Жазбаша қосу және азайту Математика

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін» Биманова Т 25. 01. 2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қосу мен азайту амалдарының баған түріндегі үлгісін пайдаланып, жұмыс бағытын көрсетіп беру; амалдар алгоритмінің сәйкес кезеңдері және орындалатын іс-әрекеттерге, яғни, алгоритмге машықтандыру.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, қарапайым өрнектің мәнін табу ,ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту,Ойын арқылы оқыту,дамыта
оқыту әдістері
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,музыка,әдебиеттік оқу.
Көрнекілігі: Қосу және азайту кестесі, слайдта жасақталған топтама дидактикалық матеиралдар,
Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру бөлімі
а) Психологиялық дайындық.
--Әрбір адам?
--Туысым,досым, жұрағат.

--Әрбір ісің?

--Тірлік, тірек, амандық.

--Әрбір сөзің?

--Шындық, бірлік, адалдық.

-Әрбір сабақ?

--Үйрену, ұғу, ұлағат.

Оқушыларды түгендеу.II. Үй тапсырмасымен жұмыс: 7-тапсырма.
Үй тапсырмасын тексеру.

13,17, 18, 21, 25, 28, 54.

12,17, 18, 21,25, 45,52, 54.

Дәптерлерін тексеріп, жинау.

Оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Біз математика әлеміне саяхатқа шығамыз,сіздермен бірге мен де саяхатқа барайын. Саяхатқа шығып, «Зеректер»аралына жетеміз. Ол жерге жету үшін көптеген кедергілер кезеседі. Енді саяхатымызды бастайық.

№1 Аялдама:«Әлемді шарлау» мына кестеде берілген өрнектерді орындау арқылы шолу жасайық!

Кестедегі сандарды оқы.
Алгоритмге машықтандыру

1.Жазамын.

2.Бірліктерді қосамын

3.Ондықтарды қосамын

4. Қосындының мәні.

Жаңа сабақ Жазбаша қосу және азайту

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу 69

Көрнекілікпен жұмыс.

Ондықтар Бірліктер
2 6
+ 3 4

6 0

6+4 -10шықты. 10 бірл. 1 онд. 0 бірл. Бірліктердің астына 0 -ді жазамын. 1 онд. есіме сақтап,ондықтарға қосамын. 2онд.+ 3онд.-5 онд. болады, тағы 1онд. қосамын. 5+1- 6. Ондықтардың астына 6-ны жазамын. Жауапты оқимын: қосындының мәні 60-қа тең.

60 жазамын, 26 жазамын.0 кіші 6-дан. Сондықтан 6 ондықтан бір ондығынан азайтамын. Ұмытып кетпес үшін ондықтың үстіне белгі қоямын. 10-6-4 шықты. Бірліктердің астына 4-ті жазамын.

Ондықтарын азайтамын 6-1- 5,ал 5-2- 3

Ондықтардың астына 3-ті жазамын.

60

-26

34



№2 Аялдама:«Амалдар шаһары»келіп жеттік.Түсіндіре отырып шығар

Кітаппен жұмыс.
37+53 90-35 38+42 80-38 23+47 70-47

№3 Аялдама: «Тапқырлар тауы»

1дм 3 см 1дм 1см кесінділер сыз. Олардың ұзындықтарының қосындысын және айырмасын жазып көрсет. Олардың мәндерін тап.

13см-11см = 2 см 13см+11см = 24см

№4 Аялдама: «Есептер елі»

Есепті оқып талдайды.

Есепте не туралы айтылған?

Не белгілі, не белгісіз

Есепте нені табу керек?

Таба нан-8

Тоқаш-12?артық

Ш: 12-8 4

Ж: 4тоқаш нан артық пісірді.

Тоқаш-12 Ш: 12+8-5 15

Таба нан-8 Ж:15тоқаш пен таба нан қалды.

Желінді-5

Қалды-?

