Оқу іс-әрекеті «Біз сендерді ренжітпейміз»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу іс-әрекеті «Біз сендерді ренжітпейміз»Оқу іс-әрекеті «Біз сендерді ренжітпейміз»«Айгөлек» балабақшасы МКҚК Оқу іс-әрекеті «Біз сендерді ренжітпейміз»

« 8 » қараша 2012ж.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы __ересек «Ә» тобы Тәрбиешісі _Жумабекова С.Б.

Білім беру саласы: Таным

Кіші сала: Қоршаған ортамен

таныстыру, экология, көркем

әдебиет, дене шыңықтыру,

валеология

Тақырыбы: Біз сендерді ренжітпейміз

Мақсаты: Барлық тірі жанның, өсімдіктердің адам үшін маңызы зор екені жайлы білім беру. Табиғатта болатын әр түрліжағдайда, жалпы табиғатта өзін қалай үстау керектігі туралы ережесімен түсіндіру.

Көрнекі-құрал:хат, суреттер, түрлі-түсті кегли, қарындаш, сөмке, жаңғақтар

Қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ынталандыру-оятушы кезең.


Тосын сый:

Таңертеңгілік шеңбер.

Армысыз, қайрымды Аспан-ата.

Армысыз, мейрімді Жер-ана!

Армысыз, шұғылалы Нұрлы-Күн.

Армысыз, балабақша, дос-жаран.

Армысыздар, құрметті апайлар.

Есік қағылып, хатты пошташы әкеледі.

Балалар шеңбер құрып тұрады, тәрбиешімен бірге қайталайды.

Таңғалады, қызыға қарсы алады.


Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең.




Рефлексивті-түзетуші кезең.

Әңгімелесу

Тәрбиеші хатты оқиды:

-Балалар, маған сендердің көмектерің керек. Мен орманға жаңғақ теруге шықтым, бірақ жолда көп қателер жасадым.Сол қателер үшін мені орман Қожайыны орманда қалдырды. Егерде сендер сол қателерді дұрыс үстасаңдар, мені орман Қожайыны жібереді. Көмектесіңдер, үйге барғым келеді.

Торай.

-Не істейміз? Қалай Торайды үйге қайтарамыз?

Жолға шығады.

-Мен Торай қай орманда екенін білемін. Ол шағын орман, онда емен ағашы бар. Торай сол орманға жаңғақ теруге барған ғой. Мен жолды білемін жүріңдер.

Шағын орманға келеді, жолда төмпішіктерді кездестіреді. (Аяқ массажы)

Оқу іс-әрекеті «Біз сендерді ренжітпейміз»


1)Ағаштарға келеді, назарын сыңған бұтаға аударады. Не істейміз?

Балалармен бұтаны байлаймыз.

Неге ағашты сындаруға болмайды?

-Сендер тағы қандай ағаштар білесіңдер? Кейбір ағаштар инелерімен қорғанады. Қандай ағаш адам ға у, ал жануарларға дәрі. Ағаштың адамға деген көмегі көп, сондықтан біз тиуге болмайды деген белгі қоямыз.

Оқу іс-әрекеті «Біз сендерді ренжітпейміз»


Ойын «Ағашты танып, ата»

Мақсаты: Ағашты жапырағынан, түқымынан біліп, ажырату.

-Қане, қатарға түрып жолымызды жалғастырайық. Жолымыз қысқарақ болсындеп мен сендерге жұмбақ жасарайын

2)Өз қалпаған жасынан тастамайды басынан. (саңырауқұлақ)

Дұрыс, сендер қандай саңырауқұлақтарды білесіңдер?

-Балалар, Торай бұл жерде де болған ғой, себетті қараңдар. Қалай ойлайсындар саңырауқұлақты қалай теру керек? Неге? Улы саңырауқұлақтарды жоюға болама? Неге?

Керекті мағлұмат: Адамға шыбынжұт зиянды. Бірақ орман тұрғындарына ол дәрі және тамақ. Мысалы: егерде бұлан (лось) ауырып қалса, ол орманда шыбынжұтты тауып алап жейді, солай емделеді. Онымен сауысқан тағы басқа құстарда емделеді. Сондықтан біз тиуге болмайды деген белгі қоямыз.

Ойын «Орманға зиян тигізбе»

Мақсаты: шапшаң, епті болуды үйрету.

Ойын шарты: Жерде тұрған кеглилерді жинау. Қызыл түсті - шыбынжұтты құлатпай, басқа түстерді -жейтін саңырауқұлақтарды жинау.

