Тәрбие сағаты Су қасиеті (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды судың қандай болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға оны сүйе білуге баулу. Туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.

Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар, кітапша, мультимедия т. б.

Пәнаралық байланыс: ана тілі

Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, топтастыру, түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн деп айтамыз,

Кешке бірге қайтамыз,

Отбасының гүліміз,

Бірге өтер күніміз.

Бор да, дайын тақтада,

Сыныбымыз тап - таза.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Ауа. Ауаның маңызы.

III. Білімдерін тексеру:

- Ауаны қалай сезесің?

- Ауа қандай? - Жану үшін не керек?

- Ауаның маңызы қандай?

- Ауаның пайдасы неде?

- Ауаны қалай таза ұстаймыз?

IY. Мақсат қою: Су. Судың қасиеті.

Y. Жаңа сабақ:

Су туралы түсінік беру.

Тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет. Ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.

Сұрақ: Қатты қапырық ыстықта шөлдеген адамға не керек?

Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 30 - дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Адам су ішпей 6 - 7 күнге шыдауы мүмкін. Су түссіз. Су бар жерде тіршілік бар. Су ішінде, бетінде, жағалауында қаншама өсімдік жануарлар болады. Суды пайдаланбайтын бірде - бір тіршілік иесі жоқ. Оны үнемдеп, таза ұстау әрбір адамдардың міндеті.

Тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу.

Су туралы ассоциация.

- Су - сұйық зат.

- Аспаннан жауын түрінде түседі.

- Күн суытқан кезде су қатты күйге айналады.

- Су буға айналып, ұшып кетеді.

- Бу - мөлдір, түссіз газ.

YI. Практикалық жұмыс:№ 1

Су - мөлдір. Оны анықтап көрейік. Екі стақанның біреуіне сүт, біреуіне су құй. Олардың ішіне қасық сал. Қайсысындағы қасық анық көрінеді. Неге?

Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадың? Суды иіскеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз.

YII. Практикалық жұмыс:№ 2

Сен бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға, стақанға су құй. Осы ыдыстардағы судың пішініне қара. Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, судың тұрақты пішіні болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен.

YIII. Практикалық жұмыс:№ 3

Суды кез - келген беті тегіс нәрсеге құйып көр. Ол жан - жағына аға бастайды, себебі ол сұйық. Аққан су түгел жоқ болып кетті ме? Оның орнында дымқыл, сулы із қалды. Су жұғады екен. Бірақ артынша ол да жоқ болады. Кеуіп кетеді. Кез - келген затты суға малып алсаң ол су - су болып шығады. Жуылған киімді далаға жаяды. Ол біраздан кейін кебеді. Оның бойындағы су қайда кетті? Күн көзі жылуынан су буға айналды. Бу ауаға араласты.

Сергіту сәті.

Жұмбақ.

1. Мүлгіп тұрған бақ тыныш,

Ораныпты ақ күміс. (қар)

2. Көзге көрінгенмен, ұстасаң қолға ілінбес.(бу)

3. Жылт - жылт етеді, жылғадан өтеді.(су)

4. Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасаң - қорын тек,

Барша тірлік қурайды.(су)

IX. Түсінгендерін тексеру:

Су қандай зат?

Судың түсі қандай?

Су қай жерлерде кездеседі?

Суды үй шаруасында қалай пайдаланасың?

Қайнаған су неге азаяды?

X. Қорытынды:

*Судың нақты пішіні болмайды.

*Судың түсі болмайды. Су түссіз.

*Су мөлдір.

*Су ағады.

*Судың дәмі жоқ, иісі жоқ.

Міне, бұлардың бәрі судың өзіне тән қасиеттері.

- Сонымен, балалар, су туралы көп мағлұмат алдық. Мынадай нақыл сөздер де бар:

* Суды босқа төкпе!

*Сумен ойнама!

*Бұлақ көрсең көзін аш!

*Судай таза бол!

*Судан таза сүттен ақ!

XI. Үйге тапсырма:

1) 1 - қатар. Жайық өзені эссе жазып келу.

2) 2 - қатар. "Су қалай ластанады?" эссе жазып келу.

3) 3 - қатар. Су тіршілік көзі эссе жазып келу.

4) Оқулықтың 27 - бетін оқу, әңгімелеу.

Бағалау.

© 2010-2022