Сергіту сәті:

№5 Аялдама: «Білгіштер шаһары», «Кім шапшаң?» ойыны

1мин - ? с 1жылда - ? ай 1апта - ? күн

1сағ - ? мин 1 айда - ? апта 1м.-? ...см

1тәул -? сағ 1ғасыр -? жыл 1дм- ?...см

Жаңа сабақты бекіту.

№6 Аялдама: «Теңестір теңізі»,

Тест

Өрнектер

а

в

с

1

Жазбаша қосу және азайту Математика

78

70

60

2

Жазбаша қосу және азайту Математика

35

25

45

3

Жазбаша қосу және азайту Математика

67

50

60

4

Жазбаша қосу және азайту Математика

16

14

24

5

Жазбаша қосу және азайту Математика

30

40

38

Сабақты қорыту: Оқушылар, бүгінгі саяхатымыз сіздерге ұнады ма? Біз «Зеректер» аралына келіп жеттік. саяхаттап жүргенде сиқырлы сандықшаға кездестік. Мінеки мұның ішінде бізге тиісті қазына бар екен. Мен бүгінгі сабағымды осы фигуралармен сендерді бағалағым келіп тұр.(Оқушыларды бағалау)

Үйге тапсырма: 6 есеп 149 бет


















1-топ: 2-топ: 3-топ: Осы өрнектерді ауызша есептеуге
тиімді тәсілдерін түсіндір!

6 0
- 2 6

3 4


2 6
+ 3 4

6 0

26+34꞊(20+30)+(6+4)꞊60
60-26꞊(50-20)+(10-6)꞊34


Ізгі тілек: «Кереметсіңдер!»

3-тапсырма: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл!»
Ойлан,шығар,есепте,
Түсіндірші кезекпен!
Топқа кезек берейік
Айтыңдаршы ретпен!

№3
37 90 38 80 23 70
+ - + - + -
53 53 42 38 47 47

Ізгі тілек: «Мықтысыңдар!»

4-тапсырма: «Білім қымбат-білу қиын!»
Есептейік,талдайық,
Ешбіріміз қалмайық
Артық,кемін анықтап,
Жауабын тез табайық!
1-топ: «Алғырлар»
№ 5 Есепті талдау.
Есептердің шартын, сұрағын, шешуін салыстыру.
Тоқаш - 12 ? артық
Таба нан - 8
12-8=4
Ж: 4 тоқаш артық.
2-топ-«Тапқырлар»
Тоқаш - 12
Таба нан - 8
Жұмсады - 5
Қалды - ? тоқаш пен таба нан
Ш:(12+8)-5=15 - қалды
Ж: 15 тоқаш пен таба нан қалды

3-топ: «Зеректер»
кері есеп құрастыру:
Ізгі тілек: Талаттысыңдар!»
5-тапсырма: «Білімі жүйріктің ойы ұшқыр!»
Ойнайық та,ойлайық!
Таппай оны қоймайық.
Басқатырып есептеп,
1 топ:Сандарды орнына қояйық!
3,6,9...
5,10,15...
4,8,12...

2-топ:
24 ○ ○ 24
○ ○
○ ○
24 ○ ○ 24 Қандай екі санның қосындысы?
3-топ: 1,2,3 сандарын кесте жолында қайталанбайтындай етіп орналастыр:
Ізгі тілек: «Мәреге жақындадыңыздар!

6 - тапсырма: «Қына тасқа бітеді,білім басқа бітеді»
1-топ: Алғырлар:
«Математика» сөзіне сөзжасам құрастыру:
Математика-Мата,ата,мама,ем,ит,кем,ет,ми,кит,...
2 топ: «Тапқырлар»
«Математика» сөзіне сатылай кешенді талдау жаса:
Математика -10○꞊5□+5▲;

