Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік туы бізге аманат! 1-4 кл

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Кеңсахара орта мектебі

Утегенова Жайнагуль Ибадулловна

Тақырыбы: Тәуелсіздік туы бізге аманат!

Жүргізушілері: Бекболат Жанар мен Алиханов Мұхаметалып

Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік туы бізге аманат! 1-4 кл

Мақсаты : Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш - қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар Тәуелсіздік күні құтты болсын!


Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын - сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні - қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар - намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан - жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Ашық тәрбие сағаты Тәуелсіздік туы бізге аманат! 1-4 кл
Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!
Бір минут үнсіздік.

(М.Шахановтың қара сөзін тыңдау)


Мереке бүгін ұлы күн

Бабалар рухы көксеген

Азатты елдің ұлымын

Теңескен төбем көкпенен

Мереке бүгін бақ күні

Егеменді елімнің

Желбірейді көк туы

Түсіндей боп көгімнің

Шырқалады шарықтап

Асқақ үнді -Әнұран

Көңіл құсы қалықтап

Шаттана бір қол ұрам

Еліммен бірге тілегім

Туған жер-алтын тұрағым

Жатқа да айта білемін

Елімнің Әнұранын.

(Әнұран шырқалады)

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаның бастауы.

Ән: ХОР «Елім менің»

Қоғам құрған жаңартып

Азат елміз егемен

Ешкімге көз алартып

Ешкімге «әй» демеген

Бейбіт еңбек сүйерім

Татулық, бірлік, береке

Шалқыған шаттық күйлерім

Әр күнім табыс мереке!

Жасасын, жаса Азат күн

Жасасын бейбіт ел, су,жер!

Бостандық алған қазақтың,

Мәртебесін көрсін ел.



2-жүргізуші:
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,
Олжа емес салбырап түскен көктен.
Қуаныш аралас қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы кеткен.


Күн болды бұл керемет

Ақ түйе қарны жарылған.

Ел болдық шүкір не керек

Әлемге аты таңылған.

Тойланып мың мереке, ұлыс күні,

Құйылған шаңырақтың ырыс нұры.

Халқымның бақыты үшін аз байлық па,

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

Ең бірінші бақытым-халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Шексіз-шексіз, қиырсыз, ұлы дала,

Шуақ болып шомылмай жылына ма?

Сүй Отанды, шынымен сүйіп өт те

Гүл боп қадал ойына, қырына да.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.


1-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
2- оқушы:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып - жойып таптады.
Сонда елімнің ұл - қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
3- оқушы:
Жалғыз Отан -адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат - нағыз ердің бірі еді ғой.

5- оқушы:
Желтоқсан - тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар - ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

Тәуелсіздік -достығымыз

Тәуелсіздік-ел бірлігі.

Тәуелсіздік -ертеңіміз

Ұрпақтармен жалғасатын.

Тәуелсіздік-ата жолы,

Болашаққа нық басқан.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Біздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деген: «Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болады, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз»

ЕКЕУІ БІРГЕ: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейәк, ағайын!

Хор: «Атамекен»

Ел Тәуелсіздігінің 23 жылдығы құтты болсын!

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті халқымызға бақ қонып,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады,

Сан армандар іске асты ойыңдағы.

Терезесі тең елдер қатарында

Салтанатпен өтуде тойың-дағы.

Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік,

Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп,

Азаматтар ақтады сеніміңді

Талай істе танытты кемеңгерлік.


Желтоқсан

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары Қанды мұзда талай қазақ сыздады. Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға Азап шекті қайсар қазақ қыздары. Талай қазақ қыздарын да тоңдыра, Талай қазақ гүлдерін де солдыра, Ел билеуге алып келді Колбинді Қазақ ұлы Қонаевтың орнына. Егемендік - бұл елімнің елдігі, Егемендік - барлық ұлттың теңдігі. Егемендік - елін, жерін қорғаған, Ербол менен Қайраттардың ерлігі. Желтоқсаным - тәуелсіздік тірегі, Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі. Есте сақтап ағалардың ерлігін, Жүректерге сақтау керек үнемі.



Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!

Ендіктерді аралап еркін дүбір,

Алаулатты керемет көркіңді нұр.

Алақайлап аспанға атып тұрып,

Берекелі бастағы бөркіңді бір...

Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат, Қазақ жері азат, Қазақ ері азат,

Бұдан нұрлы шақ бар ма?

Бұдан асар бақ бар ма? Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын! Әдіптеді арманды әуелгі үміт, Кекете алмас қазақты жау ел күліп... Тәуелсіздік туындай биік еңсең, Кетті бүгін келмеске тәуелділік... Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын! Қазақ елі азат, Қазақ жері азат, Қазақ ері азат, Бұдан нұрлы шақ бар ма? Бұдан асар бақ бар ма?! Қуан, қазақ! Күн

© 2010-2022