Тема: Өсімдіктер дүниесі 4-класс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж Сабақтың мақсаты: өсімдіктердің пайдасы олардың адам өміріндегі маңызы туралы ұғым. Табиғатты қорғауға, өсімдіктердің пайдасын, қасиетін білуге, оны қорғауға тәрбиелеу. Сөздік қорларын толықтыру, ой-өрістерін кеңейту, адамгершілікке қалыптастыру. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, Қызыл кітап, слайд Сабақтың әдісі: тусіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу Сабаққа әзірлеу
  1. Үй тапсырмасын тексеру
  • Өткен сабақта нелер туралы оқыдық?
  • Өсімдіктер туралы
  • Біздің елімізде өсімдіктердің неше түрі өседі екен?
  • Ғалымдардың есептеуі бойынша 6 мыңнан астам өсімдік түрі өседі екен
  • Өсімдіктер неше топқа болінеді екен?
  • Үш топқа: ағаштар, бұталар, шөп текті өсімдіктер
  • Өсімдік қандай табиғатқа жатады екен?
  • Тірі табиғатқа: оған ауа, қорек, ылғал, жарық, жылу керек
  • Өсімдіктер неше түрге бөлінеді?
  • Екі түрге,жабайы және мәдени өсімдіктер
  • Мәдени өсімдіктерге нелер жатады?
  • Адам қолымен күтіп - баптап өсіретін өсімдіктер
Мұғалім табиғат көркі бейнеленген суретті көрсетіп сұрайды.
  • Әсем табиғат көрінісін жырлаған Ұлы ақын кім?
Хормен: Абай Құнанбаев
  • Ол кісінің көктем туралы өлеңін кім оқып береді?
  • Жазғы тұрым қалмайды қыстың сызы
  • Масатыдай құлпырар жердің жүзі
(қол соғып қошеметтейді) III. Мақсат қою кезеңі
  • Балалар, бүгінгі сабақта біз қоршаған ортаны қорғап күту керектігін, өсімдіктер әлеміне қамқорлық қажет екендігін оқып білеміз.
  • Сабағымыздың тақырыбы: өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі 1. Оқулықта берілген мәтіннің мазмұнын айту. 2. Еліміздің әсем табиғатын, өсімдіктері мен аң-құстарын сақтау үшінмемлекеттік қорықтар мен ұлттық паріктер құрылған.
  • Ақсу - Жабағылы
  • Алматы
  • Наурызым
  • Барсакелмес
  • Қорғалжың
  • Марқакөл
  • Үстірт
Біздің Түргеннің де әсем табиғаты мен аң-құстарын сақтау үшін ұлттық парк құрылған.
  1. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан 2050 стратегиялық жолдауында табиғатты корғау, аң-құстарды сақтау, ағаш отырғызып, гүл егіп, айналаны көгалдандыру керектігін баса айтты. Осыған орай «Тауелсіздігіміздің 20 жылдығына 20 мың ағаш отырғызу» деген акциясы болып өтті. Үйіміздің айналасына , көшемізге ағашты көптеп отырғызуымыз керек.
  2. Оқушылардың оқу жылдамдықтарын тексеру «Моншақ» ойынын ойнату. Мәтінді тізбектеп оқыту.
V. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
  • Біздің елімізде өсімдіктер қалай корғалады?
  • Қызыл кітап деген не?
  • Қорықтар не үшін керек?
  • Өсімдіктердің таза ауа, әдемілікпен бірге қандай маңызы бар?
Дәрілік маңызы бар.
  1. Дәптермен жұмыс. (қорықтардың атын жаздыру)
VI. Бекіту кезеңі
  • Өсімдіктерді қорғау үшін сендер не істер едіңдер?
  • Күн, ауа, су, топырақ - бұлар тіршілік көзі. Таза болуын қадағалар едім.
  • Мен ағаштарды көп егемін. Жасыл желкендерді күтемін. Жұлып, кесіп сындырған адамдарды тәртіпке келтіремін.
  • Табиғатты аялау - бұл бүкіл адамзаттың міндеті. Оған бізде үлесімізді қосамыз.
  • Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік! Бір - бір ағаш егейік. Текке отырмай жасымыз бен кәріміз. Таза ауа үшін терімізді төгейік.
  • Өзіміздің отырған - тұрған жеріміздің тазалығын сақтайық.
Мұғалім: балалар кім Т. Молдағалиевтің «Гүлдер» өлеіңн айтып береді? Бір оқушы жатқа айтып береді. Бағалау. Оқушыларды 4-5 ке бағалап, мадақтау. VII. Үйге тапсырма Мәтінді оқып, өсімдіктерді қорғау жөнінде өз ойларын әңгімелеп жазып келу.




© 2010-2022