5□(3а,е,и) д/ы○
10○꞊-----------------------;
5▲(2м,2т,к) д/з○

3 □(3а) жуан□
5□꞊ ---------------------;
2□(е,и) жіңішке □

3▲(2т,к)қ▲+ ▲○ұ▲
5▲꞊----------------------------;
2▲(2м)ү▲
Ізгі тілек: «Алақай!»
IV. Ой толғаныс:
Кубизм әдісі:
1-топ: Алғырлар»
№6 а) 6+4꞊10 және 2+3꞊5 қандай екі таңбалы санды қосуға болады?
Яғни,екі өрнектегі қосылғыштарды және қосындының мәндерін өзара жұптастыра отырып,жаңа өрнек құраңдар:
62+43꞊105
*-*
2-топ: «Тапқырлар»
ә)10-6꞊4 және 5-2꞊3
105-62꞊43
*-*
3-топ: «Зеректер»
36+44
90-23
Жазбаша қосу және азайтудың алгаритмін түсіндір:
1-топ: Алғырлар»
Торда 3 қоян бар еді. Үш бала бір-бірден алғанда.Торда тағы бір қоян қалды.Неліктен?
2-топ: «Тапқырлар»
Биіктігі 10м ағашқа ұлу күніні 10м көтеріліп,4м төмен түседі.Ағаш басына ұлу неше күнде шығады?
3-топ: «Зеректер»
Жердің үшінші серігі жер шарын 106 мин айналып шықты.Осы уақыт аралығын сағатпен және минутпен өрнекте.
Ізгі тілек: «Ура!»
V.Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
VI. Үйге тапсырма: №6 149 бет
Оқушы білімі мен белсенділігін марапаттау қағазымен ұлығылау;





Құрметті тәлімгерсайтының қолданушысы Жазбаша қосу және азайту. - ашық сабақ тегін жүтеп көре аласыз. Тәлімгер.орг сайтындағы Жазбаша қосу және азайту. атты материал танысу үшін берілген. Тәлімгер сайтында сіз кез-келген тақырыпта ашық сабақ,презентация реферат мақалаларды және сабақ жоспарларын таба аласыз. Жазбаша қосу және азайту. Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар материалын жүктеу сілтемесі астында жазылған. Егер сізде ашық сабақтар, рефераттар бар болса сайттажариялауға болады



Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту (26+34; 60 - 26)
Сабақтың мақсаты:
1. Разрядтан аттап қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерін таныстыру;
2. Дидактикалық материалдар, логикалық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін, зейінін дамыту;
3. Достыққа, татулыққа, бір - біріне көмектесуге, сандарды әдемілеп жазуға, өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа тақырып
Көрнекілігі: сандар, сюжетті суреттер, слайдтар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу - құралдарының толық алынуын қадағалау.
Психологиялық дайындық.
Күннің көзі біздерді ----------------- Ал төбеде көк шалғын
Жаттығуға тұрғызды. --------------- Сыбдырлайды көңілді
«Бір» дегенде қолымыз ------------«Екі» деген кезде сен
Көтерілсін қолымыз. --------------- Түсіре ғой қолыңды.

Үй тапсырмасын тексеру. Слайд.
1 қатар 2 - қатар 3 - қатар
63+21=84
24+65=89
72+17=89
84 - 21=63
89 - 24= 65
89 - 72=17
Көркем жазу.

Математикалық диктант.
1. 30 - бен 13 - тің айырмасынан 8 - ді азайт. (30 - 13)- 8=9
2. 7 мен 6 - ның қосындысына 9 - қос. (7+6) +9=22
3. 33 - ке 16 мен 9 - дың айырмасын қос. 33+ (16 - 9)=40
«Жоғалған саны тап» ойыны.
20+50 =70
80 - 20 =60
20+60=80
60 - 20= 40
90 - 30 =30

Жаңа тақырып.
1. Үлестірмелі карточкамен жұмыс.
20+30=50
6+4=10
50+10=60

№2. Жазуларды пайдаланып, қосудың тәсілдерін түсіндіру.
26+34= (26+30)+4 = 56+4=60
26+34= (26+4)+30= 30+30=60
26+34= (20+30) +(6+4)=50+10=60

