Биз мектепке барамыз (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Біз мектепке барамыз»

Құрметті қонақтар армысыздар,

Бәріңізде есен-сау бармысыздар.

Бүлдіршін, балдырған, балаларға,

Ақ жол тілеп, ақ тілекті арнайын.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар бүгін мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері өздерінің топтарымен қоштасқалы отыр. Енді , олар мектептің тәрбиеленушілері емес, оқушылары болмақшы. Әрине, бұл да мереке, үлкен той. Тойларыңыз тойға ұлассын.

Енді осы бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.

1.Қайсар Азамат пен сабырлы Айгерім.

2.Алғыр Бектас пен әдемі Гүлназ.

3.Еңбексүйгіш Назар мен салмақты Нұрсая.

4.Сегіз қырлы ,бір сырлы Рамазанмен пен ақжарқын Гауһар.

5.Білуге құштар Ринат мен ұяң Айдана.

6.Ерке баламыз Арсен пен өнерлі Сандуғаш.

7.Пысық жгітіміз Нұрдаулет пен нәзік Әдемі.

8.Өнегелі Аманбек мен сабырлы Қарақат .

9.Намысшыл Диас мен сүйкімді Дильназ

10 Айбынды Ақжандос пен зерек Мадина

ХОР: «Менің Отаным»

Отан- менің ата -анам

Отан-досым бауырым

Отан-өлкем астанам

Отан-туған бауырым 2-рет

Бақытты ел ұлы отан

Бәріне мен иемін

Біздің отан ұлы отан

Ұлы отанды сүйеміз.2-рет.

1Азамат.

Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады.

Тапақ айтып бір-бірден

Қимай кетіп барады.

2Гауһар

Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Даярлықпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

3. Бектас

Анадай асыл мектебім,

Құшағы нұрлы көктемім.

Өмірдің аттап өткелін,

Қойныңда өсіп көктермін.

4. Арсен

Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер қаламым.

5.Нұрдаулет

Қуантып әрі қинайды.

Дайындықтан алыс кеткенім.

Қажет қой бірақ білімнің,

Теңізінен өткенім

Дайынбыз білім алуға, болашақ жолын салуға. (бәрі бірге)

ӘН: «Көбелек» Орындайтын: Рамазан,Азамат,Ринат.

Білім ханшасы келеді.

-Сәлеметсіздер ме бүлдіршендер. Мен сендерді білім еліне шақыруға келген білім ханшайымымын.

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,

Дендеріңіз сау,аман-есен мықты болсын.

Мектеп есігі әрқашан да ашық болсын,

Біріншіге барған қадамдарың құтты болсын!

Жүрг:

-Рахмет, сізге білім ханшасы.

-Балалар, мен сендерге бірнеше тапсырмалар ала келдім. Менімен бірге орындағыларың келе ме?

-Иә.

-Ендеше келесі тапсырма есеп сабағынан.

1.Геметриялық пішіндерді атап, оның бұрыштарын, түсін табу. (төртбұрыш,үшбұрыш,дөңгелек, тіктөртбұрыш)

Мезгіл туралы айту.

2.Ұйқымыздан оянып,

Бетімізді жуамыз.

Тамақты біз ішеміз,

Біз мектепке келеміз.

Бұл қай уақыт? (таңертең)

3.Сабақты да оқимыз,

Серуендеп те қайтамыз.

«Сау болыңыз» деп апайға

Үйімізге кетеміз.

Бұл қай мезгіл? (түс мезгілі)

4.Үйлерде шам жанады,

Маңай тастай қараңғы.

Ертегіні тыңдап алып,

Тәтті ұйқыға батамыз. (түн)

Білім ханшайымы:

-Рахмет, балалар сендерге. Сендер білімді екенсіңдер.

Білім ханшасы кетеді.

БИ орындайтын: Қарақат пен Бектас

Тақпақтар.

6. Сандуғаш

Қолыма гүл аламын,

Дайын дәптер ,қаламым.

Таң қалдырып достарды

Мен мектепке барамын.

7. Гүлназ

Қуанышым менің мол

Мектебіме тарттым жол.

Ұмытпаймын өзіңді

Дайындығым қош сау бол.

