Әліппе-білім бастауы ертеңгілігі (1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Әліппе- білім бастауы

І. Кіріспе (видео-слайд: Ғажайыпстанға саяхат)

ІІ. Мектеп әні (балалардың видеосы - фотоларымен, )

ІІІ. Сахнаға шығу (1 «А», 1 «Ә»)

ІV.Ертегілер әні (музыка ойналады)

V. Рахима (автор): Ерте, ерте, ертеде аспан әлемінің бір жағында «Күн» елі, бір жағында «Бұлт» елі өмір сүріп жатыпты. Екі елдің балаларына ортақ екі оқымысты білім береді екен. Екеуі екі елге қатынаудан қатты қалжырап, шаршапты. Екеуінің ойы тек біреу болыпты. Ол не болғанда да екі елді бір жерге біріктіру екен.
«Күн» елі мен «Бұлт» елінің балалары білімді, өнерлі, талантты болып өседі екен.
Екі оқымысты ол балалардың білімдерінің, өнерлерінің бастауы «Әліппе» екенін жақсы біледі. Бір күні олар әрі ойлап, бері ойлап мынадай шешімге келеді.

(1 - оқымысты): - Е, достым бұл екі елді тек білім мен өнер ғана қоса алады. Соны ескеріп бір нәрсе ойлап табайық.
(2 - оқымысты): - Оның дұрыс - ақ, әріптес. Олардың балалары жақында білім бастауы «Әліппемен» қоштасу кешін өткізеді.
1 оқымысты: - Олай болса, сол кешті екі ел бірге өткізсін деп ұсыныс айтайық. Олардың жаңалыққа әрқашан жаны жақын.
2 оқымысты: - Жарайды, қоштасу кешін «Жерде» өткізетінін айтып хабарлайық.
1 оқымысты: - Уа, «Күн» елі біз бір жаңалық айтқалы отырмыз. Биыл білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші «Жерде» болады.
2 оқымысты: - Уа, «Бұлт» елі білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші
«Жерде» болады.
Рахима (автор): Міне сөйтіп екі елді көндіріп, үлкен тойды «Жерде» өткізбекші болады. Екі елдің балалары бұл тойға ұзақ дайындалды.
Сөйтіп той болар күнде жетті. Балалардың қуанышында шек жоқ. Олар ұшып жерге де жетті. Бұл тойдың аяғы немен аяқталатынынан бейхабар еді. Оны алдын - ала болжамайық, одан да тойды бастайық.

. Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Әліппені бітіру-алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі.Ендеше біз бүгін сол белестердің бірінен астық, сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін-құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар-ортақ та салтанатты мереке.

VІІ.Құттықтау сөз- мектеп директорына беріледі+

VІІІ. Олай болса мерекені жүргізу тізгінін оқушыларымызға береміз.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ағайын!

2-жүргізуші: - Армысыздар, аналар!
Бармысыздар балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ.
Бүгінгі жыр әніміз

1-жүргізуші: Балалар, сендерге бір сұрақ қояйын-

Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Оқушылар: Болашаққа жол бастар

Ол сүйікті Әліппе!-2 рет

Дәулен: Әліппе өлеңі

2-жүргізуші: Олай болса бәріміз ең қымбат әліппені ортаға шақырайық.

Әліппе әнімен- Даяна

Әліппе: Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті достарым! Мерекелеріңіз құтты болсын! Мен сендерге құр қол келген жоқпын, ән шашуымды қабыл алыңыздар.

1-оқушы: Міне, біз бүгін барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі - Әліппені бітіріп отырмыз.

2-оқушы: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан сүйікті «Әліппемізді» бітірдік.

3-оқушы: -Мен енді өзім-ақ оқып, жаза аламын. Ертегі, әңгімелерді өз бетіммен оқитын болдым.

4-оқушы: Біздер көп нәрсе үйрендік : (барлығы қосылып) - кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды.

Кәусәр, Нұрсұлтан өлеңі

Ән: «Әліппе»

1-жүргізуші: Олай болса сүйікті Әліппемізді шығарып салайық!

(Музыка әуені)

Мадина: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ болып,

Сауатты болып шықты міне балаңыз!

(Музыка әуені, балалар сахнадан шығады)

2-жүргізуші: Балалар, осы біздер қандаймыз?

Гүлназ: Мың бұралған бишіміз!

Би: 1 «А» сынып оқушылары

Нұржан: біз қызықпыз-қызықпыз,

Сәл еркелеу бұзықпыз

Көрініс көрсету. «Әке мен бала»

Сахнада әкесі газет оқып отырады.Баласы сабақтан күнде екілік баға алады.Бір күні баласы есіктен жүгіріп келіп:

-Папа,папа мен бүгін бес алдым,-дейді.

-Қай сабақтан?

-Ана тілден-3 тік

-Дене сабағынан-2 лік

-Балам ау бұл жерде бес деген баға көріп тұрған жоқпын,алғаның 3-пен 2 не оттап тұрсың?-дейді.

-Ой папа 2 мен 3-ті қосқанда 5 болмай ма?Соны да білмейсің бе?

2-жүргізуші

Тал шыбықтай бойына

Әдемі көйлек жарасар.

Шақырайық ортаға

Биші қыздарыңызды

Ортада 1 «Ә» сынып оқушылары

Би: 1 «Ә» сыныбы

Оқушы:біз өнерліміз, жанып тұрған шырақпыз

Расул скрипка

2-жүргізуші: Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей,

Бақытты біздер баламыз!

1-жүргізуші: ортада әнші қыздарыңыз - Айдана мен Гүлназ және «Өнерпаз» тобы - бақытты балалық әнімен

Ұстаз жайлы тақпақ-3 оқушы

(Музыка әуені оқушылар ортаға шығады)

1-жүргізуші: Әліппе оқуға үйреткен әр күні

Мұғалім апай ғой- (бірге)

2-жүргізуші: Үйретіп санауды,

Көп еңбек сіңірген

Мұғалім апай ғой- (бірге)

Гүлдана: Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған.

Рахмет ұстаз алғашқы - (бірге)

Ән: Мұғалім ол біздің!

1- жүргізуші: Мектеп біздің екінші үйіміз, оқумен қоса ән айтып, домбыра да үйреніп жатырмыз.

Ән: Домбырасыз ән қайда?

2- жүргізуші:Мен-қазақ өлеңін

1- жүргізуші: Мен қазақ өлеңін

Соңы (Байболат): Біз қазақ елінің болашағымыз!

Оқушылар:

Б - Білімді бола білеміз.

О- Оқысақ озамыз.

Л- Лапылдап, лаулап, жалындап

А - Ата- ананың аманатын ақтап,.

Ш - Шаршамай шыңға шығамыз.

А - Ақылды адам болып.

Қ - Қазақстан жалауын көкке көтереміз!

Ән: Жаса мәңгі Қазақстан!

Мұғалім: Қадамдарың құтты болсын өрендерім

Шықтыңдар көңілінен көрерменнің

Па, шіркін мынау нағыз қазақ екен

Дегендей арта берсін өнерлерін

Құттықтау сөз оқу ісінің меңгерушісіне беріледі

Құттықтау сөз ата-аналарымызға беріледі.


© 2010-2022