Қызғалдақ пен қарасора (мысал). С. Сарғасқаев

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ана тілі 2-сынып Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора (мысал). С.Сарғасқаев Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. 2. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларды сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлануға үйрету. 3. Топпен жұмыс, әңгіме кестесі, болжау стратегияларын пайдаланып, өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету. Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қасиеттерден (қызғаныш, мақтаншақтық) аулақ болуға тәрбиелеу. Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, әңгіме кестесі (салыстыру кестесі), көрнекілік стратегияларын пайдалану. Сабақтың көрнекіліктері: ватман қағаз, сюжетті суреттер, қосымша кітаптар, суреттер, дәрілік шөптер. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырма - Әбдрахман Асылбековтың "Түлкі мен тиін" мысалын дұрыс түсіну, мәнерлеп оқу және мысалды болжау стратегиясы бойынша өзгертіп, 99 айлалы қу түлкіні өлімнен құтқаруға (түлкіні ақылды етіп суреттеу арқылы) әңгіме жазу, өздерінің суретін салып салып келу берілген. Оқушылардын тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап алынады, мысалды оқиға желісіне қарай бөліктерге бөліп әңгімелейді. Рольмен оқыту. Түлкі мен тиінге мінездеме беру. Әр оқушы өз әңгімесін оқып, салған суреті туралы айтып береді. Болжау стратегиясы арқылы жазған, салған жұмыстары талданады, тексеріледі. Жаңа сабақ: Оқушыларға мақтаншақтықтан басқа адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білетіндіктері жайлы айтқызу. Ақын туралы т.б. мақал, қанатты сөздер, Абай Құнанбаевтың өсиетті сөздерін (Бес асыл іс) еске түсіріп айтады (оқулықтарды жаптыру). Енді "Қызғалдақ пен қарасора" атты мысалды оқимыз. Бұл жаман әдеттің бірін сынауға арналған, мысалдың авторы Сансызбай Сарғасқаев туралы қысқаша мағлұмат беру, мысалдың қара сөзбен жазылғаны туралы айту. Қызығушылықты ояту:

- қызғалдақ

- қарасора

- өсімдік

- өсімдік

- гүл

- шөп

- әдемі, хош иісті

- иісі жоқ

- көктемде шығады

- көктемде шығады

- қызыл, сары

- жасыл, көк

- ауа, су, жарық, жылу керек

- ауа, су, жарық, жылу керек

- үйде, далада өседі

- далада өседі Білгенімізді тізіп айттық, енді мысалды оқимыз. Оқулықтың 85-бетін ашамыз. Мұғалім мысалды мәнерлеп оқиды, суреттерді көрсетеді. Сендерге ұнады ма? Сұрақ-жауап арқылы талдау жұмысы. Мысалды талдау. Мысал не туралы? Оқушылардың өздеріне іштей оқыту, одан кейін рольмен оқыту. Мағынаны тану: v, +, -, ? белгілері бойынша жұмыс істеу. Оқушылардың түсінбеген сөздерін, сөз тіркестерін, сөйлемдерін -, ? белгі бойынша сұраймын. Мысалы, Сұлутөр, үшкір-үшкір, күреңденіп, жыртып тастады т.б. сөздерге түсініктеме беріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі. Сергіту сәті: Отырайық жүрелеп, Гүлді үзіп алайық. Орнымыздан түрегеп, Басқа гүлге барайық. Ой толғаныс: Топпен жұмыс. І топ: Қызғалдаққа мінездеме беру. Сендер қызғалдаққа ұқсағыларың келе ме? Неге? ІІ топ: Қарасора сендерге ұнай ма, жоқ па? Оған ұқсағыларың келе ме? Неге? ІІІ топ: Қандай дәрілік шөптерді білесіңдер? Неге олар дәрілік шөптер деп аталады? ІV топ: Қызыл кітапқа енген қандай өсімдік, аң, жануарларды білесіңдер? Қызғалдақ қызыл кітапқа енген бе? V топ: Қандай гүл түрлерін білесіңдер? Атаңдар. Әр топқа 5 минут, топ басшысына 1,2 минут уақыт беріледі. Топпен жұмыс талданып болған соң "Салыстыру кестесімен жұмыс істейміз". Тақтаға ватман қағаз ілінеді. "Әңгіме кестесі" 1. Мысалдың аты "Түлкі мен тиін" Қызғалдақ пен қарасора 2. Авторы Ә.Асылбеков С.Сарғасқаев 3. Оқиға орны - орманда Далада 4. Кейіпкерлер - түлкі мен тиін Қызғалдақ пен қарасора 5. Не үшін мақтанды? Қулығымен жеу үшін Қызғанышпен 6. Кімдікі дұрыс? - Тиіндікі Қызғалдақтікі 7. Кейіпкер несімен ұнады? Неге? - Тиін ақылдылығымен Қызғалдақ әдемілігімен, қарапайымдылығымен 8. Мысалдың соңында не болды? Түлкіні қасқыр жеп қойды, өйткені түлкі ақылды болғанда қасқырдан құтылар еді Қарасораны диқандар жыртып тастады, қарасораның іші тар 9. Мазмұнының идеясы қандай? - Ақылды болу керек, мақтаншақ болмау керек. Қызғаншақ болмау керек, қарапайым да әдемі болу керек. Екі тақырыпқа байланысты 9 сұраққа оқушылар жеке іздене отырып жауап береді. Топтасып ой қорыту: Бірінші мысал ақылды болуға, ал екінші мысал қарапайым, әдемі болуға үйретеді екен. Әдемілік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Мақал-мәтел, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың алған білімін пысықтау. Бағалау. Үйге тапсырма: "Менің гүлім" атты әңгіме жазу, суретін салу, мәтінді мәнерлеп оқу тапсырылады. Сөздік дәптермен жұмыс.



© 2010-2022