Урок по трудовому обучению во 2 классе

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: Еңбекке баулу

Сынып: 2

Уақыты: 23-27.10

Сабақтың тақырыбы: Жаңғақ қабығынан тасбақа жасау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңғақ қабығынан тасбақа жасау тәсілін үйрету .

2 Оқушылардың ақыл -ой парасаттарын, ой өрісін, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

3. Адамгершілікке, инабаттылыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру. Сұрақ жауап.

Көрнекілігі: тасбақа, жаңғақ қабығы, ермексаз.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Жаңа сабақ: Тақырыбын мақсатын хабарлау.

Жаңғақ қабығынан тасбақа жасау.

Қажетті материалдар: жаңғақ қабығы, ермексаз, жез, сым.

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Тасбақаның шөлде де, суда да жүзетін 250-ге түрі бар.Табиғи жағдайда тасбақа 150 жылдай тіршілік етеді.Тасбақа пішінінде зергерлік және сәйкеде бұйымдар болады. Оларды асыл тас - оникстен және алтын, күміс керамикадан да жасайды. Ал біз тасбақаны табиғи материалдардан жасаймыз.

Қажетті материалдар: жалпақ тас, ермексаз, жаңғақ қабығы, сумоншақ.

Тасбақа жасаудың реті:

1 Жалпақ тас алып, оны жуып кептіреміз.

2 Тастың бетіне ермексаз жапсырамыз. Ермексаздың үстіне жаңғақтың қабықтарын төңкеріп жапсырып, тасбақаның денесін сомдап аламыз.

3 Тасбақаның аяқтарын жасау үшін, төрт жаңғақ қабығының ішін ермексазбен толтырып, тырнақтың пішінін суреттегідей сумоншақпен келтір. Аяқтарын денесіне ермексазбен біріктір.

4 Мойны мен басын ермексаздан сомдап, басына жаңғақ қабығын орнат. Көзін, аузын және көзілдірігін ермексаздан жасап, жабыстыр.

Тасбақаның шөл далада кетіп бара жатқан көрінісін құрастыр.

Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.

Шыбықты көзіңе жақындатпа.

Тасты лақтырып ойнама.

Жаңғақты дәнінен тазарту үшін үлкендердің мкөмегін сұра.

Жаңғақ қабығынан тасбақа жасауды бастаймыз.

БІЛІМДІ БЕКІТУ

1 Тасбақа деген қандай жәндік?

2. Оны орындау үшін қандай құрал жабдықтар қажет?

3. Тасбақа туралы қандай өлең жұмбақ білесің?

4. Оның аты неліктен тасбақа деп аталды?

5. Тасбақа жауынан қалай жасырынады?

6. Тасбақаның тіршілігі туралы не білесің?

Үйге тапсырма беру: Жасаған жұмыстарын аяқтау.

Бағалау:

Қорытынды.



© 2010-2022