Дүниетану Пәні Топырақтың түрлері Ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Топырақ түрлері.

Сабақтың мақсаты :1. Оқушыларға топырақ туралы, оның түрлерімен таныстыру, ажырата білуге дағдыландыру.

2. Дүниетанымын, ой- өрісін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

3. Ана тілі пәнінен пәнаралық байланыс арқылы мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық жұмыс жүргізуге үйрету.

Салауатты өмір салтына, өз елін, жерін, табиғатын аялай білуге , экологиялық тәрбие беру.

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс -тәсілдері : сұрақ- жауап, түсіндіру, Ыбырай, Абай, Жамбыл ауылдарын жарыстыру.

Пәнаралық байланыс : Ана тілі, еңбекке баулу, математика.

Сабақтың көрнекілігі :суреттер, мақал -мәтелдер, топырақ, сөзжұмбақтест.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

а) Амандасу, оқушыларды түгелдеу .

ә) Оқушылардың сабаққа әзірлігі.

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.

а) Оқушылардан мазмұнын сұрау .

ә) Сұрақ - жауап арқылы бекіту.

Жаңа сабақ :

Жаңа сабақты сөзжұмбақ шешу арқылы бастаймын.

Сөзжұмбақ.

  1. Білім ордасы

  2. Төрт амалдың бірі

  3. Ай аты

  4. Толық ондық

  5. Құс патшасы

  6. Қой, сиыр, жылқы- ол не ?

  7. Ақ алтын

Адам біле бермейтін жер қуатын,

Тек топырақ деп атайды оның атын.

Жерден сұра даналық, ізгілікті,

Жер емес пе ең ұлы ақын!-дей отырып, бүгін жаңа сабағымызды бастаймыз.

Топырақ түрлері .

Сабақты сурет бойынша түсіндіреміз

  1. Топырақтың түсі неге байланысты?

  2. Қара топырақтың құнарлы болатыны неліктен?

  3. Қара топырақ біздің республикамыздың қай жағында көбірек тарлған?

  4. Сор топырақ қалай пайда болады?

Жаңа сабаққа жаттығулар

  1. Ауызша әңгімелеу

  2. Тізбектеп оқыту

  3. Дәптерге топырақ түрлерн жазу

  4. Мақалды айту

  5. Тестпен жұмыс жүргізу.

Сабақты мақал - мәтелдермен қорыту

1.Таза болса табиғат - аман болар адамзат.

2 . Жері байдың -елі бай .

3. Жер көңді жақсы көреді, ат жемді жақсы көреді.

Үйге тапсырма . Топырақ түрлері тақырыбын оқып келу.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Ордабасы ауданы

Шұбар елді мекені

«шұбар» жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

Топырақ түрлері.Дүниетану пәні

2- сынып

өткізген: Жолдас роза жарылқасынқызы.



© 2010-2022