Алаңқайға жеттік. Жылаған дауыс естілді, балалардың назарын өрмекшінің торына аудару. Торай өрмекшіні де ренжітіп торын бұзып кетіпті. Көп адамдар өрмекшіден қорқады, оларды зиянды деп ойлайды. Бірақ олар адамға зиян тигізбейді. Өрмекшінің қандай пайдасы бар?

Тиуге болмайды деген белгі қояды.

Балалардың назарын торлы дорбаға аудару, онда Торайдың аулаған көбелегі бар. Оның қанаттары зақымданған. Балалар көбелекті гүлге отырғызып, себеттегі шегірткені аяғын байлап шөпке жібереді.

Малика көбелек туралы тақпақ оқиды:

Көк көйлек, көп көбелек!

Гүл көрсе күлімдейді,

Қолыма ілінбейді.

Көк шөптің арасынан

Түр-түсі білінбейді.

-Егерде жәндіктер жойылса не болады?

-Балалар, біз орманның шетіне де жеттік, бірақ Торай көрінбейді. Көл жақын сияқты: ылғалы жер, самал жел соғып тұрған сияқты. Бұл жерде де Торай болған, қараңдар: таяқпен жылан бастырылған, банкаға бақаны салып қойған.

Табиғатта керек емес ештеңе жоқ, барлығының өз орны бар. Мысалы: жыланның уынан керекті дәрілер жасайды.Егерде жыланға тиіспесеңдер оларда сендерге тиіспейді. Қазақта ырым бар: жылан үйге кіріп кетсе, басына ақ құйып шығару керек. Бақа, құрбақалар түңгілікте шығып көптеген маса, шыбындарды жейді. Сондықтан бақаларға, жыландарға тиісуге болмайды. Белгі қойылады.

Оқу іс-әрекеті «Біз сендерді ренжітпейміз»


Керекті мағлұмат: Батыс Африкада ең үлкен бақа бар - Галиаф атты, оның салмағы 3 кг, ал созылғанда ұзындығы 80 см. Ең кішкентай бақа Бразилияда өмір сұреді, оның ұзындығы 8,5см.

Торай келеді.

-Торай, сені қалай орман Қожайыны жіберді?

-Сендерге көп рахмет, қателерімді дұрыс үстадыңдар. Енді мен барлығын түсіндім,бұл қателерді қайталамаймын.

-Біз саған «Экологиялық бағдаршам» кітабын сыйлаймыз. Келесіде орманға барғанда бұл қателерді қайталамауға.

Торай: Рахмет, мен сендерге орман Қожайынынан емен жаңғақтарын сыйлаймын.Оларды жерге отырғызсаңдар емен ағашы өседі.

Сабақты жұмбақтармен қорытын дылау

Балалар өздері сабақта кездескен кейіпкерлерді жұмбақ арқылы айтады.

Жазда да, қыста да,

Өзгермейтін бір түсте (шырша)

Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен (құмырсқа)

Мұқият тыңдайды, көмек беруге келіседі

Оның қателерін дұрыс үстау керек.

Балалар төмпішіктерден жалаң аяқ өтеді




Ағашқа көмек береміз, бұтаны байлау керек.

Ағаштар көлеңке береді, ауа тазартады, шаң үстайды.

Қайын, терек, үйеңкі, емен, шырша, қарағай

Қасқыр жидегі

Балалар қызыға қатысады

Оқжаңбырық, қарасаңырауқұлақ, терекқұлақ, шыбынжұт, арамқұлақ (поганка)



Ойынға қызыға қатысады

Өрмкешінің торларына маса, шыбындарды аулайды. Егерде маса, шыбындар көбейіп кетсе адамдардың мазасын алады.


Құстар, балықтар, бақалар тамақсыз қалады.

Жыланды таяқтан босатып, бақаны көлшікке жібереді.




Мұқият тыңдайды

Қуана қарсы алады.


Балаларға емен жаңғақтарын сыйлайды.

Балалар жұмбақтардың шешімін табады.

Күтілетін нәтиже:


БІЛУ КЕРЕК: ____Өсімдіктерді, жәндіктерді ажырата білу .

БОЛУЫ КЕРЕК: __Табиғат туралы түсінік. .

ІСТЕЙ БІЛУІ КЕРЕК: Жалпы табиғатта өзін қалай ұстау керек білу .



Әулиекөл ауданының әкімдігінің «Айгөлек»

Әулиекөл балабақшасы МКҚК


Оқу іс-әрекеті «Біз сендерді ренжітпейміз»



















Ересек «Ә» тобы









Тәрбиеші: Жумабекова С.Б.


2012 жыл

© 2010-2022