№3. «Гүлдер теру» ойны. Слайд.
50 - 20=30
10 - 6=4
30+4=34

№4. Азайтудың тәсілдерін түсіндіру. Тақтаға әр қатардан 4 оқушы шығып түсіндіреді.
60 - 24 =(60 - 20) - 4 = 40 - 4=36
60 - 24 =(60 - 20) +(10 - 4)=30+6=36
60 - 24= (60 - 4)- 20=56 - 20=36
60 - 24= (50 - 20)+(10 - 4)=30+6=36

Сергіту сәті:
Буратино керілді,
Бір - иілді, екі - иілді.
Қолын жанға созғаны,
Кілтті таппай қойғаны.
Жету үшін сол кілтке,
Көтерейік өкшені.

№5. Өзіндік жұмыс.
64+16= (60+10)+ (4+6)=70 +10=80
90 - 23=(90 - 20)- 3=70 - 3=67
70 - 24= (70 - 20)- 4=46
35+35= (30+30)+(5+5)=60+10=70

37+43= (30+40)+(7+3)=70+10=80
90 - 68= (90 - 60)- 8= 30 - 8=22
Шығармашылық тапсырма. (8+5)- 10=3
Кел, ойнайық! «Аялдаманы хабарла» слайд.





Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау. 302-306 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:а) білімділік: оқушылардың
жұрнақ пен жалғау туралы түсініктерін
нығайту, пысықтау, сөз құрамына талдау.
ә) дамытушылық: тапсырмаларды орындау
арқылы оқушылардың сын тұрғысынан
ойлауын, ақыл - ойын, байқағыштық
қабілетін, колмарафиясын, сөздік қорын,
шығармашылық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелік: әрбір оқушыға жеке тұлға
ретінде қарап, оларды адамгершілікке
баулу, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.

Әдістері: сұрақ - жауап, тест, пікір айту, ойын,
суретпен жұмыс, СТО элементтері,
проблемалық сұрақтар.

Көрнекілігі: суреттер, кестелер, қима қағаздар,
өлеңдер, ойындар, Венн диаграммасы.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу,
математика, өзін - өзі тану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Көңілашар. Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы күн, қонақтар!

  • Балалар, мен бүгін өте көңілдімін.

  • Сендер ше?

  • Балалар бүгін қандай күн? - Бейсенбі.

  • Қаңтар айының нешесі? - Жиырма екісі.

Үй жұмысын тексеру, сұрау, бағалау.
297 - жаттығу. Мына сөздерді жазу, сөз құрамына
талдау.
ұлуды, үйге, үйіңе, біздің, үйім.
Ұлуды сипаттау, көрініс көрсету, өз ойларын айту.

Тест жұмысы: 6 оқушыдан сұрау.
1. Түбір сөзді тап: а) ақыл ә) ақылды б) ақылмен

  1. Қосымша сөзді тап: а) бас ә) бастық б) шаш

  1. Заттың санын білдіретін сөз: а) парта ә) бес
    б) қара
    4. Заттың атын білдіретін сөз: а) бала ә) сары
    б) сегіз

  1. Заттың сынын білдіретін сөз: а) алтын ә) алты
    б) тәтті
    6. Қосымшалы сөзді тап: а) оқу ә) оқулық б) оқы

Сынып жұмысы: Жұрнақ пен жалғау (пысықтау)

Қызығушылықты ояту. Ойын «Сәбіз жинау» (басы)
Сәбізде жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
бастық балалар
өнерпаз адаммен
балапан қардан
оқулық арбакеш
жұмысшы дәптерге
әнші тақтада

Жазбаша қосу және азайту Математика

Экономитель воды

Капля литр бережет. Сегодня специальная цена!

econom-water.ru

Жазбаша қосу және азайту Математика

Отучитесь сутулиться

Корректор осанки. Раз и навсегда. Врачи рекомендуют

spina-pro.ru

Скидка 50%

Жазбаша қосу және азайту Математика

Часы Swiss Army

Итальянский дизайн, железное качество!

