Ана тілінен қысқа мерзімді жоспар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілінен қысқа мерзімді жоспарПәні: Ана тілі

Класс: 1 «А»

Күні: 18.01.2016ж

Сабақтың тақырыбы

Дауысты дыбыс әріптері. Тоқылдақ

Оқытудың негізгі мақсаттары

Оқушыларға дауысты дыбыстардың жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беру. Оқушылардың суретпен жұмыс жасауы арқылы сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу, көркем жазу дағдысын жетілдіру. Табиғатты сүйіп, құстарды аялай білуге баулу, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

Дауысты дыбыс әріптерін біледі. Сөйлемдердегі дауысты дыбыс әріптерін табады. Мәтінді оқып, түсінгендерін айтады. Құстарға қамқорлық жасай білуді үйренеді.

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Өткен тақырыптарға шолу жасау, ой қозғау, қызығушылығын арттыру, мәтінді оқу, дыбыстық талдау жасау, ойын.

Оқыту ұшін бағалау

Сабақтың критерийлерін пайдалана отырып, қол жеткізген табысын бағалайды, түсінбегенін кері байланыс арқылы береді.

Тақырыптарды үйренудегі кедергілерді жеңу

Сөздік қорын молайту. Бірін-бірі тыңдай білу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Аспанға қарап, ай көрдім,

Төмен қарап, жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдім.

Қимылдар арқылы психологиялық ахуалды қалыптастырады

Үйге қандай тапсырма берілді?

«Кубик лақтыру» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау

  1. Қыс айларын атаңдар

  2. Қыс мезгіліндегі ауа-райы

  3. Қысқы ойын түрлері

  4. Қысқы еңбек

Ж. Аймаутовтың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу

  • Алдарыңдағы не?

  • Әріптер жиынтығын не деп атаймыз?

  • Алфавитте әріптер неге қызыл,көк,қара түсті?

  • «У» дыбысы неге жартылай қызыл, жартылай көк түсті?

  • Әріптер

  • Алфавит

  • Қызыл-дауысты, көк-дауыссыз, қара-таңбалар



  • «У» дыбысы кейде дауысты, кейде дауыссыз

2. Жаңа сабақ

Тақырыбы: Дауысты дыбыс әріптері. Тоқылдақ

Ауа өкпеден кедергісіз шығып үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

Дауысты дыбыс әріптері: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, (у), ю, я, ё, э

3. Оқулықпен жұмыс

11-жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жазу.

Торғай, жем деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.

Оқушылар оқиды, жазады, сызады.

Сергіту сәті

Қимылдармен көрсетеді

4.Қызығушылығын ояту

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ соғады

Жұмбақты шешеді

5.Мәтінмен жұмыс

  • Ағаш діңі дегеніміз не?

  • Тоқылдақты неліктен «орман емшісі» дейді?


Мәтінді тізбектей оқиды.

  • Ағаштың сыртқы қабаты

  • Зиянды жәндіктерді жейді

6.Жеке жұмыс

Парақшаларға құстардың атын жазамын

Дауысты дыбыстардың астын сызу

7. Топпен жұмыс

Құстардың суреттерімен жұмыс

Әр оқушы құстар туралы өз білгендерін айтып, ойларын ортаға салып, сөздік қорларын молайтады.

8. Қорытындылау

9. Бағалау

Өзін-өзі бағалайды

10. Үйге тапсырма

12-жаттығу. Тоқылдақ мәтінін оқу



Бекітемін: ___________ Тексерілді________ ӘБ жетекшісі_______

Мектеп-балабақша директоры Оқу ісінің меңгерушісі Тайбагарова А.М.

Мултыкбаева Р.А. Исаева Ж.П.

Сабақтың тақырыбы:

Ана тілі

1 класс

Пән мұғалімі: Медетова А.А.





2016 оқу жылы

© 2010-2022