Сөйлем мүшелері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:29.10.13 Мектеп меңгерушісі: Пәні: Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сөйлем мүшелері жайлы ұғым; сөздердің сөйлем ішіндегі

грамматикалық байланысы.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік:Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру; зеректікке, ұқыптылыққа, ақылдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: ашық сабақ. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.

Көрнекілік: сөйлемдер жазылған плакат, суреттер,топшамалар. Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ.Жаңа сабақ

IV.Жаңа сабақты бекіту

V. Қорытындылау

VI.Бекіту

Ұйымдастыру кезеңі: а)Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындақ.

ә)Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақпен байланыс:Балалар біз өткен сабақта «Сөйлем» тақырыбын өткен болатынбыз. Қане, сол тақырыпты қайталап өтейік. Сөйлем дегеніміз не?

(Сөйлем сөздерден құралады және аяқталған мағыналы ойды білдіреді. Мысалы, Азамат кітап оқыды. Еркебұлан далада ойнап жүр, т.б.) Жаңа сабақ. Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  1. Сөйлем мүшелері жайлы ұғым.
  2. Сөздердің сөйлем ішіндегі грамматикалық байланысы.
  3. Ережемен таныстыру.

Сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз:

кім? немен? не істейді?

Мысалы: Айдын бормен жазды.






ДСөйлем мүшелеріәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті --------------------------------------------------------------------------- (Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі). - Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түседі. - Белгілі бір сұраққа жауап береді. 1-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы;

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты көздесең,

Жаттап, тоқы көңілге. Өлеңдегі әрбір сөзге сұрақ қой? 2-жаттығу. Мәтінді оқы, көшіріп жаз. Шекарашылар күзетте тұрады. Олар еліміздің шекарасын қорғайды. Шекарашылар - ер жүрек батырлар. Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықта. Сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жаз. *Шекарашылар туралы әңгімелету. Сергіту сәті. Ойын ұйымдастыру. «Ұйқасын тап» ойыны. Мұғалім кез келген сөзді айтады. Ал оқушылар сол сөзге ұйқас болатындай бірнеше сөздерді айтуға тиіс. Мысалы: Серік-керік-берік-т.б. Самал-жамал-қамал-марал, т.б 3-жаттығу.Екі сөзден жасалған сөйлемдерді оқы.

Асқар келді. Дана ойнады. Қойлар жайылды. Құлын ішті. Қыздар терді,

1. Тиісті сөздерді қосып, әр сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің санын арттырып жаз. 2. Сөйлем мағынасында болған өзгерістерді аңғар.

3. Керекті сөзер; доп, атпен, су, өрісте, гүл. 4-жаттығу. Көшіріп жазып, әр сөйлемде неше сөйлем бар екенін айт.

Мәлік Ғабдуллин - ғалым. Ол соғысқа қатысты. Өзінің ерлігімен ерекшеленеді. Оған батыр атағы берілді. Соғыстан соң ол халқына қызмет етті.

Сөйлем мүшелеріне сұрақ қой. Әр сөйлемдегі сөз саны мен мүшелерінің саны бірдей ме? *Мәлік Ғабдуллин туралы тағы не білесің?
5-жаттығу.Жұмбақты оқып, шешуін табу. Мұзда жылдам сырғанайды, Тебе білген құламайды. (Коньки) *Алғашқы сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін тапқызу.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау. Сөйлем мүшелері
НСөйлем мүшелеріақты сұраққа Сөйлем мүшелері бір - бірімен жауап береді байланысты болады.
Бекіту: Әрбір оқушыға сөйлемдер жазылған топшамалар таратылып,
Үйге тапсырма: 6,7- жаттығулар. Ереже жаттау. Бағалау.
















Айтиев бастауыш мектебі
















Ашық сабақ



Сөйлем мүшелері














Өткізген:Есеналин Ж.Г







2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022