watch-swissarmy.org


Дәптермен жұмыс: «Неге өйтті?»
Жемей қойды сиыр алдындағы шөбін,
Асамады ат та дорбадағы жемін.
Сырт айналды мысық жалап жатқан сүттен,
Шашқан дәнді тауық шоқымайды тіптен.
Сүйекті де күшік мүжігенін қойған.
Барлығына апырмай не кесепат болған?
Қашып отыр қонақтар алға қойған астан,
Аяқ асты бәрі дәмдерінен қашқан.
Себебі бір қожалақ алдарында тұрды,
Күс - күс болып қолы, жалт - жұлт етіп
мұрны- демекші 303 - жаттығуды тазалықты сақтап, көркем, сұлу жазуға тырысайық. Мақалды оқып, жатқа жаз. Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгімен белгіле.
Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең.
Ақылды қария.
Жазып қойған хатпен тең.

Серігу сәті: Жұмбақтар шешу.

  1. Өзі жап - жас мұрты бар,

Ет пен сүтке ұмтылар. (Мысық).

  1. Шай ішетін кеше,
    Сатып алдым (кесе).

  1. Ағайын - алтау,
    Ана - (біреу).

  1. Жылт - жылт етеді,
    Жылғалардан өтеді. (Су).

304 - жаттығу. Тақтада 5 оқушы орындайды.

  1. Баян сабаққа әзірленді.

  2. Мұғалім сыныпқа кірді.

  3. Ауланың қарын күреді.

  4. Серік допты сатып алды.

  5. Әлияның шешесі сатушы болып істейді.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.

(Суретті қима қағаздар арқылы)

Ой толғаныс. 305 - жаттығу. Қима қағаздарды пайдаланып жұмыс жүргізу.
Ойын «Сәбіз жинау» (жалғасы).

бестік, беспен, үшінші, екілік, елудей, жүздік, мыңдай, төртке, алтыны, нөлмен, сегізге, жетінші.

(Жұрнақ пен жалғаудың бір - бірінен өзгешелігін мысал арқылы дәлелдеу)

Шығармашылық жұмыс. Өлең жолдарының ұйқасын табу.
Шалғышы шалғымен , Атақты қойшы,
Шөбін (шабады). Қойын (бағады).
Маңдай терімен, Адал еңбегімен,
Нанын (табады). Еліне (жағады).

Ой қозғау.
Топтастыру. 3 қатарға тапсырма. «Күн шұғыласы»

- дар - лар - тер

Венн диаграммасы



Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсіндіру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі.
Бекіту сабағы.
1 - жаттығу.
Мақалды көшіріп жаз. Сөздерге жалғанған жұрнақ пен жалғауды белгіле.
Мал шөпке тоқтайды,
Ақылды сөзге тоқтайды.
Түйе - байлық, қой - мырзалық, жылқы - сәндік.
2 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңдегі жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, белгіле.
Менің ағаларым.
Баптаған егінін,
Халқына ұнаған,
Мақтаны елінің
Егінші бір ағам.
Барады алдына
Балалар, кәрілер.
Адамның бағына
Бір ағам дәрігер.
Бір ағам жылқышы,
Үйреткен тай - құлын.
Өткізді бұл кісі
Қырда сан ай - күнін.
Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады: талапты, дәрігермін, татулыққа.
3 - жаттығу.
Берілген сөздердің құрамын сызбамен жаз.
Үлгі: сыйлықтар - сый - лық - тар, …
Сыйлықтар, әншілер, зейінділер, еңбекқорға, білімді.
4 - жаттығу.
Мақалдарды көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай белгіле.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
Еріншектің ісі - екі.
5 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы. - тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
Тік жартастан аунайды,
Асау өзен сарқырап.
Ақ моншақтан аумайды,
Ақтарылған жарқырап.
Жаңа сабақты қорыту.
Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады.
Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, сірлу, көкшіл.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.

Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін қалыптастырып, бір - бірінен ажырата білуге дағдыландырып, ой - өріс қиялын дамыту және сонымен қатар сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кесте, венн диаграмма
Әдіс - тәсілі: түсіндіру сұрақ - жауап әңгімелеу
Сабақтың түрі: бекіту сабағы

І. Ұйымдастыру кезеңі «психологиялық тренинг»
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім - анам тілі - өз тілім
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- Үйге қандай тапсырма берілді
- жаттығу
Қойшы - қой төрт түліктің бірі - шы жұрнағы жалғанып, қой бағатын адамға айналды.
Шалғышы - шы жұрнағы жалғанғаннан кейін не істеді? Сөздің мағынасы өзгерді ме?
- Сонымен -шы жұрнағы қой, шалғы сөзіне қандай қызмет атқарды.
- Ендеше - жұрнақ дегеніміз не?
- Жалғау дегеніміз не? Мысал келтіріңдерші
- Олай болса жұрнақ та, жалғау да жалғап сөз құраңдаршы.
Мынау ненің суреті: жылқы + шы + лар
Түбірі қайсы?
Қай сөзден шығып тұр?
Жұрнағы қайсы?
- лар нені көрсетіп тұр? (Жылқы бағатын адамның көп екенін білдіріп тұр.
Жұрнақ жалғаудан бұрын жалғанады. Жұрнақ ешқашан жалғаудан кейін жалғанбайды.

«Ауызша» қарамен жазылған сөздерге қарайық.
Шекарашы сақшысы
Шекарашы деп кімді айтады?
Біз қай елдермен көршіміз «Қытай Ресей» Қазақстан арасын шекара дейді. Ендеше Қазақстан жерін күзететін адамды шекарашылар дейді.
Шекара облыспен облыстың арасында мектептің арасында ауылмен ауыл шекарасы бар.
Шекарашы сөзінің түбірін тап.- шы жұрнағы неге сөз мағынасын өзгертіп тұр.

2. Сақшысы дегенді қалай түсінеміз? Күзетте тұратын адамды айтады.
Ребус шешу:
Әдептілік
351 - жаттығу
1. Оқушының оқуы
2. Мағынасын ашу.
3. Жатқа жазу

4. Сөз құрамына талдау
- Оқушы тақтада орындайды «1 о»
- Дұрыс жазды ма? Жөндейік, қатемізді тексереміз
- Сөз құрамына талдау «2 о»
Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең
Ақылды қария жазып қойған хатпен тең

Кім жылдам ойыны
Сөз ------------------ Түбір ---------- Жұрнақ ---------- Жалғау
Бүркітшілер
Өнерпаздар
Арбакештер

Бүгін ауа райы қандай? Мектепке келе жатқанда не байқадыңдар, қыс туралы күнделікті сабағымызда айтылып жүр.
Қыс, аяз, мұз, қар, боран

- Осы сөздерді байланыстырып сөйлем құраймыз, жұрнақ пен жалғауды бір сөзбен не дейміз?
- Қосымша
- Ендеше құраған сөйлемдеріңнен қосымшалы сөйлемдерді табыңдаршы.

Қорытынды: Қосымшалардың түрлерін бір - бірімен салыстырайық.
Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі, қасиеттері бар екен.

Венн диаграммасы
Жұрнақ --------------------------- Жалғау

Үйге тапсырма:



Сабақтың тақырыбы: « Жалғау» Мақсаты: Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату . Сол арқылы жалғау туралы түсінік беру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету. Білімділік: Оқушыларға жұрнақ пен жалғаудың түбір сөзге жалғану заңдылықтарын аңғартып, жалғаудың қызметі туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Сауатты жазу дағдыларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелілік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері: Сұрақ -жауап, көрнекілік, ойын Типі: ашық сабақ Түрі: Қорытынды сабақ Көрнекілігі: тірек сызбасы мен жұмыс, үлестірмелі карточкалар, суреттер,кесте, ой қозғау. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын түгендеу. -Балалар, бүгін бізде ашық сабақ өтеді.Сабаққа көптеген ұстаздар қонаққа келіп, білімдеріңді көргісі келіп отыр. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 4-жаттығуды тексеру.Жаңылтпашты оқы.Түбір сөздерді бір бөлек, жалғауы бар сөздерді бір бөлек жаз. Түбір сөздер Жалғауы бар сөздер Көп, көк, ешкі. Шөпті, жейді Үй тапсырмасын қорыту. Тірек сызбамен жұмыс. 3 топқа тапсырма беру.

