Тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мақсаттары: сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы алған білімдерін еске түсіріп, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне, сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндік жасау; ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру; ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: қайталау. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй жұмысын тексеру. 3. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. - Сұрақ - жауап: * Сөйлем дегеніміз не? * Сөйлем туралы не білесіңдер? * Сөйлемнің қандай түрін білесің? * Хабарлы сөйлем дегеніміз не? * Сұраулы сөйлем дегеніміз не? * Лепті сөйлем дегеніміз не? - Сұраққа дұрыс жауап бердік. Мен сендерге қосыламын. 4. Мағынаны тану. - Балалар, сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болады дедік. Олардың байланысын қалай анықтаймыз?(сұрақ қою арқылы). - Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Тақтаға орындау. Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету. 2- жаттығу.Өзіндік жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Алғашқы екі сөйлемді көшіріп жазып, осы сөйлемдердегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету. - «Сергіту сәті». 3- жаттығу. Сұрақтарға жауап жазу. 5. Ой толғаныс. - Тақтадағы берілген тестерді барлық оқушылар орындайды. Дұрыс жауабын көрсетіп отырады. Тестік тапсырмалар. 1) Сөйлем неден құралады? а) буыннан ә) сөзден б) дыбыстан 2) Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгісі қойылады? а) сызықша ә) үтір б) нүкте 3) Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? а) сөздер бір-бірінен бөлек жазылады; ә) сөздер бірге жазылады. 4)Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемнің атауын көрсет. а) хабарлы сөйлем ә) сұраулы сөйлем б) лепті сөйлем 5) Дұрыс құрылған сөйлемді тап. а) тақтайды, кесті, Ержан. ә) Ержан тақтайды кесті. б) кесті тақтайды Ержан. 6. Қорытынды. - Бүгін сабақта не туралы айттық, нені қайталадық? Міне , балалар, бүгін сабақта сөйлемдегі сөздердің байланысын қайталадық. Үйге тапсырма. 4 жаттығу. Ережелерді қайталау. Бағалау.



© 2010-2022