Қазақ тілінен сайыс сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс

Мақсаты: Тіл мерекесіне арналған мерекеге байланысты мектеп ұстаздары арасындағы сайыс, орыс тілді ұстаздардың мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуу.

1-жүргізуші:

- Қайырлы күн! Армыссыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші:

- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі», «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту-баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.

1-жүргізуші:

Қуан далам, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін.

Тіл туралы Заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қазақ тілі

Ұрпақтар талайының

Сен тілісің

Адамзат Абайының

2-жүргізуші:

22-қыркүйек «Тілдер күні» екенін баршамыз жақсы білеміз. Сондықтан осы мереке қарсаңында мектеп ұстаздары арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты мерекелік сайыс өткізгелі отырмыз.

1-жүргізуші:

Бүгінгі өтетін сайысымыз жеті кезеңнен тұрады.

  1. Танысу

  2. «Мақал сөздің мәйегі» (отан, тіл, денсаулық, білім) туралы мақал-мәтел айту. Қай топ көп мақал-мәтел айтса ұпай да көбірек беріледі.

  3. Үй тапсырмасы. (диалог құрасытыру)

  4. «Дода» әр топқа 20 сұрақ қойылады. Топ басшысы немесе топ мүшесі жауап береді.

  5. «Ұлттық тағам» Әрбір топ өз еркілерімен қазақтың ұлттық тамағын пісіріп, тамақтың құрамын қазақша айтып түсіндіреді.

  6. «Тапқыр» Әр топқа сұрақтар беріледі. Топ мүшелері әріп таңдайды, сол әріптен басталатын сөзбен жауап береді.

  7. Мемлекеттік тілде ән шырқау( мәнерлеп өлең оқу немесе ән шырқау)

1-жүргізуші:

- Ал енді әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.____________________________________________________

2._____________________________________________________

3. _________________________________________________________

2-жүргізуші:

- Сонымен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. «Жүздің жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген бар. Олай болса, сайысымыздың алғашқы кезеңінен бастайық. Алғашқы кезең «Танысу» болғандықтан, сөз кезегін командаларға берейік. (Әр команда өздерінің атын, ұрандарын айтады).

1-жүргізуші:

ІІ кезең

«Мақал сөздің мәйегі» дегендей, келесі кезекті мақал-мәтелдерге береміз. Ендеше, кім Отан, тіл, достық тақырыбына байланысты мақал-мәтел білетін болса, айтуға болады. Кәне, кім бастайды?

( Әр команда мүшелері өздері білетін мақал-мәтелдерін оқиды. Әділ қазылар қай команда көп айтқанын жазып, белгілеп отырады).

ІІІ кезең. Үй тапсырмасы (диалог құрастыру).

2-жүргізуші:

Кезең үй тапсырмасына да жетті. Үйге сендерге кез-келген тақырыпқа, яғни, қалауы бойынша диалог дайындап келу керек болатын. Ендеше сөз кезегін өздеріңе берейік, (Әр команда өздерінің қалауы бойынша диалог дайындап келеді).

2-жүргізуші:

Келесі 4 кезең «Дода» деп аталады. Команда мүшелері сұраққа тоқтаусыз жылдам жауап берулері керек.

  1. Қазақстанның президенті кім?

  2. Қазақстаннның астанасы?

  3. Қазақстанның алғашқы астанасы?

  4. Наурыз айында неше мереке бар?

  5. Қыста не жауады?

  6. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

  7. Күздің бірінші айын атаңдар?

  8. Қазақстанның туының түсі қандай?

  9. Қай қалада тұрасың?

  10. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

  11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

  12. Мақалды жалғасытырыңдар: «Отан.... басталады»

  13. Абайдың әкесі?

  14. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

  15. Ұлы Отан соғыс қашан болды?

1-жүргізуші:

ІІ командаға

  1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

  2. Абай Құнанбайұлының шын аты кім?

  3. Абайдың неше қара сөзі бар?

  4. Жамбыл Жабаев неше жыл жасаған ақын?

  5. Орал қаласының әкімі кім?

  6. күріш өсіретін қала?

  7. Алматыда не өседі?

  8. Қыс айларын ата?

  9. Бір аптада неше күн бар, атап бер?

  10. Жұма қандай күн?