Қосымша


Жалғау

Жұрнақ 1- топ. Қосымша дегеніміз не? (Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.) 2- топ. Жұрнақ дегеніміз не? (Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз) 3- топ. Жалғау дегеніміз не? (Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз) ІІІ. Қорытынды сабақ. - Балалар, біз бүгінгі сабақта жаттығуларды орындай отырып, жұрнақ пен жалғау туралы білімімізді әрі қарай жалғастырамыз.

Бүркіт суреті Бүркіт -ші Бүркіт-пен Бүркіт-ті Бүркіт-тер -ға -лық -ла

Су таза -ды -сын -лық -Ортада не жазылып тұр? Бүркіт. Осы бүркіт сөзіне қосымша қосып көрейікші. - Бүркіт -ші. Не пайда болы? Бүркітші деген сөз нені білдіреді? - Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді. - Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа нәрсені білдіріп кетті.Яғни жаңа сөз жасалды.Басқа бір қосымша жалғап көрейік : Бүркіт-пен.Мысалы аңды бүркітпен аулайды..Басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе? Демек, қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады екен.Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөз пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғаған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады. Қосымша жұрнақ , жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. Жұмыс - жұмысшы, ойын- ойыншық Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Жұмыс - жұмыста, ойын- ойынға. Топпен жұмыс. 1- Жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз.Жалғаулы сөздерді белгіле. Жарықта жағалайды, Қараңғыда жоламайды. (көлеңке) Оқулықпен жұмыс. 2-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 1. Екі аққу көл-де жүзіп жүр. 2. Мәлік кітапхана-ға келді. 3. Өзен-нің жағасында қалың қамыс өсіп тұр. 4. Мектеп басшысы сыйлық-ты Дәуренге табыс етті. 5. Орман-нан құстардың дауысы естілді. 3-жаттығу

Семантикалық картамен жұмыс.

Сөздер

-ның

-нің

-дың

-дің Астана

+ Ақтөбе

+ Алатау + Есіл

+ Сергіту сәті «Кім жылдам?» салыстыру Ән ға Би мен Қала да Дала ды Қалам тан Кітап нан Карточкамен жұмыс. Берілген сөздерге жалғау жалғап,сөйлем құрастырып жаз. 1. Жамбыл қазақ -тың ақын-ы. 2. Әже-м ауылын-да Айжан тұрады. 3. Қала-ға Арман кетті. 4. Үсен ағаш-ты ара-мен кесті. 5. Күй сөзіне жалғау жалға. 6. Ағаш сөзіне жалғау жалға Тапсырма: Бұлттың астында қалған жалғауларды жалғап жаз. Ағаш Гүл Күшік Күн Мысық Доп Сабақты бекіту. Сөзжұмбақ шешу.

Ж а З е л т

А ң б а

Л а қ ж а ң

Ғ а қ а с х

А н а

у ы қ 1. Төрт мезгілдің бірі. (жаз) 2. Рәміздің бірі. (елтаңба) 3.Ешкінің төлі (лақ) 4. Тиіннің қорегі.(жаңғақ) 5. Тамақтанатын орын.(асхана) 6.Киіз үй бөлігі (уық) Қорытынды. Ойын: «Алма жинау» Ойынның шарты: Алма ағашының суреті, оның бетіне тапсырма жазылған алмалардың суреттері ілінеді.Екі оқушы тақтаға шығып жалғау, жұрнақ жалғанған сөздерді себетке жинайды.Осы сөздердің байланысқан сөз екенін анықтайды. Үйге тапсырма. 122 бет 5-жаттығу . -Тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз. Бағалау. Сабаққа қатысуы мен үй тапсырманы орындауына қарай бағалаймын.



© 2010-2022