- Преподавателю
- Начальные классы
- Интернат қоймасы Шерхан Мұртаза
Интернат қоймасы Шерхан Мұртаза
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Сарсембаева И.Ж. |
Дата | 07.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Әулиеата уезі, қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында дүниеге келген.
Жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері ,аудармашы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан 1941 жылы Талапты мектебінде бірінші кластың табалдырығын аттаған кезден бастап-ақ оқумен бірге еңбекке де араласты. Балалық шағы соғыстың қиямет, қиын-қыстау кезеңіне тұспа-тұс келді.
1. Қазақстанда болып жатқан аштық, оның себептері туралы Сталинге ашық хат жазған алғашқы адам Тұрар Рысқұлов еді. Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі ШығысТалғар болысы - 10 ақпан 1938, Мәскеу) - мемлекет қайраткері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргіОңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов - «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. 2.Мәтінді түсініп оқу. Әңгме кім туралы? Тұрар неліктен Серікті сұраққа алды? Серік неліктен шындықты айтты? Тұрар мен Қабылбек қандай шешімге келді? Сен олардың орнында болсаң не істер едің? Ү.Жаңа сабақты пысықтау:1.Мәтіннің соңғы жолын қайталап оқы. Балаларға сипаттама бер. Іс-әрекетіне баға бер. Әңгімеге басқаша ат қой. Неге олай ат қойдың дәлелде. ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Мәтінді оқы, Тұрар неге Сталинге хат жазды деп ойлайсың? Ойланып кел.. ҮІІ Бағалау