  11. «Мұғалім » сөзіне синоним табыңдар?

  12. «Ұзын» сөзінің антонимі?

  13. Жазда адамдар не істейді?

  14. Төрт түлік малды ата?

  15. Қазақтың тұңғы ғарышкерін ата?

2- жүргізуші:

ІІІ командаға

  1. Қайда жұмыс жасайсың?

  2. Наурыз мерекесінде не пісереді?

  3. Тіл мерекесі қай күн?

  4. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  5. Отан дегеніміз не?

  6. Бір тәулікте неше сағат бар?

  7. Бір жылда неше күн бар?

  8. Қазақ тілінде неше септік бар?

  9. 22-қыркүйек қандай мереке?

  10. Қазақ қыздарына мектеп ашқан кім?

  11. Қай пәннен сабақ бересіз?

  12. Денсаулығың қалай?

  13. Жеміс-жидекті жақсы көресің бе?

  14. Жараф сөзінің қазақша баламасы?

  15. Қазақстан Республикасының туының түсі қандай?

1-жүргізуші:

5 кезең.

Ұлттық тағам.

Әр команда өздерінің дайындап әкелген ұлттық тағамдарын қорғап, жасалуын түсіндіреді.

6 кезең.

Келесі кезеңіміз «Тапқыр» бұл кезеңде мына жерде тұрған әріптерді команда мүшелері таңдап алады, қойылған сұраққа осы әріп бойынша жауап береді.

І командаға:

1. Сенің шашың қандай?

2. Қазақстанда қандай жануарлар бар?

3. Сенің сыныбың қандай?

4. Сабақ үстінде оқушыларға анекдот айтуға бола ма?

5. Сыныбың әнді қалай айтады?

6. Көктемде күн қандай болады?

7. Оқушылармен бірге шылым шегуге бола ма?

8. Ең сүйкімді оқушың бар ма?

9. Бос кезінде не істейсің?

10. Мектепте кітапханаға барасың ба?

11. Сенің оқушыларың қандай?

12. Үйге қашан қайтасың?

13. Қандай гүлді жақсы көресін?

14. Қыста адасдар не істейді?

15. Сабақты қалай түсіндіресің?

2-жүргізуші:

ІІ командаға

  1. Сенің көзің қандай?

  2. Жасың нешеде?

  3. Аспанда не бар?

  4. Досың қандай адам?

  5. Мектеп мұғалімдері қандай?

  6. Жеміс-жидекті жейсің бе?

  7. Ең жақсы көретін тамағың?

  8. Үйіңде кім бар?

  9. Ата-анаң неше жаста?

  10. Түнде аспанда нелер болады?

  11. Қандай елде тұрасың?

  12. Сенің сыныбыңда қандай балдар оқиды?

  13. Қайдан келдің?

  14. Елтаңбада не бар?

  15. Бүгін қандай күн?

1-жүргізуші:

ІІІ. командаға

  1. Досың кандай?

  2. Сағат неше?

  3. Туған күнің қашан?

  4. Бақшада не өседі?

  5. Мектепте қанша оқушы бар?

  6. Бастық болғың келе ме?

  7. Кім болуды армандайсың?

  8. Отанды сүйесің бе?

  9. Үйіңде неше адам бар?

  10. Қонақ қарсы алғанды ұнатасың ба?

  11. Үйге барғасын не істейсің?

  12. Ұйықтағанды жақсы көресің бе?

  13. Сабақ жоспарын күнде жазасың ба?

  14. Досыңның қай жері ұнайды?

  15. Көктемде күн қандай болады?

Осы кезең бойынша әділ-қазылар бағасын берсін.

2-жүргізуші:

Ең соңғы кезеңге жетіп қалдық. Яғни мемлекеттік тілде ән шырқау немесе мәнерлеп өлең оқып беру.

Қорытынды: Әділ-қазыларға сөз кезегі беріледі. Марапаттау, жеңімпаздарды анықтау.

Сөз кезегі мектеп директорына беріледі.

1-жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмей өскен-әңгүдік.

Өсер болсаң

Байтақ далам тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік! - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

2-жүргізуші:

- «Тілі төрдегі елдің- туы өрлі » дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін үнемі жоғары көтерейік!


© 2010-2022