8. Дильназ

Алты жасқа толғанбыз

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы

Біз мектепке барамыз,

9 Әдемі

Еркетайы әр үйдің

Бабын тауып сәбидің.

Балапандай өсірген,

Тәрбиеші есімі

Мәңгі өшпейді есімнен.

Сайқымазақ келеді.

-Сәлем достар, мен сендерді 1-сыныпқа барғалы жатыр дер естідім. Шынымен барғыларың келе ме?

-Иә.

-Қалайша сабақ, сабақ деп ойынды кім ойнайды сонда.

Жүргізуші: -Жоқ,сайқымазақ сен біздің балаларды азғырма. Олар сабақты оқыса, ойынға да үлгеретін болады.

Сайқымазақ:

-Олай болса, мен сендерді ойынға шақырамын.

Ойын: «Мектеп құралын жина»

-Ал, жұмбақ шешуге қалайсыңдар?

Жұмбақ.

1)Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама.

2)Бір нәрсе ала шұбар ала тұмсық,

Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.

Өзі жансыз жандының күшіменен,

Борайды ат үстінде желдей есіп.

3) Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.

Сайқымазақ: Сендер бәрін біліп тұрсыңдар ғой, мектепке барамасаңдар да болады екен.

Жүрг:

Ол не дегеніңіз? «Білгеннің артықтығы жоқ» деген бар.

Бүгін қызық бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Ән де салып, би билеп,

Жалғастырсын ойды ой. Сайқымамазақ кетеді.

ХОР: «Мұғалім ол біздің»

Білімнің кілтіндей

Әліппе ұстатқан

Оқуға іркілмей

Тоқуға үйреткен

Қамқоры ұл қыздың мұғалім ол біздің 2-рет

Қиынға төзуге

Үйреткен қашанда

Жаманнан безуге

Жақсылық жасауға

Қамқоры ұл қыздың

Мұғалім ло біздің 2-рет

Тақпақтар.

10Назар

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз,

Қоштасып дайындығыммен

Біріншіге барамыз

11.Рамазан

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен:

«Ассалаумағалейкум!»- деп.

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп,

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе? әжей»-деп.

12.Ринат

Дайындығым қош енді

Әр кез аман бол деймін

Әкем менен шешемді

Ертіп енді келмеймін

13Диас

Жеті жасқа толғанбыз

Әдепті бала боламыз

Ата-ананы қуантып

Кілең бестік аламыз.

14.Мадина

Біз мектепке барамыз

Қолға қалам аламыз

Кітапты да оқимыз

Суретті де саламыз

15.Нұрсая

Оқу ісін жоспарлап

Білім нәрін білгізген

Күн тәртібін енгізіп

Тәртіпке бізді үйреткен

Маржан апай мың рахмет.

16 Азамат

Ауылдың баласы

Көрсінші деп мектепті

Оқу, білім нәрімен

Сусындатқан бәрін де

Қаламқас апай мың рахмет.

ХОР: «Біз мектепке барамыз»

1мектепке енді барамыз

Біз оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

қ\сы Ән салайық бас қоса

Даярлықпен қоштаса

Қалам дәптер өшіргіш

Кітаптармен достаса

2ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз

Үлке болып өссек те

Даярлықты қимаймыз

3Біз мектепке барамыз

Қолға қалам аламыз

Кітапты да оқимыз

Суретті де саламыз

-Балаларға ақ тілегін, жылы лебізін білдірсін деген ниетпен ортаға сөз кезегін оқуісінің меңгерушісі Маржан апайға береміз.

Жүрг:

Қуанышқа көңіл бүгін тасады

Балаларым өмір есігін ашады.

Түлектерге ақ жол тіліп қуанып

Әзаналар шашуларын шашады.

Бір ата, бір аналық тірегіміз

Бір болсын қайда жүрсе тілегіміз.

Бірлік барда тірлік бар деген бабам,

Бірге соқсын жүрегіміз,-деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.



№1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі



Тәрбие сағаты

Тақырыбы:«Біз мектепке барамыз»



Дайындаған: А.Аспетуллина.







Сайын Шапағатов елді мекені



© 2010-2022