар. Туған жер - әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, табанының бастапқы ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Адам тағдыры да туған жерімен байланысты. Сондықтан, әрбір адам өзі туып өскен мекенін құрметтеп, оған қамқоршы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген асқақ сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады.

Ой қозғау:
«Егер айналадағы табиғатты қорғауға алмасақ, оған қамқорлық жасамасақ, онда....»

Топпен жұмыс. «Күн» және «Гүл» топтары.

1 - топқа плакат беріледі. Ол плакаттың дәл ортасында күн бейнесінің ішінде «Табиғат бізге не береді?» деп жазылған. Оқушылар оның жан - жағына түрлі «нұр»
таратады. Мысалы: табиғат бізге ішетін тамақ, киетін киім, жұтатын ауа, сусын, шығармашылық шабыт, қуаныш, дәрі - дәрмек, танып - білу, білім, қазба байлықтар
Осы сөздер нұр болып таралады.

2 - топқа да гүлдің ортасына «Біз табиғатқа не бере аламыз?» деп жазылған плакат беріледі. Аяушылық, қамқорлық, қорғаныш, аялау, жылылық, мейірімділік, қайырымдылық махаббат, реніш, қорқыныш, жирену деген сөздердің ішінен керектісін алып, гүл күлтелерін құрастыру. Керек емес сөзді себетке тастау.

Жүректен - жүрекке.
Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып айтыңдар.
- Мен туған жерім Шыңғырлауды сүйемін, өйткені.......
- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені...
- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені...
Мен табиғатты қорғаймын, өйткені...
Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені...
Оқушылар бірге қол ұстасып, мұғалім соңынан мына өлеңді қайталайды.
Шыңғырлауым сәнді өлкем

Барма сендей жер көркем?!

Сан тарапта ұл қызың

Бір өзіңді жыр еткен.

Ән «Шыңғырлауым сәнді өлкем» тыңдалады.



© 2010-2022